ҰОҚ конспектісі: «Киіз үй». Экологиялық апталық аясында.


Алтынбек Тойжан

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіің техкартасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Киіз үй.

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп өқу.Киіз үйдін көрінісін сурет бойынша сипаттап әңгімелеу

Міндеттер:

Білімділік: Өлеңді мұқият тыңдап, мазмұнын түсінуге және ұғынуға үйрету

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәнерлілігін дамыту;

Тәрбиелік: Қоршаған әлемге деген сүйспеншіліктерін тәрбиелеу

Билингвалды компонент: Киіз үй-юрта

Сөздік жұмыс:Киіз үй

Технологиялық қамтамасыз ету: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ – жауап, жұмбақ шешу..

Технологиялар: Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті Есеп
«+» «-»
Кіріспе бөлім Шаттық шеңбер орындалады. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз.  Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз. Балар іс қимылмен қайталайды    
Негізгі бөлім Балалар біз Наурыз мейрамында ненің ішіне кіреміз? Балалар киіз үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі атай алады. Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады. Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді) Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді) Керегелер керіліп (алақандарын ашады ) Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды) Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер. Сергіту сәті: Кел балалар тұрайқ Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп,  Керегені құрайық. Уықтарша иіліп, Шаңыраққа қосылып. 
Қазақ үйді құрайық.  Балалар киіз үй туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қабырғасы тор көз, Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ) Тұмсығын тесіп. Жүннен бұйда есіп  Қазыққа байлады. (Уық ) Төбедегі көзінен. Күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен.  Самал еркін еседі. (Киіз үй ) Жетпіс екі найзасы. Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)
Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді.     Балалар ойынға қызыға қатысты    
Қорытынды бөлім Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық? – Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер? – Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен Балалар топ болып сұрақтарға жауап береді.    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:таза жүрген баланың дені сау болатынын;

Игеру керек:зерек,шыдамды,белсендіболуды;

Меңгеру керек:ойын ережесін түсініпойнауды.

Толтырған тәрбиеші:__________________________________________

Метки: , ,