Тіл мәртебесі – ел мәртебесі


Төлепбекова Мақпал, Әбілбек Гүлназ, Мадамар Гүлімжан

«Тұран-Астана» университеті студенттері

Мақсаты: Жастарды кез келген ортада ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.

Міндеті:

  • Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жолдарын қарастыру;
  • Өзге ұлт өкілдерінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру жолдарын анықтау;
  • Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудегі алғы шарттарды саралау.

Түрі: пікірталас (дебат)

Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.

Пікір – сайыс тәртібі:

Ойын Карл Поппер форматында өтеді. 2 командадан тұрады. Пікірталасты  жақтаушы топтың бірінші спикері бастайды. Оған 3 минут уақыт беріледі. Сөзін аудиториямен амандасудан бастап, кейіннен өзінің тақырыбын ашу үшін негізгі мәселеге  көшеді.

Біріншіден, төрешілер топтарға жеребе арқылы олардың бағытын анықтайды.(үкімет немесе оппазиция) .Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.

Топтың атын құрастырады.

Екіншіден , тайм-кипер,яғни, уақытты бағалаушы сайланады.  Әр топ спикерлеріне белгілі уақыт тағайындалыналы.негізгі регламент -3 минут. Әр минут сайын сөз сөйлеуші спикерге тайм-кипер уақытты хабарлап, белгі беріп отырады. Ж1-5 минут, Д1—Ж1-3 минут, Д1-5 минут, Ж3—Д1-3 минут, Ж2-6 минут,Д1—Ж2-3 минут

Үшіншіден, пікірталаста екі төреші болады. Төрешілер екі команданың ойынын әділ бағалап, соңғы түйінді шығарады.

Топ жетекшілері сайланады, олардың негізгі міндеті- қарсылас командадан кейін кімнің сөйлейтін хабарлап отыру. Командада 5 адам болады.  Негізгі төрт спикер сөй сөйлегеннен кейін, топ жетекшілері өз мақсаттарын нақтылап, қорытынды ойын айтады. Пікірсайыс аяқталған соң төрешілерге ақылдасуға уақыт беріледі.

Төрешілер шешім шығарғанша,  бүгінгі сабақты қорытындылау үшін «Патриот» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешіп көрсек.

  1. Тілден зікір, көңілден …..
  2. … тілің алпыс тілге татиды
  3. … мәртебесі-ел мәртебесі
  4. Тілі өлген ел- …. өлген ел
  5. .. ойлағанды тіл тындырады
  6. Тіл жүйрік емес, .. жүйрік
  7. …….. басыңа шүмектей тілің жау.
  П і к і р
  А н а  
  Т і л  
  т і Р і  
  м И  
  О й  
к ө н е к Т е й  

(Төрешілердің сөзі)

Бүгінгі сабағымызды Н.Ә.Назарбаев: «Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді» ,- деген сөзімен аяқтағымыз келеді.

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Әдісі: әңгімелесу,пікірталас

Мақсаты: Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру жолдарын талқылау.

Міндеті:

  • қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту;
  • өзге ұлт арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру;

Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер жазылған плакат ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайд,бейнероликтар

Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады.
В.В. Радлов

Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.
Расул Ғамзатов

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл атабабамызды,тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ
Ш. Айтматов


Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған
– оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
Ұлттықзарбаев)п тілі. ң ұлт ретіндег(Әбіш Кекілбаев)
Қазақ Кекілбаев)тілі. ң ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйы
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің өту барысыДөңгелек үстелдің барысы:


Кіріспе Кіріспе сөз:


Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым қасиетіңнен Қазақ тілімДүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!
– дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.

  1. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

    II. Оқытушының сөзі:


«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі– тіл,бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез – келген ұлттың өз тілі,мәдениеті мен тарихы  болады.Ана тілімізді дамытып көкке көтеретін де өзіміз,ұмыттырып,жоқ қылатын да өзіміз.Тіл – халықтың жаны.Халқымыздың бүкіл тарихы ана тілімізбен етене байланысты.Өткен тарихымызды ұмытпау үшін ,болашақты баянды ету үшін ана тілімізді ұмытпау және халықаралық тілдер қатарына жеткізу біздің парызымыз.


Қуаніміздіткізу біздің парызымы
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуанеткендей кескен жаңа кіндігін.
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен

Сол арқ
ылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Тіл-достықтың кепілі“Қазақ тілін білу – Қазақстандық патриотизмнің белгісі”» атты ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дуние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов айтқандай бүгінгі дөңгелек үстелдің қонақтарымен таныстырып өтейн.

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын “Тіл достықтың кепілі” тақырыбына арналған слайдқа назар аударайық.


IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.

Біздің рухани негізіміз –қазақ тілі.Тілге деген көзқарас шынында ұлтқа берілетін баға.Сондықтан тілдің майын тамызып сөйлеп,басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек. «Өзге тілдің барін біл,өз тіліңді құрметте» демекші еліміздің дамуы үшін өзге тілді тиімді қолданып,өз тілімізді басқа ұлттарға дәріптесек алға қойған мақсатымызға бір табан жақындаймыз.


Талқыланатын сұрақтар:
1.Қазіргі қоғамда қазақ тілінің алар орны қандай?

2.Қазіргі таңда жастар қазақ тілінде қаншалықты сөйлейді?

3.Тілімізді халықаралық деңгейге жеткізудің қандай жолдары бар?

4.Өзге тілді білу ,өз тілімізге зиянын тигізе ме?

Y. Әр сұрақтан кейін аудиториядағы студенттердің де жауаптары, пікірлері
тыңдалады.

YI. Қытайдады.қтан кейін аудиториядағы студенттердіннен ата-мекеніне оралған,қазақтың тарихын біршама зерттеп,«Қаралы көш» романын жазған, Еуразия жазушылар одағының мүшесіЖади Шәкенұлының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

YII. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Ендеше тіліміздің,еліміздің биіктен көрінуі өз қолымызда екенін ұмытпайық.


Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім – тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – сол ана тілің. Ана тілінің бүге – шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы к
елетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой – пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.

 Ана тілім бал тілім

 Өзің барда шалкыдым

 Өз тілімде ән шырқап

 Термелетіп балқыдым

Ән : «Мен қазақпын»


Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!