Экологиялық тәрбие. ҰОҚ конспектісі «Ертегілер елінде»

Мубаракова Шуга Базаровна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

«Балапан» бірінші кіші  тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметініңтехнологиялықкартасы.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің түрі: Сенсорика.

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде

Мақсаты:  Балаларды  геометриялықпішіндермен таныстыру. Пішіндердің  мағынасын  түсіндіріп  оларды  бір−бірінен  ажырата білуге  үйрету.

  • Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту.
  • Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.
  • Тәрбиелік: Біліммен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Әдіс−тәсілдері:  Сұрақ−жауап, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

 Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлері, ойындарға қажетті заттар

Сабақ барысы:  Шаттық шеңбер.

                                 Қуанамын менде,

                                 Қуанасын сенде

                                 Қуанайық достарым,

                                 Арайлап атқан күнге!

Тәрбиеші:  Балалар, бүгін бізге  қонаққа апайлар келіпті, кәне амандасайық.

Балалар, қарандаршы бізге  тағы бір қонақ келіпті. Ол кім екен?     (доп домалап келеді)            

Бауырсақ сөзі:   Менің атым бауырсақ.

                              Мен атадан, әжеден кеттім.

                              Тыңдамадым атамды

                              Тыңдамадым әжемді

                              Үйімді мен сағындым

                              Көмектесші балақай.

Тәрбиеші:  Балалар, бауырсақ әжесімен атасын тыңдамай, үйіннен шығып енді үйіне жол таба алмай жүр. Бізден көмек сұрап келіпті. Көмектесемізбе?

Балалар: көмектесеміз.

Тәрбиеші: Бауырсаққа көмек көрсету үшін біз орман тұрғындарына қонаққа барып, олардын дайындаған тапсырмаларын орындауымыз керек.

Алдымен мына тақтадағы геометриялық пішіндерге назар аударып олардын пішіндерін және түстерін атайық.

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: төртбұрыш түсі қызыл

Балалар:  үшбұрыш түсі сары.

Балалар: шеңбер түсі көк.    

Тәрбиеші:  Енді балалар, орман тұрғындарына барайық, ал бауырсақ бізбен бірге барады.

Тәрбиеш: Балалар, біз кімге келдік?

Балалар: қоянға.

Тәрбиеші: қоянның  бізге дайындаған тапсырмасын мұқият тындандар.

Тапсырма: түрлі- түсті шеңберге түсі бойынша қыстырғыш қыстыру.

Тәрбиеші: балалар, тапсырманы жақсы орындадындар. Келесі орман тұрғынына барайық.

Тәрбиеші: балалар, біз кімге келдік?

Балалар: аюға.

Тәрбиеші: Аюдың тапсырмасы «Бауырсақты жасыр» деп аталады екен.

Тапсырма: суретте бейнеленген үйге түсі және пішіні келетін терезені  тауып орналастыру керек.

Тәрбиеші: жарайсындар, бұл тапсырманыда орындадық.Келесі орман тұрғынына барайық.

Тәрбиеші: балалар, бұл кім?

Балалар: қасқыр.

Тәрбиеші: қасқыр бізге мынадай тапсырма дайындапты.

Ойын: Доптарды шашып. Үлкен допты үлкен себетке, кіші допты кіші себетке жинау.

Тәрбиеші: балалар, біз енді соңғы орман тұрғынына барайық. Ол кім екен?

Балалар: түлкі.

Тәрбиеші:Түлкінің бізге дайындаған тапсырмасы «Бейнені қайтала» деп аталады.

Тапсырма: Қағазда бейнеленген суреттерді , қақпақтар арқылы қайталау.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар. Өте ақылды екенсіңдер. Біз барлық тапсырмаларды орындап, ата мен әженің үйіне  келдік. (қуыршақтар арқылы ата мен әжені көрсетіп , ризашылық білдіру)

Бауырсақ:  Балалар,  мен сендерге ризамын. Мен бүгін сендерден  көп нәрсені үйреніп алдым.

Бекіту: − Балалар бүгін біз орман тұрғындарына қонаққа бардық. Қандай аңдарды көрдік?

Балалар: қоян, аю, қасқыр, түлкіні көрдік.

Тәрбиеші: сөздік жаттығу

Ян- ян- ян- қоян

Ю- ю- ю- аю

Ыр –ыр –ыр – қасқыр

Кі –кі –кі – түлкі.

Тәрбиеші: Рахмет балалар. Осымен оқу-іс әрекетіміз аяқталды, сау болыныздар.