«Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбына бейнероликке сценарий

Мутиева Саягүл Батихоллақызы, Қозбағар Жақсыгүл Мұратқызы

«Тұран-Астана» университетінің студенттері

Бейнеролик.Сценарий

Ақсақал үйінде жалғыз.Жалғыз ұлы қалада жұмыс іздеп,сонда тұрақтап,отау құрғанына 5 жылдан асып барады. Күнделікті шаруасымен жүргенде кенет сыртқы қақпадан әлдебіреулердің мәшинеден түскенін естіді.

-Ешкімді күтпеп едім ғой,бұл кім болды екен,ә?,-деп іштей күбірледі.

-Дедушкаааа,-деп немересі жүгіріп айқай сала кірді.

(осы жерде ұлы,орыс келіні артынан кіріп келе жатты.)

Қуанышын жасыра алмаған ақсақал:

-Келеміз деп айтпадыңдар ма?Ләвкіден (лавка) прәдуті (продукты) алатын ем ғой,-деп келініне бір,ұлына бір қарады.

Ұлы сәлем салсаңшы дегендей әйелін түртіп қойды.

Сағынысып көрісіп,немересін иіскеп отырып ақсақал сұрақ қойды:

-Ал,Арсен мен кіммін?

-Ты дедушка!,-деді жымиып.

-Қазақша айтшы,қа-зақ-ша.

-Нууу…Не помню как…

-Жарайды,ал ұлтыңды айтшы.

«Ұлт» деген сөзге онша түсінбеген ол әкесіне қарады.

-Сыночек, «ұлт» это национальность.

-а,я понял. Значит, я русский. Потому что,я же на русском общаюсь.

Арсеннің айтқанынан әлі де ой үстінде отырған ақсақал ұлын өзіне шақырды.

-Әке,бәрі дұрыс па?Ойланып кетіпсіз ғой.

Ақсақал терең демалды.

-Балам,ауылға көшу ойларыңда жоқ па?

Ұлы сасқалақтап:

-Ж-жоқ,жай сұрадыңызба?

-Арсенжанды айтам (далада ойнап жүрген Арсенге қарады) Қазақ бола тұра,русскиймін дейд.

-е-е,әке,кішкентай ғой,не айтқанын білмейді.

Әкесі ұлына қарады да:

-Баланы бастан демекші,кішкентай болса да,оңды солын үйрету керек.Арғы тегі-қазақ.Тілі-қазақ тілі.

-Енді,әке,ортасы-орыстар,анасы орыс…солай

-Тәйт!(әкесінің даусы қаттырау шықты)Әкесі-қазақ емес пе? «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте».Мен орысша сөйлемесін демеймін,мейлі өз еркі.Бірақ ана тілі бірінші орында тұруы керек. Тіл мәртебесі-ел мәртебесі. Болашағымыз жастардың қолында.Әр бала өз тарихын,тілін білуі керек.Ойлан,балам.

Келесі күн.Ұлы мен келіні кетуге ыңғайланып жатыр.Ақсақал қақпадан шығып,ұлы мен келінін шығарып салып,қол бұлғап қалды.Үйге кіріп:

-Арсенжан,жүр,бүгін көрші үйге барып,қазақша үйренеміз деді жымиып.