«Тіл – ұлт бейнесі, тарих тұғыры»


Нұрмахамбет Гүлмира Оралбекқызы, Тилеува Назерке Орынбасарқызы

«Тұран-Астан» университеті білім алушылар

Жетекші: Симбаева Салима Оралхановна

Мақсаты:  Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір – қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын арттыру.

Көрнекілігі: Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Халел Досмұхаммедұлы

Жүргізуші: Армысыздар, қазақ елі! Бүгінгі “Тіл – ұлт бейнесі, тарих тұғыры!” атты кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгін бір ерекше кештің куәсі болғалы отырсыздар, себебі бұл жай ғана кеш емес,  тамсандыра отырып терең ойға салатын, мәнді де сәнді кеш. Олай болса кешіміздің басты қонақтарын шақырсақ.

Бірінші қонағымыз.

Екінші қонағымыз.

Үшінші қонағымыз.

      Адам баласының дүниеге келуінің өзі ұлы оқиға болса, ана тілін меңгере бастауы, қадір қасиетін жоғалтпай маңыздылығын арттыра тусуі де елеулі құбылыс. Тіл ұлттың жаны. Тіл мен халық бір бірімен ұштасып жатқан ұлы тарихтың көрінісі.

Ал қазіргі статистикалық мәліметтерге сүйенсек  дүниеде 6000 түрлі тіл бар екен.  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Бірақ бүгінгі  таңда шындық беттерін парақтар болсақ, қазақ тіліміздің қадір қасиеті халық үшін қаншалықты маңызды  деген  сұрақ туындайды.  Осы сұрақ төңірегінде болатын, арнайы дайындаған бейне роликті тамашаласақ. *Бейнеролик*

Жүргізуші: Иә, қандай керемет!

 қанатты сөздерден кейін қазақ тіліне деген қүрметіміз арта түскендей.  Осы орайда бірінші қонағымыз  өзіңізден сұрағым келіп отыр. Көріп отырғаныңыздай қазіргі таңда тілдің дамуына барлық жағдай жасалған, тұсаудан босатылған бейбіт заман деп отыр. Алайда, “қазақ тілі дамымай отыр, қазақ тілінің деңгейі төмен”- деген пікірлерге не айтар едіңіз?

Бірінші қонақтың жауабы: ………………………………..

Жүргізуші: Жауабыңызға рақмет!

   “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз демекші, көрермендер мына өздеріңізге бір қолқа салғым келіп отыр. Тіл жайлы білетін өлеңдеріңіз болса тыңдап серпіліп алсақ.

Қазақ тілім

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 

Кеше батыр – бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың – 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім! 

         Мағжан Жұмабаев                 

Жүргізуші:  Ғажап орындау. Көптен көп рақмет сізге, алдағы уақытта сізге тек табыс тілейміз.

Олай болса, барлығымызға белгілі Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Екінші қонағымыз, көпшілік қауымның қазақ тілінде сөйлей алмауының себебі неде деп ойлайсыз?

Екінші қонақтың жауабы: …………………

Жүргізуші: Нақты жауабыңызға көптен көп рақмет!

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

Жүргізуші: Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Оған бірден бір дәлел үшінші қонағымыз өзіңізсіз. Қазақ тіліне ғашық болуыңыздың сыры неде? Қазақ тілін таңдауыңызға не себеп болды?

Үшінші қонағымыздың жауабы: ………………………….

Жүргізуші:  Рақмет?

  Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз. Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Әсерлі кешімізді Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде аяқтаймыз.