Экологиялық тәрбие. ҰОҚ конспектісі: «Күшікке қонаққа барамыз»


Бужанова Сауле Куандыковна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні:24.07.2019ж.

Білім беру саласы: Денсаулық.

Білім бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Күшікке қонаққа барамыз

Мақсаты: шеңбер құру, шеңбер бойымен жүру, жүгіруге жаттықтыру, қос аяқпен бір мезгілде екпінмен серпіліс жасай білу дағдысын бекіту.

Міндеттері:

Білімділік:шеңбер бойымен жүруді.

Дамытушылық:60 секунд бойы тоқтамай жүгіру.

Тәрбиелік: жаттығуларды орындауға қызығушылықтары.

Сөздік жұмыс:жалау.

Билингвалды компонент: жалау – флажок.

Технологиялық қамтамасыз ету:жалау

Технологиялар: ойын.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
«+» «-»
Кіріспе бөлім           Негізгі бөлім                                         Қорытын-ды бөлім Бір қатар сапқа тұру(нұсқауларды орындау). Бір тізбекпен жүру. Күндей болып күлейік,Гүлдей болып өсейік.                 (Қол белде, күліп, көңілді жүру). Таң атқанда күн шығып,  Гүл ашады қауызын.                 (Қолды жоғары көтеріп жүру).   Жалпы дамыту жаттығулары:Жалаумен. 1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Жалауды алға созу.2.Жоғары көтеру. 3.Алға созу.4.Б.қ.келу. 2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: Б.қ.:аяқтар арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Қос қолдағы жалаудыкеуде тұсында. 2.Қолды екі жанға созу. 3.Қолдағы жалауды кеуде тұсына әкелу.4.Б.қ.келу. 3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: Б.қ.:отыру, аяқ арасы алшақ. 1.Жалауды жоғары көтеру. 2.Жалауды аяқ ұшына жеткізу.3.Б.қ.келу.   Негізгі қимыл жаттығулары: 1. шеңбер бойымен жүру. 2. 60 секунд бойы тоқтамай жүгіру. «Сылдырмаққа дейін еңбектеп жету» ойыны: 1.Ойын шартымен таныстыру. 2.Балалармен бірлесіп ойнау.   1.Балалардың көңіл-күйлерін бақылау. 2.Жаттығу тәртібінің дұрыс орындалуын қадағалау. 3.Қауіпсіздік ережесін сақтау. Сапқа тұрып, бірінің соңынан бірі бір қатар болып жүреді. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.     Шеңбер құрып тұрады. Жалаулардыалға со-зып, жоғары көтере-ді.3-4 рет   Жалаулардыкеуде тұсына әкеліп, екі жаққа созады.3-4 рет Жалауларды жоғары көтеріп, аяқ ұшына жеткізеді.3-4 рет Жалаулардыорнына жинастырады. Шеңбер бойымен жүреді. 60 секунд бойы тоқтамай жүгіреді.     Іс-қимылдарын келтіріп ойнайды. Заттарды жинауға көмектеседі.    

Күтілетін нәтиже:

Білу  керек: шеңбер бойымен жүруді;

Түсіну керек:Заттарды айнала жүруді;

Үйрену керек: қос аяқпен бір мезгілде екпінмен серпіліс жасай білу дағдысын.

Толтырған тәрбиеші:_____________________________________________

Метки: , ,