Ұстаз –мәңгі нұрдың қызметшісі


Алпысбаева Сая

№31 орта мектеп мұғалімі

 Ұстаз — мәңгі нұрдың қызметшісі

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық…

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар,- деп ұрандаған,  Ыбырай атамыздың  білімге шақырған сөздері бүгінге күнге дейін өзінің мәнін жоғалтпады. Біз Ыбырай атамыздың өлеңдерімен жас бүлдіршіндерші мектепке шақырамыз.

Мектеп табалдырығына алғашқы қадамын жасатып, ғылым мен біліммен сусындатып, тардай болып кірген баланы, таудай қылып шығаратын қоғамымыздағы ұстаздардың алар орны ерекше. Олардың сіңірген еңбектері мен мәдениет пен өркениеттің дамуына қосып жүрген жүрген үлестері туралы айтсақ еңбектері зор екенін кез келген тұлға мойындайды.

Ұстаздың бейнесі – шәкірт үшін үлгі болып танылады. Оқушы ең бірінші ұстазға қарап, өзінің бойын түзейді. Сонымен бірге, ұстаз—бұл қасиетті мамандықтың иесі. Біле білген адамға ұстаз болудың өзі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бұл мамандықтың өзі кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған шыдамдылық, төзімділік, мейірімділік, балаға деген махаббат сияқты қасиеттер қажет. Себебі, ұстаз оқушыны тұлға ретінде қалыптастырады. Ең бастысы, ол – шәкіртін білім нәрімен сусындандырады.

Уақыт ағымымен, міне ұстаздар мерекесі де жақындап келеді. 1994 жылы ЮНЕСКО ұсынысымен 5 қазан – Бүкіләлемдік мұғалімдер күні деп жарияланды. Содан бастап 5 қазан – мұғалімдер, оқытушылар және білім саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне айналды.

Қазір әлем бойынша ұстаздар күні жүзден астам елде аталып өтеді. БҰҰ бұл күні мынадай нәрселерге жете назар аударып, қатты ойлануға шақырады: сіздің өміріңізді жақсы бағытқа өзгерткен ұстаздарыңыз туралы; білім саласы қызметкерлері үшін бөлінетін бюджет мөлшері туралы; мұғалімдер алаңсыз жұмыс жасау үшін жағдайды жақсарту; ардагер ұстаздар үшін зейнетке шығу жасын төмендету; мұғалімдер өз қызметінде алатын моралдық-психологиялық қысымды азайту және т.б. Италия мемлекеті кемінде 12 жыл мұғалім болған азаматтарын «психикасына салмақ түсіруге болмайды» деген желеумен өте жауапты шаруалардан босатқан көрінеді. Бұны өте тиімді тәсіл ретінде түсінемін.  

Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Себебі, шәкіртіне тәрбие бере, біліммен сусындандыру үлкен еңбекті қажет етеді. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Мектеп табалдырығын аттап келген күннен бүлдіршіндерді өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді.

Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін әрі ұзақ мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ  ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламаларымен және оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан дамуға мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін қазіргі таңда ұстаздың ролі ерекше болып тұр. Қарапайым ғана мамандақ иесі қаншама ұлы тұлғаларды тәрбиелеп шығарады.

   «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.

Әроқушының пәндіжақсыбілуіпәндіоқытатынұстазынабайланыстыекенібаршамызғабелгілі. Егероқушыменмұғалімарасындақарама-қайшылықболса, олсабақтыңқаншалықтықызықболғанымендебаланыңоныбілуінеқұлқыболмайды, сабақтыоқығысыдакелмейді. Мұғалімдерөзелінің жасболашағынатәлім-тәрбиебереді, бұдантекқанабаланыңөміріқалыптаспайды, соныменқатарбұлұлттың, елдіңқоғамы қалыптасады. Қазақстанныңөркендеуіне, алдыңғықатарлыелдерқатарынақосылуынаүлкенәсеретеді.  

…Әрбіршәкірттіңөзісүйген, жылдарбойытәлімалғанұстазыныңаяулыбейнесікөкіреккөрігінде, жүректүбіндесақталуызаңдылық. Себебі, ұстаз–баланыадам қылыптәрбиелеп, күлімдеген, күнімдеген, сеніңжүрегіңеболашаққамақсатқоябілугесенімұялатқанзортұлға.

Ұстазымдымәңгіөлмейтінүлгідерем,

Өйткені орныбөлекөзгелерден.

Ұстазымешжалықпайбілімберіп

Көңілгенұр, өмірліказықберген.

Шәкіртіңебірөзіңүмітарттың,

Үйреттіңөнермененұлттыңсалтын.

Мерейіңәрқашандаүстемболсын.

Орныңбаржүрегімдесақталатын.

Мен өзімшәкіртемесбалаңдаймын.

КөреалмасамСіздііздепалаңдаймын.

Жаһандыжаяужүріпараласам,

Сіздей жанды ешқашантабаалмаймын, —  деп  ұстазымабалалықжүрегімдіжарыпшыққанжыржолдарымдыарнаймын.

Ұстаздарға арналған атаулы күннің шығу тарихы да қызық. Бұл күнге 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды (Recommendation concerning the Status of Teachers).
Негізі бұл мейрам Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Жарлығы (29.09.1965 ж.) бойынша қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілген болатын.
1994 жылы ЮНЕСКО ұсынысымен 5 қазан – Бүкіләлемдік мұғалімдер күні (World Teachers’ Day) деп жарияланды. Содан бастап 5 қазан – мұғалімдер, оқытушылар және білім саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне айналды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Қазақстан, Әзірбайжан, Белорусь, Қырғызстан, Латвия және Украина елдері бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісінде тойлап жүр. 1994 жылдан бастап Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова, Армения және Эстония 5 қазанға көшті. Өзбекстан 1 қазанды демалыс күні деп жариялап, өз ұстаздарына басыбайлы берді. БҰҰ шешіміне пысқырып та қарамай, өз білгендерімен жүретін елдер де баршылық. Мысалы, Австралия қазан айының соңғы жұма күні, Албания 8 наурыз, Аргентина 11 қыркүйек, Бразилия 15 қазан, Вьетнам 20 қараша, Үндістан 5 қыркүйек, Солтүстік Корея 9 мамыр, Оңтүстік Корея 15 мамыр, Қытай 10 қыркүйек, Польша 14 қазан, Тайвань 28 қыркүйек (Конфуцидің туған күні), Түркия 24 қараша күндерін белгілеген. Әрбір елдің жанына жақын, өздері үшін құрметті тұлға немесе белгілі бір оқиғаға арналған себептері бар.
«Темір канцлер» атанған Отто фон Бисмарк «Мектеп салуға ақша аяған мемлекет түрме салуға мәжбүр болады» депті. Оған «Мектептің жүрегі – мұғалім» деген Ыбырай ұстаздың айтқанын қосыңыз. Әл-Фараби бабамыз «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл қызмет қылсаң да артық емес» деп оныншы ғасырда ақ бәрін айтып тастапты. «Бүкіл бейнет пен ауырлық тек қана мұғалімдердің басында» деуден аулақпыз. Қарулы күштер, құқық қорғау саласы қызметкерлері, дәрігерлер мен медбикелер де мұрнынан шаншылып еңбек етіп жүргені анық. Тәулігіне 16 сағатқа дейін қызметтен қолы босамайтын мемлекеттік қызметтегі жандарды да көріп жүрміз. Дегенмен, білімнің нәрі, ғылымның шыңы, барша адамзаттың игілігіне қызмет ететін адамгершілік пен патриотизм, өнер мен руханиятты тәрбиелейтін ұстаздар екенін ол кісілер де мойындайтыны анық.

Сан ғасырлық тарихы, салт-дәстүрі бар қазақ халқы ұрпағының саналы, қиялы жүйрік, тілі бай, білімді болуын ерекше назарда ұстаған. Ата мен әже өздерінің кішкентай немересіне қазақтың жырларын, дастандарын үлгі ете отырып, қиял-ғажайып әлеміне жетелеген. Шоқанның әжесі Айғанымның, Абайдың әжесі Зеренің тәрбиесі халқымыздағы ата-әже мектебінің қандай биік дәрежеде болғанын көрсетеді. Демек, ұрпақ тәрбиесіне мән берудің алтын бастауы ғасырлар қойнауында жатыр. Оның тағы бір дәлелі- тасқа қашалған Күлтегін ескерткіші мен Отырар кітапханасы. Қазақ балаларына:

Ол ұлтымыздың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Ұлы Ұстаз өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін түсіндірген. Оның айтқан ұлағатты сөздері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қазақ халқы үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесіне үлес қосып, бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Қазақ халқының келешегі, жас ұрпақты, білімге, ғылымға шақырып, қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен жақын болу керектігінің сара жолын салып, анықтап берген ағартушы- ұстаз  Абай бабамызды дүниежүзі халқы мойындап отырғаны анық.

Абай, Ыбырайдың ағартушылық ойларын жалғастырған ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхаметов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар болды.

Осы бабаларымыздың армандары еліміз тәуелсіздік алып, еркін мемлекет атанғалы іске асуда. Көптеген мектептер салынып, онда жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, рухани дүниесі бай ұстаздар білім мен тәрбие беруде. Сондықтан бұл күнде ұстаздық мамандық-ең керекті, ең құрметті мамандық. Өйткені олар ата-ананың ғана емес, еліміздің болашағы алдында да жауапты. Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріп, білімнің жаңа жүйесі құрылып жатқан елімізде ұстазға деген сый-құрмет ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»-деген сөзі, бірегей тұлға ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдіреді. Оған тағы да бір дәлел: Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері атағының Ұстазға,біздің директор апайымыз,Миразова Аягүл Төреқызына берілуі. Әрине, осындай құрметке республика ұстаздары атынан біздің ұстазымыздың ие болғанын мақтан етеміз. Шындығында,ұстаз болу неткен бақыт десеңізші!…Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген  адам.Ал жақсы тәрбиені беретін-Ұстаз. Біз де ұстаздарымызды құрметтеп, оларға бас иеміз. Ұстаз еңбегі ел үшін де, шәкірт үшін де зор мәртебе екенін есте ұстаймыз дей келе шығармамды өзімнің төмендегі өлең жолдарыммен аяқтаймын.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Бүгінің мен ертеңге талпындырып,

Жеткізген сол ұстаздар, болсаң зерек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Олар үшін сарқылмас ұстаз-дарын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкірттің биікке шыққандарын.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Қазіргі мектеп балалары болашақ қазақ азаматтары. Ал сол ұрпаққа біздің қоғам толық жауап бере алып жүр ме? Ақырын сөйлеп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтпақшы, еңбегін далаға емес балаға шашар, ұрпақтың көзін ашар үлттың ұлы ұстазы Ахметтердің бүгінгі іні-қарындастарының ілімі мен білімі қалай? Ұрпаққа берер өнегесі қаншалық? Дарыны мен жалыны, айлығы мен байлығы ше?  Ұстаз деген ұлы ұғымды сан-саққа  жүгіртіп ақпаратты ақтарып отырсаң, аптасына кемінде бір мәселе көтеріліп келеді. Мұның өзі ұстаз орнының маңызын дәлелдесе керек.

Бұрынғы ұстаздар қандай еді? Кешегі өткен ғасырдың аяғына дейін ұстаздардың дені, тәрбие мен тәлімді қолға алғандар ұлттың сорпа бетіне шығар қаймағы еді.
Ахмет Байтұрсынұлының: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктер түзелгенде оқумен түзеледі. Оны түзететін – білім мен білікті ұстаз» деген сөзінен-ақ оқыту ісін Алаш қайраткерлерінің басты бағытта ұстағаны көрінеді.

Солардың заңды жалғасы бүгінгі ұстаз кімдер? Олар кешегі қоғамдағыдай ұлт зиялысы міндетін атқара ала ма? Өзгелер зиялы деп қарай ма? Мектеп ше? Ойланып көрелік.
Білімсіз халықты басқару және айтқанға көндіру ең оңай жұмыс санаған өзгелердің отарлық саясаты келгелі білім ордасы да азды, аздырды. Ұстаздың ұлағаты азайды. Ұрпақтың ұяты әлсіреді.
Ұстаз деген аттан мұғалім деген есімге қарай сырғыған тәрбие мен тәлім иесі тәрбиені бере алмастай күйге түсті. Қоғамның тұлғасы болу емес, қара басының қамынан аспайтын дәрежеге жетті.
Ұстазының алдын кесіп өтпейтін кешегі қазақ қоғамынан ұстазын адам қатарына санамайтын санасыз күйге жеттік. Ұстаздың мәртебесі мен мәні кетті.
Бұл іске кінәлілердің алғашқысы, айтуға оңай жүйе, келесісі қоғам, соңғысы ұстаздардың өзі.

Себебін ізделік:
Жүйе дегеніміз:
—    Ұстаз мамандығын ұлықтай алмаған, басты назарда ала алмаған, қоғамдағы мәртебесін анықтап бере алмаған білім саласының біліксіздігі.
Қоғам дегеніміз:
—    Өзі болған бала әкесін танымайды дегендей толып білімін жинағандар, қоғамның әр саласындағы ат тізгінін ұстаған игі жақсылар ұстаз туралы ұмытты. Өскен мектебі туралы ойлануды азайтты. Ұлт зиялылары мектеп өмірінен алыстады. Ұстазды көзге ілмейтін күйге жеттік, мектепте таяққа жықсада елемейтін болдық. Қосылып жамандайтын болдық.
Ұстаздардың өзі дегеніміз:
—    Қадірі қашқан мамандыққа білікті бармайтын болды. Қарынның қамын ойлағандар ақшаны кім жақсы төлесе, кім жұмсақ орындық сыйласа соған қарай жүгірді де, ұстаздар дегеннің көп сандысы біліксіз, білімсіз күйге жетті. Өзі оңала алмай жүрген мамандықтың одан әрмен құты қашты.
Сонымен бүгінгі қоғамның ұстаздар мамандық иелерінің ең төменгі сатысы болып, ең нашарлар, сырттай білім алғандар, әйтпесе сатып алғандар мен танысы барлар ұстаз атанып, ұлт болашағын ұсақтатып барады. Қат-қабат қағаздардан ғана бас алмайтын бүгінгі оқыту жүйесінің шындығы мынаған келіп тіреледі:
—    Бүгінгі күні ең үздік ұстаз — ештеңе сөйлемесе де бәрін жазып қоятын ұстаз; ең үздік сабақ беруші, ол — қағазда сабақ даярлаушы. Яғни, ең үздік ұстаз, ол өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қағазға түсіруші. Баланың тағдыры емес, басқарманың тексерісі ойландырады. Ал бүгінгі мектеп – керексіз қағаздардың мұражайы екендігі даусыз.

Осы күні ұстаз деген ұғым кімді ойлантады? Ұстаздыққа кімдер барады деген сұраққа жүгінейікші. Осы жерде мектепте болған мына бір оқиғаны кірістіргім келеді.
Бірде бір апай өзіне көп көмектескен бір оқушыға:
—    Балам, мұғалім бол, — деген еді. Әлгі оқушы шошынғандай:
—    Апай, қарғамаңызшы, — дейді. Сонда біз ұстаз бол деген ұлағатты сөзді қарғыс деңгейіне түсірдік. Осыдан барып ұстаздық құн әлсіреді.
Бүгін кімдер ұстаздық мамандыққа түседі?
Бірінші: Байқамай, ақыл беретін адам болмай ұстаздық мамандыққа түсіп кеткендер, бұлар біршама жақсы оқығандар, бірақ өз ақылы толғанда дипломы бойынша мамандығын жалғастырмайды көп сандысы.
Екінші: Басқа мамандыққа ҰБТ-да алған ұпайы жетпей ұстаздықты амалсыз 3-ші не 4-ші мамандыққа таңдағандар (ең төмен балмен түсуге болатын мамандық болғандықтан). Ал, енді күтіңіз. Сіз өзі үшке немесе екіге оқығандар балаңызды беске оқытады деп.

Дамыған кез-келген елде ұстаз мамандығы нөмірі бірінші мамандық. Мысалы, Жапонияда мұғалім мен министрдің жалақысы бірдей. Ең үздік мектеп түлегі сол мамандыққа түседі, ең жоғары жалақыны ұстаздар қауымы алады. Ең жақсы жағдай ұстаздардікі. Сол үшін де сол елдердің оқу-ағарту ісі қарыштап дамып, ғылым техникасы бізге қуып жеткізбей барады.

Ұлт болам десең ұстазыңды түзе деген ұранды ұстанып, ұстаздың беделі мен біліктілігін арттыру үшін төмендегідфей шешу жолдарын ұсынар едім.

Бірінші: ұстаздық мамандығын бірінші жоғары деңгейдегі мамандық дәрежесіне көтеру керек. Бұл үшін ұстаздардың жалақысын жоғарылату керек, әрі университеттегі ұстаздық мамандықта тәрбиеленіп жатқан мамандық иелеріне баса назар аудару керек.
Екінші: ұстаздарды жаппай сынақтан өткізу керек. Мұнда жинаған және жазған қағазымен жылына бір рет әділ түрде өз мамандықтарынан емтихан алу керек. Мұнда қазіргі дәрежеде ҰБТ-ны ұстаздардың өзіне жүргізе салу жеткілікті. (Соның өзінен сүрінетіндер жетіп артылады. Қорқатындар мектепке жоламай-ақ қойсын.) Сүрінгендер мамандығын ауыстырсын немесе қайтадан кемінде бір-екі жыл даярлаудан өтуі керек.
Үшінші: қағазбастылықты азайтып мүғалімдердің шығармашылық жұмысына мән беру керек. Мұғалімдерді өтірікке толы қалың қағазына қарап емес, шәкіртінің нәтижесімен бағалайтын күйге жетуіміз керек.
Төртінші: қазіргі кездегі, айлық, күндік, тоқсандық курстарды жойып орнына мұғалімдерді өз мамандығы бойынша кешенді дайындайтын бағдарлы жылдық курстарды ұйымдастыру керек.
Бесінші: мемлекеттік бақылауды күшейтіп, мұғалімдердің оқушыға өзі қойған бағасы арқылы мұғалімдерді бағаламай әр деңгейдегі әкімшілік бағалауларды жандандыру керек. Мұның өзі өтірік қағаз болып кетуі үшін жұмыс жасалып жүр бұл күні.
Алтыншы: мұғалімдерді марапаттауды және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұмыт қалдырмау керек. Республикалық, Халықаралық олимпиада үздіктерін тәрбиелеген және басқа да жетістікке ие шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарды қомақты сыйлықтармен немесе тұрғын үй сияқты мәселесін шешіп жас ұрпақтың ұстаздыққа деген қызығушылығын арттыруға және ұстаздар арасындағы бәсекелестікке ұмтылуға жол ашылуы керек. Әрине, бұл жерде жемқорлыққа жол бермеу маңызды.
Жетінші: мұғалімдікке жұмысқа қабылдауды департамент немесе әкімдік арқылы тікелей қадағалап, мұғалім боламын деген білікті мамандардың жас деген желеумен жұмыссыз қалып орнына таныстықпен кірген шала мамандарды жою керек. Әрі мемлекет бойынша сырттай бітірген әр қандай адамды ұстаздыққа жолатпаған абзал.
Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Сондықтан бұл істі ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. Ұстаздарымыздың ұлағаты кемімесін, ұлтымыздың рухы әлсіремесін, ұяты кемімесін, ұлылығы артсын десек бұл істі қоғам болып қолға алайық.

 Кәкен Қамзиндай жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған кез келген шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, бағытынан таймай жүргенін нық сеніммен айта алады.
   Кәкен Қамзин дара туған кісі, мұндай адам ғасырда бір туылар…