Менің сынып жетекшім


Ершов Виктор

ММ «№ 15 жалпы орта білім беру мектебі Павлодар қаласы4 «В» сынып оқушысы

Жетекші: Зейнуллин Ғалымжан Зейнуллаұлы

                    Шығарма «Менің сынып жетекшім»                                                    Белгілі орыс жазушы Н А Добролюбов , ұстаз туралы былай айтқан екен : «Мүғалім- оқушы үшін ең жоғары адамгершілік үлгісі,  сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады».          Мен ойлаймын,  нағыз адамгершіліктің үлгісі менің сынып жетекшім – Үміт Қаирбекқызы.  Ұстаздардың ішіндегі ең мейірімді, кең пейілді, жүрегі жылы ұстаз.                                                               Үміт апай мадаққа да, марапатқа да лайық адам ,өз ісінің маманы. Ол кісі сабақ түсіндіргенде бәріміз тыңдаймыз және айтқанын екі етпей орындаймыз. Өзі ақжарқын, кішіпейіл, еңбекқор адам, үнемі ақыл айтып, жөн сілтеп отырады. Осындай ұлағатты жаннан тәлім-тәрбие алып, болашақта ол сияқты кішіге үлгі болғым келеді.             Кейін мен мектеп бітіріп үлкен оқу орнына түссем, ұстазымды мақтан тұтып: «Міне, мені мына кісі оқытты» деп халыққа жар салатын боламын.                                                                                          Үміт Қаирбекқызының өмірлік тәжірибе боларлық ақылы мен кеңесін өмірі  ұмытпаймын. Ұстаздың сөзі алтыннан да бағалы.                                                                                    Анамдай болып кеткен Үміт апайыма мың алғыс айтып, Мүғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын, еңбегінің жемісін көре берсін!