Денеге қалай күтім жасаймыз?


Сейдахметова Айгерим Сериковна

Бозайғыр орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пән: Жаратылыстану   Мектеп : Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр орта мектебі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім. Тірі табиғат. Адам  
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова Айгерим Сериковна
Сынып: 2 Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Денеге қалай күтім жасаймыз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 2.2.3.4 денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның рөлін анықтау. 2.2.3.5 денсаулықты сақтауда тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Гигиенаны сақтаудың адам өміріндегі рөлін айту, тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау. Көптеген оқушылар: Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын анықтау Кейбір оқушылар: Тіске күтім жасауды, жеке бас гигиенасын сақтау жолдарын түсіндіру.
Бағалау критерийлері Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын анықтайды.Жеке бас гигиенасын сақтайды.
Тілдік мақсаттар Тілдік мақсаты: Тіс не үшін қажет екенін түсіндіре алады,  «Денсаулық» сөзінің мағынасын айтады. Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: Тазалық, тіс, тісжегі, алдыңғы, азу тіс.     Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: -Жеке гигена деген не? -денсаулықты қалай сақтау керек? -дене мүшелерін атаңыз -әр дене мүшелерінің атқаратын қызметін атаңыз – Денеге қалай күтім жасау керектігін білесің; – Тіс не үшін қажет екенін түсінесің.
Құндылықтарды дарыту Оқушылардың  бір – біріне  көмектесу, ынтымақтастыққа үйрету. Жауапкершілік.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану,  сауат ашу
АКТ қолдану  
Алдыңғы меңгерілген білім Денсаулық, гигена қатысты сөздерді іріктей алады.