Сюжеттік аппликация: «Табиғат көрінісі». Экологиялық апталық аясында.


Сурумбетова Гаукар Акыловна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

Білім беру саласы Шығармашылық  
ҰОҚ: Апликация  
Бөлім/бөлімше Бөлім. Аппликация бағыты Бөлімше. Сюжеттік аппликация  
Сабақ тақырыбы:  Торғай  
Оқу мақсаты: 0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру. 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу). 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын,құралдарын ретке келтіру.  
ҰОҚ мақсаты Жапсыруда ұжымдық сюжеттік композиция жасайды, кеңістікте заттың орнын көрсетеді, қағаздың бетінде бағдарлайды, геометриялық пішіндерден қарапайым заттарды қиып алады,жапсырады.  
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ,аудиоқұрылғы,3ҚҚҚ стратегиясы,4Кмоделі,саралау стратегиялары  
Ресурстар; Торғайдың суреті, түрлі түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желімі (немесе қарындаш-желім), қылқалам, шүберек, клеенка. үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы торғайдың дыбысы    
Дағдылары:   -сюжеттік жапсырмада заттарды кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып орналастыра алады; -қайшыны дұрыс ұстауды, оны еркін пайдалануды біледі. -заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала алады; -бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық фигураны қиып алады. -таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады; -қағаз түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады. -тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау; Көптілділік торғай– воробей    
  .
ҰОҚ кезеңдері                                       Жоспар Баланың әрекеті  
Сабақтың басталуы   (ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. Педагог балаларға «Сәлемдесу» тренингін ұсынады. Сәлеметсің бе, оң қол (қолымызды оңға қарай созамыз), Сәлеметсің бе, сол қол (қолымызды солға қарай созамыз), Сәлеметсің бе, достым ( бір қолымызбен көршінің қолын ұстаймыз), Сәлеметсің бе, достым ( екінші көршінің қолын ұстаймыз), Сәлем, сәлем татулық шеңбері (қолдарымызды тербелтеміз), Қол ұстасып тұрғанда (біз бір үлкен шеңбер құрамыз), Кішкентай да бола аламыз ( отырамыз), Үлкен де бола аламыз (тұрамыз), Бірақ ешкім де жалғыз қалмайды. Балалар сәлемдеседі    
Сабақтың негізгі бөлігі   (ұ)  “Ненің дыбысы ?”дид/о:Ойын шарты: педагог үнтаспадан құстың  дыбысын тыңдатады.Балалар ненің дыбысы екенін табу керек. -Балалар сендер ненің даусын естіп тұрсыңдар?Иә,дұрыс айтасыңдар,балалар..Бұл торғайдың дыбысы.(Торғайдың суретін көрсету) -Торғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс.  -Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар. Қыстап қалатын құстардың бірі, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді. Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді. Проблемалық сұрақ. -Торғайдың денесі қандай пішінге ұқсайды? -Басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды? -Тұмсығы қандай пішінге ұқсайды? Қауіпсіздік ережелерін айту. (ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы. ) Саусақтарға арналған жаттығулар;”Құстар” Құстар үй жанына ұшып келді (Екі сұқ саусақ бір-бірін қапсырып ұстайды. Қалған саусақтар құстың қанатындай құлаш сермейді.) Құстар жем салғышқа отырды. (Бір алақанды кеудемізге көлденең ұстаймыз.) Тойғанша жем шоқиды. (Екінші қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп, осы алақанды соққылаймыз.) Бас шұлғып, алғыс айтты. (Саусақтарды құстың басына ұқсатып біріктіреміз, қолдардың білезіктерімен иілгендей ишарат жасаймыз.) Жеке жұмыс. Бүгін біз түрлі-түсті қағаздардан торғайды жапсырып үйренеміз..Балалар түрлі түсті қағаздан (қағаз бетінде құстың басы,денесі,қанаты,құйрығы және екі аяғының суреті салынған)бөлшектерді қиып аладыӘзірлемелерді қағаз бетінде орналастырып үлгінің көмегімен жапсырады. Сергіту сәті. Кәне, қанат жазайық Торғай  боп желмен ұшайық Ұшып-ұшып алайық, Ұямызға қонайық. Ұжымдық жұмыс . Дайын болған жұмыстарын,ағаш бұтақтарына іледі. Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін орындалған жұмыстарын жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен орналастыру керектігіне аударады. Егер ойдағы композиция ұнамаса, бөлшектерді басқаша қоюды үйретеді. Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды.                                                
ұОқ қорытындылау. Рефлексия. Педагог балаларды бір-бірін бағалауға тартады. Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауап береді. Сен нені барлығынан да жақсырақ  істедің? Бүгін саған кім көмектесті? Сен нені жасай алмадың және не себепті? Келесіде оны жасау үшін не істейсің? 3ҚҚҚ әдісі. Алақай мен орындадым(жасыл)   Үйрендім бірақ маған әлі көмек керек(сары) ,Ой!Маған бүгін қиын болды(қызыл ) пішінге барады. Балалар геометриялық пішіндерді таңдайды.    
Кері байланыс:уақытты тиімді пайдалану    

Метки: , ,