«Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі»


Искакова Алтынғайша Болатбековна

Семей қаласы. «Қызмет көрсету саласы» колледжі экономикалық пәндер оқытушысы

 

Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ» КОЛЛЕДЖІ

Тақырып: Адами қарым – қатынас  ізгіліктері
семинар -тренинг

 Дайындаған экономикалық пәндер

  оқытушысы   Искакова А.Б.

Арнайы пәндер бірлестігінің циклдық комиссия отырысында қарастырылып,құпталды.

ПЦК төрайымы ______________Аринова А.Г.

Хаттама №      «___» _________2019 ж

Семей қаласы

2018-2019 оқу жылы

Адами қарым – қатынас  ізгіліктері

Түрі: Семинар –тренинг.

Мақсаты:

1.Адам өміріндегі қарым – қатынастың мәні туралы түсінік беру;
2.Жағымды қарым – қатынасты дамыта отырып, ізгілікке тәрбиелеу;
3. Өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасында адамгершілік қарым-қатынасқа құндылық көзқарасын қалыптастыру.
Әдісі: ситуациялық талдау, сұрақ – жауап.
Тренингтің барысы

І. Кіріспе:

Қарым-қатынас адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін                                       туғызып, байланыс орнататын күрделі 

процесс; Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарларменақпаратпентәжірибеменбіліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивтікоммуникативті,

перцептивті деген үш жағы және мезомакромикроруханиіскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік 

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілікұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
    Қарым – қатынас – адам іс – әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс – тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым – қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым – ишара, белгі, таңба арқылы да бір – біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым – қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым – қатынастық қызмет атқаратынын біле бермейміз. Сөйлесу – қарым – қатынастың негізгі түрі.
Адами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Адамға қатысты қандайда бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-қатынаспен астасатыны белгілі.Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиетті құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешқауытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі адамгершілік белгісін танытады.

Қарым-қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез-келген адам сізбен қарым-қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55%  ақпаратты сөз емес,іскерлік қарым- қатынастан, 38%  ақпаратты дыбыстардың (тембр, ырғақтан т.б.), 70% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым-қатынаста адам саналы түрде дамиды, жетіледі.

“Адамға қалай болса, қашан да болса, пайда келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу , жамандықтан безу-адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе”  Мағжан Жұмабаев.

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы  мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қасиеттерімен қабілеттерін аша алады.  Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айырылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек қана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады.  Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінің барлық адамгершілік, психикалық мінез-құлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.

Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлылық, қатігездік, тұрпайылық, сыйласымсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұқсамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы: ол-дәрігер, ол-сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны  бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көрінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді.Қарым-қатынас басқа да іс- әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады. Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: шешуші фактор-баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады.  Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.  Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар  өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағаттандырады. «Өзін-өзі тану» және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты.

Адам баласының ой-өрісі, сөздік қоры, сенімділік қасиеттері жылдан-жылға кеміп барады десек, қателесеміз. Кез-келген адамның жұртшылықпен байланысы, пікір алмасушымен ой бөлісу, әңгіменің анық та, тартымды болуына негізделеді. Сондай-ақ, адамзат табиғатынан көркем сөз бен өнерге құштар болып келеді, шынайылыққа тікелей қарайтын болсақ, осындай құштарлық бүгінгі күні көпшіліктің назарынан тыс, керісінше техника төңірегінде тіршілік етіп, жансыз дүниеге құмармыз.

Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекет адам өзге адамдармен қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек.

Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинақтауға болады, жаңа әртүрлі нәрселерді білуге болады. «Кісі болар кісінінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің кісіменен несі бар» деген екен Ақсуат би.


ІІ. Сергіту

1.«Үнсіз пошта»

Топ бір-бірінің артына тізбек құрып отырады немесе тұрады. Соңғы адам жүргізушінің көрсетен қимылын өзінің алдында отырған адамға көрсетеді. Осылай тізбек арқылы ең соңғы отырған адамға жетеді.

2. «Сәйкессіздік»

Топтан бірнеше адамды шығара тұрып бір адамға қысқаша әңгіме айтылады.Ол адам жаңағы шыққан адамдардың біреуіне естігенін жеткізеді.Осылайша жалғасып ең соңғы адам мен алғашқы адамның ақпараты салыстырылады.

а)Алған ақпарат алғашқы айтқан ақпаратқа сай келеме?

б)Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз?

в)Өзгертілген ақпарат кикілжіңнің тууына себеп болуы мүмкін бе?
ІII. Шығармашылық жұмыс

Берілген ұлағатты сөздерді аяқтап, даналардың ойларын талдау негізінде адамгершілік қарым-қатынасқа тағы қандай ізгіліктердің бар екендігін табу

Басқа – амандық, табыс күтсең ісіңнен,

Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен

                                           Ж. Баласағұни

Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар,

Кісі болмас баланың кісіменен несі бар

                                        Халық мақалы

Өзінің кетпендей мінін көрмей,

Біреудің инедей мінін көреді

                                        Халық мақалы


ІV.Психологиялық тренинг

 V Қорытынды.
Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір – қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады.
Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым – қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу.

Біз сіздерге адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға көмектесетін жиырма бір алтын қағиданы жинастырдық. 1. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді. 2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз. 3. Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс. 4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады. 5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады. 6. Адамдарды сынап, мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз, жеке басын емес. 7. Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін. 8. Әрдайым өз қателіктеріңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз – және кешірім сұраңыз. 9. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз. 10. Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді. Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырсыңыз. 11. Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз. 12. Кейде жақсы ойды, идеяны әңгімелесушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы – жақсы нәтиже шығару. 13. Егер әңгімелесушіңіздің ойы қате болса, онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бәрібір райынан қайтпайды. 14. Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бәлкім, менікі дұрыс емес дей салыңыз. Сонда жанжалдың неден шыққаны да, ұрыс та тыйылады. 15. Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, адамды әрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді. 16. Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса, сабырлық танытыңыз, үндемеңіз, эмоцияңызды іште сақтаңыз. Бәрін шорт кесуден аулақ болыңыз. Жай ғана адамға ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын сөздеріне мән беріңіз. Әңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз. 17. Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз. 18. Жымиып жүріңіз. 19. Адамды толық атымен атаңыз. Осылайша оның жеке басына сыйластығыңызды білдіресіз. 20. Әңгімені аяқтағанда, әңгімелесуші жақсы көңіл-күйде қалғанын қадағалаңыз. 21. Кешірімді болыңыз. 


Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Асан Қайғы бабамыздың өнегелі сөзімен аяқтаймыз