Өлең «Абай ата» А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнау


Бек Ақжан Елубайқызы

«Қанай би негізгі мектебі» КММ 6-сынып оқушысы

Жетекші: Нурмухамбетов Елубай Бекұлы қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Абай-дана, Абай- дара қазақта,

Деп айтады  атамменен бабам да.

Көркі де бар өлеңінің  жазған  сенің,

Сондықтан да  танылдың бар халқыңа.

Абай ата, дүние  салдың мәңгілікке,

Қалдырдың ғой  жүректе  бір ұзақ із.

Өнеріңмен танылдың ғой  барлық елге,

Танылып жүре  берші  мәңгілікке.

Қазағымда нағыз қазақ  жоқ қой  басқа,

Болса- дағы  саған  жетпес ешқайсы да.

Жоғалмасын, ешқашан да жоғалмасын,

Қазағымның ұлы  ақыны – Абай ата.