«Тіл-тірегіміз,соған тұрған жүрегіміз!»


Телеген Аққу Русланқызы, Шарапатова Казна Минуровна, Теңелгенқызы Айнұр, Асылбек  Анеля, Хавдалгалам Батиқа

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенттері

https://youtu.be/2MJ14jp_y1Y

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі

Өлеңді шығарған: Асылбек Анеля

Жетекшісі Мукушева Каракоз Сериковна

Тіл  – қазына

Қаймағы боп тұрған тілі ұлтымның,

Сан додаға түсіп көрді, бұл  – тілім.

Қазақ тілмен Жамбыл, Мағжан, Абайлар

Жамай білген қазағымның жыртығын.

Қазақ тілі  – менің жігер ұраным

Тілімді ойлап, кейде келер жылағым

Қазақ тілін мәңгілікке сақта деп

Бір Алладан күні-түні сұраймын.

Біреулер жүр, өзге тілді жағалап

Қазақ тілім, саған қиын обалақ.

Сақтасын деп көздің қарашығындай,

Бабаларым қалдырған ед  аманат.

Қазақ тілде жеткен бізге жыр-әні,

Біз болайық, қайсар елдің қыраны.

Бабалардың аманатын ардақтар,

Біз болайық, бейбіт елдің ұланы.

                                          Қазақ тілім

 Тал бесіктен басталған ұлы тілім,

Шымырлатар бойымның ұлылығын,

Алпыс екі тамырмен таралған соң,

Өн бойыма жиналған құндылығым.

Қазақ тілім  – тарихымның бастауы,

Құзар шыңнан құлайтындай бастады,

Мынау тарих мына көштен бастау ап,

Тарихымның сырын шерткен тастары.

Аялаймыз әрқашан қастерлеп,

Анамыздай болған асыл қасиет,

Кей жастарым жете алмайды қадіріңе,

Тарихымнан сыр шертерсің әлі де.