Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Менің мұғалімім» балалар конкурсы


Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Менің мұғалімім» балаларға арналған дистанциялық шығармашылық конкурс өткізу туралы ереже

Өткізу мерзімі: 2019 жылғы 16 қыркүйек бастап 15 қазанға дейін.

Тіркеу төлемінің мөлшері: 500 теңге.

Егер бір білім беру мекемесінен 5 адамнан көп қатысса, онда тіркеу мөлшері 300 теңге болады.

Қатысушылар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта жалпы білім беретін ұйымдарының, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің, түзеу мекемелерінің, балаларға қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, оқушылары, студенттері.

 Конкурс номинациялары:
1.         «Сүйікті мұғалімге сурет салу»

2.         «Өз қолыңызбен сыйлық»

3.         «Құттықтау ашық хат»

4.         «Мен және менің ұстазым» (фотосурет, коллаж)

5.         «Өлең»

6.         «Шығарма»

Қатысу тәртібі

  1. Конкурстық жұмысты дайындау
  2. Өтінішті толтыру
  3. Ұйымдастыру жарнасын төлеу.
  4. Дайын жұмысты (барлық қосымшалар, егер олар қажет болса); Толтырылған өтінішті (тек .doc форматта ворд құжаты); Төлем құжатының скан-көшірмесін немесе суретін Бір хатпен OQU.KZ@MAIL.RU электрондық поштаға жіберу керек

Конкурс қорытындысы

Тиісті бағыттарда І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жеңімпаздар Дипломдармен марапатталады, Жұмыс жетекшілері Мұғалімдер күні мерекесіне орай және конкурсқа қатысушыны дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.

1 қосымша

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Менің мұғалімім» балаларға арналған дистанциялық шығармашылық конкурсқа қатысуға өтініш

 
Мазмұны Мәлімет
1 Автордың толық аты-жөні  
2 Тобы/сыныбы  
3 Білім беру мекемесінің атауы  
4 Жетекшісінің толық аты-жөні  
5 Лауазымы  
6 Жұмыстың тақырыбы  
7 Номинация  

Материалдарды, автор туралы мәліметті түбіртегтің көшірмесін OQU.KZ@MAIL.RU эл.поштаға жіберуіңіз қажет.

Ақы төлеу тәсілдері