Жас дарын


Қарабай Алдияр, Бүркітбай Аслан, Бейсенбек Тоғжан Бейбітқызы, Бекзат Аида Бекзатқызы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі оқушылары

Жетекші: Бижанова Бибігүл Салимовна, Саржанова Аягоз Сериковна

Күмбірлеген күміс күй

          Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі. Күйдің әуендік-түрлік құрлысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық. Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларына сезім, нәзіктік басымырақ.

         Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады. Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі. Күйшілердің домбыра қағыстары да әр түрлі. Біреулер «жаппай», «кезектесе», енді бірқатары «шертіп», «шұбыртып» қағады. Күйлердің орындаушылық дәстүрге, қағысына қарай екі түрге бөлінетініне де көзіміз үйреніп келеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі – шертпе.

          Төкпеде көзге ұратыны – қайрат-өрлік, сергектік, өмірге құштарлық, қиындықтан жасымау, алға ұмтылу. Шертпе күйлер салқынқандылығымен, сабырлылығымен, терең философиялығымен, ой-сырға толығымен ерекшеленеді.Міне, қазақ күйі дегеніңіз осындай. Ол бір өзінше әлем. Сол әлемнің қыр-сырына қанық қазақ – біз бақыттымыз.
         Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды.
         Қазақ жері – кең байтақ. О шеті мен бұ шетіне жету үшін ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талады. Ертеректе елді мекендердің арасында бүгінгідей тығыз қарым-қатынас, берік байланыс болмады. Осының өзі әр өңірдің күйшілік дәстүрі мен мектебін қалыптастырды.
Еліміздің батыс өңірінде төкпе күй кеңінен қанат жайды. Мәселен, Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адайын» алайық. Нағыз төкпе күй осылар. Аталған шығармаларды тыңдағанда бойды ерекше сезім кернейді. Ұланғайыр қазақ даласы көз алдыңа елестейді.

Ауыр сөмкенің денсаулыққа зияны

         Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге мектепке арналған сөмке таңдауға дүкендер мен базарларға барып алатыны  өмір шындығы. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл қуанышты да, маңызды іс. Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады.

         Жаңа  оқу жылын  бастағанда  мектеп  оқушылары   ата-анасының   жаңа  сөмке алып беруін   күтеді. Олар оны таза дәптерлерімен, қалам, қарындаштарымен  толтыруға   асығады.Бастапқыда   олар  жаңа сөмкені  мұқият, тиянақты   пайдаланады.Уақыт өте келе ол сөмке қарапайым сөмкеге айналады. Тіпті,   сыныптастарым   ол сөмкенің  атауында білмейді.  Сөйтсем, жалпы, мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды екен.  Қан қысымын көтереді екен. Тіпті, әлі қатая қоймаған сөмке кеуде сүйектеріміздің  қисаюына әкеп соғады екен. Ол аз болса, мұның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін  де тигізетінін білдім. т.б артық заттар салатынымыз рас.Яғни, ауырлық зиян екен.

         Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады. Оның әдемі де, ыңғайлы болуын барлығымыз қалаймыз ғой. Оқу жылының басында біз үзіліс кезінде құрбыларымыздың сөмкелерін қарастырып, қызықтаймыз. Өзіміздікімен мақтанамыз. Барлығымыздың сөмкелеріміз әр-түрлі. Түстері де, формалары да, суреттері де. Яғни, ауырлық зиян екен.Кейде сөмкемізге шырын, т.б артық заттар салатынымыз рас. Сөйтіп сөмкеміз ауырлай түседі.Біз ауыр зат көтеруден арылғымыз келеді. Ендеше, оқулықты кестеге сай салып, артық затты салмайық.Сонда сөмкеміз жеңілдеу болатыны анық