Менің ұстазым


Турманов  Бақдаулет

 Қостанай облысы Лисаков қаласы №3 орта мектебі 3 сынып оқушысы

Ұстаз!  Бұл есім менің көңіліме жылылық ұялатады. Ұстаз менің әрдайым жанымнан табылады.  Математика… Сені жұрт «ғылымдар патшасы» деп құрметтейді. Ал мен үшін сен биік шың болып алыстан көз тартасың. Кейде сенің ұшар басыңа қиялап қыран, өрмелеп жылан шыға алмай жатады. Саған талпынып биігіңе жетсе, көлеңкеде емес, күн көзі шыжғырып тұратын күнгейден көрінуі керек!

             Ал мен биік шыңның шынарында тұрмасам да, тырбанып алға ғана ұмтылып, өрмелеп жатқаныма мәзбін. Шыңыңа жетермін бе, әлде жетпеспін бе? Математика тұнып тұрған логика әлем деген ойдамын. Өйткені  логика арқылы шығармашылығымызды дамытамын. Міне, осы орайда менің ұстазым көмектеседі. Ол әрдайым мені есеп шығаруға жетелп жүр.