Мақала


Аубакирова Айгуль Жанатовна

КММ « Красный Яр №1 орта мектебі» өзін-өзі тану мұғалімі

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОСОБЕННОСТИ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ОТНОШЕНИЙ МЕЖДУ ПОДРОСТКОВ

PECULIARITIES OF PSYCHOLOGICAL DEVELOPMENT OF RELATIONS BETWEEN ADOLESCENTS

Аңдатпа

Мақалада жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Қарым-қатынас – әлеуметтік статусқа ие болатын барлық жас кезеңдерде болатын іс әрекет түрі, сондықтан да мектеп оқушыларының жаһандану кезеңіндегі қарым-қатынас түрлерін жақсарту өзекті мәселе болып табылады.

Резюме

В статье рассматриваются психологические особенности взаимоотношений между подростками. Отношения – это вид деятельности, которая имеет место во всех возрастных группах, имеющих социальный статус, и поэтому важно улучшить взаимодействие школьников во время глобализации.

.

Abstract

In the article psychological features of mutual relations between teenagers are considered. Relationships are a type of activity that takes place in all age groups that have a social status, and therefore it is important to improve the interaction of students during globalization.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, қарым-қатынас мәдениеті негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру.

Біздің ойымызша, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетінің маңызы зор. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниенің қалыптасуына, іскерлік дағдыларын жетілдіруге негіз салады. Келешекте жалпы білім алумен қатар арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, ынтасын арттырумен қатар жалпы азаматтық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әр түрлі әлеуметтік және моральдық–психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда [1].

Соңғы жылдары Қазақстанда саяси–идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік–мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы психология мен педагогика ғылымдарының алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойды. Бұл талап–міндеттер қазақтың педагогикасы мен психологиясы проблемаларымен тікелей байланысты. Демек, ата–мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын, тәрбие саласындағы әдіс–тәсілдерін, амал-жолдарын жан–жақты зерттеген, терең мазмұнды еңбектер қажет.

Қарым-қатынас [2] – әлеуметтік статусқа ие болатын барлық жас кезендерде болатын іс әрекет түрі.

Қарым қатынас арқылы ақпарат аламыз және ойымызды жеткізе аламыз, білеміз. Барлық адамдар күнделікті өмірде бірнеше сұрақ қою арқылы оның жауабын да ести аламыз. Міндеттері ереже сияқты кім қарым- қатынас жасай алады, адамдармен тіл табыса алады, оларды сенімді әңгімеге шақыру, психологиялық тұрғыда толықтырып отыру. Сол сияқты қарым- қатынас адамдар арасындағы психологиялық байланыстар дамуын өзара түсінікті ойларын өзіндік бағалауларын ақпарат алмастыруда орнату.

Қарым-қатынас  – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады [3].

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады [4].

Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады» [5].

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу [6].

Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамдардың толық немесе жартылай әлеуметтік және сенсорлық жағынан оңашалану жағдайында болған адамдардың психикалық ерекшеліктерін бақылауға арналған көптеген зерттеулердің нәтижесі мынаны көрсетті: ол қағида бойынша қабылдау, ойлау, есте сақтау, эмоционалдық процестердің, т.б. бірқатар бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты аса белгілі эксперименттердің бірі американың әйгілі зерттеушісі Геронның басшылығымен жүргізілген (1956 ж). Зерттеушілер тобына төлем ақыға оңашаланған камерада неғұрлым ұзақ уақыт өткізу ұсынылған. Арнайы құрылғылардың көмегімен (көзілдірік, сенсорлық изолятор және т.б.) қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасау минимумға жетелеп түсірілді. Адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жойылды. Зерттеушілердің көбі бұл экспериментті алғашқыда оңай ақша табу мен демалу тәсілі дегенге сенді. Алайда, тек кейбіреулері ғана мұндай жағдайда 2-3 күнге дейін өмір сүруге шыдам білдірді. Анағұрлым мықтылары 6 тәулікке шыдап, мұндай жетістікті үлкен батырлық деп есептеген. Өйткені зерттелінушілердің 80 пайызынан артығы галлюцинацияның құрбаны болып, «дененің екіге бөліну», «рухтың денеден бөліну» сезіміне душар болды, көбісі қарапайым арифметикалық және логикалық есептерді шеше алмады және т.б.

Оңашалану (изоляция) жағдайында адамның дауыстап, өз-өзімен, қоршаған заттармен, жануарлармен және ойдан шығарылған әңгімелесушілермен сөйлесетіні байқалған. Осы тәріздес жағдайларға өз еркімен немесе кездейсоқтықта қоғамнан және тұлғааралық қарым-қатынастан айрылған адамдар мысалы: (теңіздер мен мұхиттарда жалғыз саяхаттаған, полярлық жағдайда қыстағандар, үңгірлерді зерттеушілер,жер сілкінісі кезінде үйінділер астында, елсіз аралдарда қалғандар, жеке камераға қамалғандар т.б.) дәлел болады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді «Дзен»деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен қарым-қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде «Моритао» делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады [7].

Қорыта айтқанда, тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді. Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді

Қолданылған әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Жаллы психология. Алматы: 2006. 218-2276.

2. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл.

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: “ЭКО” ҒӨФ. 2006. – 482 б.

4.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

5. Мұқанов М.М, Зейінді тәрбиелеу Алматы: 1960. с.25-31.

6. Столяренко Л.Д. Основы психологии Ростов-на-Дону: Феникс 2005. сс.150-156, 639-640.

7. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаймодействия Алматы: 1999. с.34-41; 128-134.