ҰОҚ конспектісі: «Табиғат – біздің досымыз». Экологиялық тәрбие.


Хасенова Майгуль Бельгибаевна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

КҚМК №4  «Берёзка» бөбектер бақшасы

«Табиғат – біздің досымыз»

«Жұлдыз» тобы

Тәрбиеші: Хасенова М.Б.

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғат – біздің досымыз» 

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәжірбиелік жұмыстар арқылы ойларын тиянақтау. Саусақ моторикаларын дамыту. Қисын ойлау қабілеттерін дамыту, еркін қарым – қатынас жасауға дағдыландыру. Ұжымшылдыққа және бір – біріне көмектесе білуге үйрету .

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар,тәжірбиелік жұмыстар және  ойын технологиясы, мнемотехнология, СТО технологиясын топтастыру,кубизм технологиясы,

АКТ технолгиясы

Көрнекі – құралдар:  АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд.

Іс-әрекет кезеңдері         Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң бақшамыз  Сәлеметсізбе! Біз де куаныштымыз   Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң бақшамыз
  ҰОІӘ өткізілуі Ғажайып сәт Экраннан хатты оқу Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен .Хат Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын. Мен сендерге  жазда жандарыңа сая болатын едім.  Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын.  Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың Балалар хатты мұқият тыңдайды  
  -Балалар сендер, мейрімді  де  ақылды, сүйкімді  балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе? Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік.Ақ қайыңға жету үшін біз кедергілерден өту керекпіз. Ол үшін берілген тапсырмалады орындаймыз.  Ең алдымен Табиғат аясында жүргенде ережелерді еске түсіру.   Балалара өздері білетін ережелерді айтады.        
  Тыныштық  сәті:  Табиғат   құбылыстарының   дыбыстарын   тыңдау.  Тәрбиеші: Балалар  не  естідіңдер?  Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар? Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат   құбылыстарына  жатады.  Желдің  үрлегенің, жаңбырдың  жауғанын, құстардың  мен  жан-жануарлардың дыбыстарын  естідік.
    Балалар  сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар. Бір жерінде ыстық Бір жерінде суық Бір жерінде күн Бір жерінде түн Керемет алып неткен -Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?             Жер шары Дөңгелек
    Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші  «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс. Балалар ойынды ойнайды.     Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар
    Жарайсыңдар балалар!  Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз? Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз. Табиғат – бізді  қоршаған  орта, туған  елім, ауа, күн  мен   жер   және   су,  орман  мен  жануарлар. Табиғат     екіге  бөлінеді. Ол  тірі табиғат   және өлі   табиғат.       Табиғат  
                                      1.Тапсырма. Тірі табиғат пен өлі табиғат суретпен жұмыс.. «Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын Ол үшін  алдарындағы суретті   алып,алған  заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті түске  апарып орналастырасыздар. Тірі  табиғатқа:  ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар  өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар.           Өлі  табиғатқа: су,тас, құм,ауа  жатады, олар өспейді,дем  алмайды денесінде жаны жоқ. Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Оны мен саяхат барысында  бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады. 2 тапсырма. «Аңдардың іздерін тап» видео арқылы Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен. Интерактивті тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін табу. -Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен? -Дұрыс бұл су. 3 тапсырма Судың біздің өмірдегі пайдасы. Суретпн жұмыс. -Ал судың қандай пайдасы бар? Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен. Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Балалар біз ақ қайыңға жеткенімізше әлі біраз жол жүру керек. Ендеше балалар  осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық. Сергіту сәті     Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар. 4 тапсырма Жұмбақ Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? – Ауа не үшін керек? – Ауаның түсі қандай? – Қолмен ұстауға болама? Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де  ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен. –  Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме? 1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіезді 2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік. – Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.                                                                      Балалар қимылмен бойларын сергітеді.               «Ауа» Демалу үшін Түсі жоқ ,көрінбейді Жоқ олмен ұстауға болмайды.       Жоқ     Балалар мұрындарын қолдарымен жабады.  
  Саламатсызба ақ қайың! Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізге көмек берейін деп келдік. Ақ қайың: Амансыңдар ма бүлдіршіндерім менің бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып тамырымды кептіріп кетті. Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер жақсы болар еді. 5  тапсырма Ақ қайың рахметін айтады. Ақ қайың біздің балаларымыз табиғатты қатты құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да біледі.Тақпақтар         Апай әне бізге  хат жіберген ақ қайың келді.   Балалар ақ қайыңға су құйып, түбін қопсытып көмектеседі.  
 Қорытынды – Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. – Балалар сендерге саяхат ұнады ма? – Балалар бізге хат жолдаған не еді? – Балалар біз табиғат аясында нені білдік? – Тірі табиғатқа нелер жатады екен?  -Ал өлі табиғатқа ше?  -Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқаймыз. Кубизм технологиясын қолдану. Барлығың  да  бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Ия Ақ қайың Табиғаттың екіге бөлінетінін. Аңдар,құстар,жануарлар,ағаш,гүл шөп жатады. Тас, су, ауа, құм жатады.         

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: «Тірі,өлі табиғат» түсініктерін, табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды;.

Игеру керек:Табиғат пен адам арасындағы байланысты;

Үйрену керек: Сұрақтарға жауап беруде,ұжымда жұмыс жасауды.


Метки: , ,