Баланың ой өрісін дамытудағы логикалық тапсырмалардың ерекшелігі.


Есқабылова  Жұлдызай Дастанқызы

ЖШС «Қарлығаш» балабақшасы меңгерушісі

      Бүгінгі бөбек –ертеңгі қоғам иесі. Оның қазіргі өмірі – ертеңгі өмірінің күнтізбесі. Алдыңызда отырған  жас  бүлдіршіннің  өз  заманындағы  дүниенің жақсы бір кірпіші болып қалануы тәрбиешісінің (ата-анасының, ұстазының) қолында.

   Баланы бала деп қарау,оның сауалына нақты жауап бермеу, оның ойлау шеңберін бөліспеу-қате пікір. Керісінше балаңызды не оқушыңызды өзіңіздің құрбыңыз, досыңыз ретінде, бір сәтке өзіңізбен қатар қойып, ақыл кеңес берсеңіз, баланың ақыл есінің толуына, ой қиялының ұшқыр болуына, сөздік қорының молаюына көп септігін тигізеді.

     Енді осы баланың өмірге деген көзқарасы қандай, қоршаған ортамен қарым-қатынасы қандай екені бірінші тәрбиешіге және оны ары қарай жалғастырушыда  тағыда тәрбиешіге жүктелетін жұмыс.

       Мұндайда білікті маман өз еңбек жолында шәкіртінің өңешін өртеп, өзегін талдырмайтындай сұрақ-сауалдар беріп, бір сарынды дәрістің жүйесін болдырмайтындай етіп, үй тапсырмасы бір ғана жолдың жетегінде болмай, бала көңілінде қиын да қызғылықты сауалдар туғызып оның сана сезімінің оянуына, ой өрісінің ұшқыр болуына көмегін тигізетіндей  жұмыстар түрін жүргізіп отырса, бүгін болмаса да, ертеңгі күні сол жасалынған жұмыстарының нәтижесі арқылы өз абыройының жемісінде сезе алады. Сондықтан да  баланың ой қиялын дамытуда логикалық сұрақ тапсырмалардың, есептердің орны бөлек болады.

Мысал ретінде бірнешеуін ұсынғым келеді.

  1. Автобус оң жаққа бұрылғанда ішіндегі жолаушылар қайда     

бұрылады?

   2. Сен көршіңе кім боласың?

   3. Өзіңнің досыңа сен кім боласың?

   4. Алманы екі бөлікке бөлсең жарты бөлігі неге ұқсайды?

   5. 1 алманы 2 адамға қалай бөліп беруге болады?

Метки: , ,