«р» кіші әріпінің жазбаша түрін жаздырту


Тлеужанова Айнагуль Ноурозбаевна

Көкшетау қаласы №1 арнайы  мектеп-интернатының мұғалімі

Сабақ: 2.Көкшетау қаласы №1 арнайы  мектеп-интернаты
      3. Мерзімі: 4.Мұғалімнің аты-жөні: Тлеужанова А.Н.
      5.  Сыныбы:  2 «В» 6.Қатысқандар:6 Қатыспағандар:0
Сабақтың оқыту мақсаты Сабақ барысы: 2.5.4.1  кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазу  
Сабақтың мақсаты: бәрі:  р әрпінің жазбаша түрін көрсете алады. Көбі: р әрпінің жазбаша түрін  жаза алады. Кейбіреулері: р әрпінің баспа түрі мен жазбаша түрін сәйкестендіре алады.  
   
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика     Жоспар
Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі Көңіл күйлерін қалай? Бір-бірімізге қарап жымиямыз. Артикуляциялық жаттығу (шарбақ, тәтті тосап, сағат, )   Оқушылардың алдарында қағаз жатады. Ал балалар қағазды алып, үрлейміз. Нені көріп тұрсыңдар? (бауырсақ) дұрыс айтасыңдар. Бауырсақ ертегісіне қош келдіңдер!!!   Ерте-ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне: бауырсақ пісірші,- депті. Кемпір: жарайды, -деп қамыр иледі. Қамырдан бауырсақ қуырды. Бауырсақ суысын деп оны терезеге қойды. Бір кезде бауырсақ домалап кетті. Домалап келеді, домалап келеді,- алдынан қоян шықты. -Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. -сонда бауырсақ: -жемеші мені, – деп жалынады. Қоян: менің тапсырмамды орындасаң мен сені жемеймін, -деді Ал, балалар, бауырсаққа көмектесемізбе? Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.   Үй жұмысын қайталатқызу. Өткен сабақта біз қандай әріпті жаздық? Дұрыс айтасыңдар –н- әрпін. -Н- әріпін қайталатқызу. -Н- әріпіне қатысты суреттер. -нан, нар, лимон, шана т.б яғни н әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да тұрады.  (бауырсақ домалап кетеді) жарайсыңдар балалар сендер жарадыңдар     -бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Алдынан қасқыр шығады. Бауырсақ, бауырсақ, -мен сені жеймін. -сонда бауырсақ: -жемеші мені, – деп жалынады. қасқыр: менің тапсырмамды орындасаң мен сені жемеймін, -деді Ал, балалар, бауырсаққа көмектесемізбе? Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.   Қасқырдың дауысы қалай шығады? РРРРРРРРРРРР ррррррр Қане бәріміз қайталап көрейікші   Р дауыссыз дыбыс. Р әріпін тақтаға жазып көрсетемін. Оқушы тақтаға  барып жазады. -Тактилді әдіс бойынша –р- әріпін жаздырту -жіппен жаздырту   Бауырсақ орманның ішінен  домалап келе жатқанда шөптің тікенектері қолдарын қажалайды. Біз қолымызға жаңғақ алып қолымызға жаттығу жасаймыз.  -дәптерге жаздырту.  (бауырсақ домалап кетеді) жарайсыңдар балалар сендер жарадыңдар   -бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Алдынан аю шығады. Бауырсақ, бауырсақ, -мен сені жеймін. -сонда бауырсақ: -жемеші мені, – деп жалынады. аю : менің тапсырмамды орындасаң мен сені жемеймін, -деді Ал, балалар, бауырсаққа көмектесемізбе? Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. -р- әрпі бар қағаздарды балаларға  таратамын. Олар ермексазды алып үстінен басып шығу керек. Ал ермексаздың үстінен трубочканың қиындыларымен безендіреді. (қолдың ұсақ моторикасына арналған тапсырма)   – р әрпін әдемі тастармен безендіру – р- әрпі бар суретті бояу Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп, теріп аламыз Қалтамызға саламыз. (бауырсақ домалап кетеді) жарайсыңдар балалар сендер жарадыңдар     -бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Алдынан түлкі шығады. Бауырсақ, бауырсақ, -мен сені жеймін. -сонда бауырсақ: -жемеші мені, – деп жалынады. Түлкі : менің тапсырмамды орындасаң мен сені жемеймін, -деді Ал, балалар, бауырсаққа көмектесемізбе? Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.   Әріптердің ішінен –р- әріпін тауып алып,  түймемен белгілеу. -р- әріпін  пазл ретінде жинау; Қорытынды:   а4 қағазды таратамын.Ол қағазда май шаммен жазылған әріп бар, бірақ ол көрінбейді. Балалар гуашпен бояған кезде ол әріп пайда болады.Қандай әріп шықты? Дұрыс айтасыңдар –р- әріпі шықты.   (бауырсақ домалап кетеді) жарайсыңдар балалар сендер жарадыңдар   Бауырсақ келе жатқанда ойланып қалады. Оданша мен атам мен әжеме барайын дейді. Аман-есен үйіне оралады. Балалар сен дер сабаққта жақсы жұмыс істедіңдер. Жарайсыңдар!!! Сендерге бауырсақ ертегісінен әжеміз бауырсақ пісіріп сендерге берін жіберді. Сабақтан кейін сендерге бауырсақ таратамын. Сабақ аяқталды..               (слайд 1)       Слайд 2                                                                                                                              
Оқушылар тізімі р әрпінің жазбаша түрін көрсете алады. р әрпінің жазбаша түрін  жаза алады. р әрпінің баспа түрі мен жазбаша түрін сәйкестендіре алады.  
Аманжол Айдана +
Жамағатхан Риза + +
Жұмабай Санжар + + +
Қаппас Сәуле + + +
Сисенбек Нұрсұлу + +
Улыкманов Батырхан +