“Адам мүмкіндіктері”


Коскулова Жанар  Мухтаровна  Қостанай облысы  Жангелді ауданы  Торғай селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі  Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

ПәнӨзін-өзі тану күні Сынып 6 Сабақ№
Сабақ тақырыбы: Адам мүмкіндіктері
Мақсаты: Мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу,.
Түрі: Жаңа сабақ
Міндеттері: Міндеттері:
— Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
— Әр оқушының өз мүмкіндігін танып дамытуына ықпал ету;
— Өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ағаш суреттері, даналық сөздер, доп және т. б.
Табыс критериялары: Әңгімені жан-жақты меңгереді; Өз ойын еркін жеткізе біледі; Салыстырып, қорытынды жасай білуге үйренеді;
Дерек көздері: Ғаламтор,әдістемелік құрал
Сабақ жоспары
Кезеңдері Құрылымы
Қызығушылықтарын ояту Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін… Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.
Алға қойылған мақсат Жаңа білімді түсіндіру
Негізгі білімнің қажеттілігі Өмірде қолдана алу
Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық»
Мағынаны тану Жаңа білім алу Мәтінмен жұмыс.
1. Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
2. Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Бекіту
Ой толғаныс/Рефлексия «Қошемет» тренингі
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ортаға шығып бір сөзді айтып, қолындағы добын бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған бала сол сөзді табиғаттың құбылысына, затына, әрекетіне теңеп айтады.
Мысалы: мұғалім «ана» деп айтса, оқушы допты мұғалімге қарай лақтырып «ана гүлдей» деп жауап беруі тиіс.
Жауап бере алмай қалған оқушы айып тартады, оқушылардың сұрауы бойынша аң, құстардың бірінің әсем даусын салады немесе сұлу қимылмен көрсетеді.