«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» ҚР Халықтарының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған КТА ойыны


Дайрабаева Индира Абибуллаевна, Әлімқадыр Айгерім Зинебекқызы

преподаватели Кызылординсский аграрно-технический высший колледж им. И. Абдукаримова

«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін»

ҚР Халықтарының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған

 КТА ойыны

Мақсаты:   Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Тәрбиелік мәні: Ұлтжанды, инабатты, мәдениетті, тілін, дінін құрметтейтін жеке тұлға қалыптастыру, саналы азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көрнекі құралдар, видеоролик.

БАРЫСЫ:

Ән: «Жаса Қазақстан!» Бейсенбаев Бақнұр

(фанфар ойнатылады)

Жүргізуші:

Қалжыңнан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Бүгінгі ойынға  қош келдің! –

Армысыздар достар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Қазақстан Халықтары тілдері мерекесіне орай  өткізгелі отырған КТА ойынына қош келдіңіздер!

Ойынымыздың тақырыбы «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін!» Өнер көрсететін ойыншылар сіздерге өз  өнері арқылы ел ахуалын әдемі әзілмен, үйлескен ұйқаспен, күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдеміз!

Әзіл қалжың жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді – дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, әдемі әзіл айтып, тамаша күлкі сыйлайтын топтарды қошеметпен ортаға шақырайық!

Командалар Сәлемдесу
1 « АСУ» командасы
2 «Жми» командасы

(Командалар ортаға шығады)

Бәрекелді!Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді -деп сіздерге ақ тілек айтайын.

Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін командалармен таныс болдық. Енді –

Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін – бағалайтын көрермен, сіздерге де қошемет!

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ

2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

3.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

Бүгін өнер көрсететін командалармен таныс болдық, олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық! СӘТТІЛІК тілеймін!

(Командалар сахна сыртына кетеді)

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық – дей отырып, алғаш болып СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде өнер көрсететін:

Командалар Сәлемдесу
1 « АСУ» командасы
2 «Жми» командасы

Рахмет өнерпаздар!

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің -деп, келесі бөлімімізді бастайық.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Сахнада өзінің жаңалығымен:

Командалар Сәлемдесу
1 « АСУ» командасы
2 «Жми» командасы

Рахмет!

Құрметті қонақтар, рұқсат етсеңіздер сіздермен бір ойын өткізсек. Араларыңыздан іріктеп алу үшін мен әр түрлі сұрақтар қоямын, дұрыс жауап бергендерді ортаға шақырамын.

1.  Президент Қ.Тоқаевтың өз жолдауында қазақ тілі мәртебесінің өзгеруі жайында айтқан сөзі. (Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін)

2.  Абайдың қанша қара сөзі бар?                         (45)

3.  Мына өлең жолдары қай ақынның өлеңінің үзіндісі

     Ал екінші бақытым –Тілім менің

     Тас жүректі тіліммен тілімдедім

     Кей-кейде дүниеден түңілсем де

     Қасиетті тілімнен түңілмедім.                           (С.Торайғыров)

4.  Ақтөбеде – біреу, Өскеменде жоқ,

     Алматыда – екеу, Астанада – көп                      (А әріпі)

5.   5-қыркүйек -тіл мерекесі қай Алаш арысының туылған күніне сәйкес  

      келеді.                                                             (А.Байтұрсынұлы)

Енді сіздермен таныс болайық! …. ортада қалып, қалғандарыңыз сыртта күте тұрсаңыздар! (ұйымдастырушылар шығарып салады) Енді сіз мен айтқан Абайдың өмірі жайлы  мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Абай Құнанбаев Шығыс Қазақстан обылысы Абай ауданында 1845 жылы дүниеге келді. Абай Тобықты руынан тарайды. Ол Семей қаласында 3-жылдық медреседе оқиды. Абайдың 3 әйелі болған, 10 баласы болған. Ол 15 жасқа толғанда Ділдаға үйленген. 15 жылдан кейін екінші әйелі Шүкіманға, яғни Әйгерімге үйленеді. Еркежан 3-ші әйелі. Ел үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арызда жазылып, 3-4 ай тергеліп, ақталып шықты. Бір жылдары бір болысқа басшы болып сайланған.

Келесі қатысушыны шақырсаңыздар. Енді сіз осы  кісіге мәтінді бұлжытпай қайталап айтып беріңіз!

(Ойын соңғы қатысушыға  дейін жалғасады)

Биыл Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Абай атамыз туралы біраз мәлімет біле жүрейік деген тілек білдіремін. Сіздерге көп рахмет. Орындарыңызға жайғасыңыздар!

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік – демекші, келесі бөліміміз Үй тапсырмасы!  Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:

Командалар Сәлемдесу
1 « АСУ» командасы
2 «Жми» командасы

Рахмет! Әзілқой өнерпаздар!

«Туған жер» Жеткерген Нұрдаулет

Сөз кезегін бүгінгі ойынымызды қорытындылау үшін   Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлына  беріледі.

Құрметті қауым Қазақстан Халықтары тілдері мерекесіне орай  өткізілген КТА ойыны өз мәресіне жетті, командаларға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!