Мектепке апаратын жол


Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің картасы 

Карта организованной учебной деятельности  

Балабекова Армангуль Рамазановна

Екібастұз қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы КМҚК-нің тәрбиешісі

Organized  teaching  activity 

Топ/ Группа/Group:  Ересек «А»       

Қатысқандар саны/Количество присутсвущих/Attendance numbers:       

Мезгіл/Дата/Date:    

Өтпелі тақырып/Сквозная тема/Theme: Әрқашан күн сөнбесін.     

Апта тақырыбы/Подтема недели/Subtheme: Мен білемін.  

Білім беру саласы/Образовательная область/Educational area: Қатынас.                                                                                               

Бөлімдері/Разделы/Section: Сауат ашу,Сөйлеуді дамыту.                                                                                                    

Бөлімше/Подразделы/Subsection: Қорытынды сабақ.        

Тақырыбы/Тема ОУД/Theme of  lesson: «Мектепке апаратын жол»                                          

Мақсаты/Цель/ The aim:  Балаларға жыл бойы өтілген оқу  іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып,білімі-білік дағдыларын сараптау.                                                                                                                                                                

Міндеттері/Задачи/Tasks: Балалардың білімдерін бекіту, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту                                                                                                                           

Білімділік/Образовательная/Educational: Дауысты, дауыссыз,дыбыстарды ажырата білу.                     

Дамытушылық/Развиващая/Developmenal:Дидактикалық.логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру.                                                                                               

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ойлау

Сөздік жұмысы: Мектеп.Әліппе                                                                                                                                                                                         

Тілдік дағдылар (грамқұрылымы,сөздік)/Языковые навыки ( грамстрой, словарь)/Language skills (gramsystem, vocabulary): әріп, дыбыс                                                                                                                                                                                                                                

Билингвальды компонент: Мектеп- школа – school, Әліппе- азбука- primer.                                                                                                    

Көрнекі құралдар/Оборудование/Equipment:  Слайд,үнтаспа,текшелер,әріптер,ноутбук.                                                                                                                                                                      

Іс-әрекет бөлімдері   Тәрбиешінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті                           Есеп
Кіріспе бөлімі   Шаттық шеңбер:
Үш тілде қонақтармен амандасамыз. Балалар,бүгінгі іс әрекетіміздін тақырыбы: «Мектепке апаратын жол» деп аталады,-Ал сендер мектепке дайынсындарма? Ендеше сендердін білімдерінді тексерейік. (Электронды поштаға хат келген дыбыс шығады). Балалар бізге біреу хат жазған сияқты.Қане ашып көрейік.
Шаттық шеңберіне
жиналып, амандасады.   Ия даыйнбыз
   
Негізгі бөлімі                                                                                                                                                                                                                                 Қорытынды бөлімі.   Тосын сәт: Буратинонын бейнесі -Балалар сендер оны таныдындарма? -Дұрыс балалар ,ол бізге хат жиберіпті қане оны оқиық. Тәрбиеші хатты ашып оқиды. Картаны алады. -Балалар ендеше біз «Білім әлеміне» саяхат жасап келеміз бе? -Ал білім әлеміне жету үшін біз көзімізді жумайық ,ал мен беске шейін санаймын. 1Ендеше карта бойынша бізге «Мезгілдер әлеміне» бару керек. -Балалар бір жылда неше мезгіл бар? -Дүрыс айтасындар,кім маған мезгілдерді атап береді. -Жарайсындар,ад қазір қай жыл мезгілі? -Жақсы дүрыс,көктемде неше ай бар? -Атап беріндер. – Жақсы ,ал қазір көктемнің кай айы? -Жарайсындар балалар, міне Буратино бізге бірінші сілтеме қалдырыпты (кілттін бір бөлігін алады). 2-Ендеше біз картаға назар аударайық, үнтаспадан әртүрлі  дыбыстар шығады . – Балалар бұл не? – Демек біз «Дыбыстар әлемі» жеттік. -Балалар дыбыс деген не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жақсы ал балалар даусты дыбыс қалай айтылады? -Дауысты дыбысты кандай түспен белгілейміз? -Дұрыс балалар, ал дауыссыз дыбыс қалай айтылады? -Оларды кай түспен белгілейміз? -Ал қазір біз текшемен жұмыс жасаймыз бірақ бұл жумысқа кіріспей тұрып «Тіл ұстарту» жаттығуын жасап алайық. – Тем – тем – тем, Көңілді көктем. Ыр – ыр – ыр, Жауады жаңбыр. Ғай – ғай – ғай, Жарқылдайды найзағай.  Шек – шек – шек, Шығады бәйшешек. Ал –ал –ал, Төлдейді мал. -Жақсы балалар ендеше текшемен жұмысқа кірісейік.   «Мектеп» суретін тақтаға іледі.Балалар,мына бір сөз дыбыстарын жоғалтып алыпты, тауып беруге көмектесеміз бе? Бұл қандай сөз? «Мектеп»сөзінде неше дыбыс бар? (6) дыбыс. Кане,бірінші дыбысты жақсы есту үшін бәріміз айтып көрейікші. (Меектееп).Бұл сөзде бірінші қандай дыбыс ?   (М)дыбысын айтқанда бізге не кедергі болып тұр? (ерін).Бұл сонда қандай дыбыс? (дауыссыз).Қандай текшемен белгілейміз? (көк).Мектеп сөзіндегі екінші дыбысты жақсы есту үшін тағы қайталап айтайықшы. (Меектеп).Бұл дыбысты айтқанда ернімізге не кедергі болып тұр? (ештеңе).Олай болса бұл қандай дыбыс? (дауысты,өйткені еш кедергісіз айтып тұрмыз). Қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Қалған дыбыспен талдау жасайды.                                                                              Тәрбиеші тақтаға Әліппенің суретін іледі. Балалар,мына сөз де дыбыстарын жоғалтып алыпты.Енді бұл сөзге өздерің дыбыстық талдау жасап,текшемен белгілеңдер. (балалар орындарында отырып талдау жасайды). Билингвальды компонент: Мектеп- школа – school, Әліппе- азбука- primer. -Жақсы балалар жарайсындар енді біз мына сөздерді буындарға бөлейік (Мектеп,әліппе,қалам,дәптер)                    Қане,сөз шығу үшін мына буынға басқа буын қосып сөз шығарайық. Са, Жо, Ар буындарына балалар сөз ойластырады( самал, сабын,сағыз, сағат,арна,арқа,арқау,жол,жоба,жолақ). -Жарайсыңдар,көптеген қызықты сөздер ойластырдыңдар,жіне біз екінші сілтемені таптық(Кілттін екінші бөлігі) -Балалар сендер шаршадындарма? Ендеше серігіп алайық. –Сергіту сәті: Бейнетаспадағы қимылдарды қайталайды. 3-Ендеше балалар картамызды көмекке шақырайық келесі тапсырма бізді «Әріптер әлемінде» күтіп тұр, іске сәт балалар. – Балалар әріп деген не? -Дұрыс балалар ендеше біз орнымызға отырып тапсырманы орындайық.Тапсырманы орындамас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық. –Саусақ жаттығуы:  Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.  Бірінші тапсырма «Заттардын аты қандай әріптен басталса,сол әріпті тор көзге жазамыз.Әр жолда пайда болған атауды оқы және рамадағы соған сәйкес сүретті қорша». Екінші тапсырма «Заттардын атын сәйкес келетін жолдарға жаз» Үшінші тапсырма: Тақтанын алдында жұмыс. -Жақсы балалар біз ушінші сілтемені таптық (Кілттін үшінші бөлігі) .Олай болса біз картаға  назар аударайық келесі балалар    4« Апталар әлемі» -Балалар бір аптада неше күн бар? -Апта күндерін кім атап береді? -Бүгін аптаның нешінші күні? -Жақсы ал кеше қандай күн болды? -Керемет балалар жарайсындар. -Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын дайынсындарма? Жасырылған кілттін ақырғы бөлшегін табамыз. -Жарайсындар балалар біз барлық тапсырмалардан өтіп сонына келдік,енді мына бөлшектерді құрастырып не шыққаның көрейік.(Кілт) -Бұл кілт қой !Демек балалар біз қақпаға жеттік (Слайд, қақпа ашылады,мектеп,буратино әліппемен). Сандықты ашамыз ішінен әліппе,және алтын тенгелер табамыз. -Балалар Буратино бізге рахмет айтып мектепке жеткізіп тастады,енді біз мектепке баратын жолды білеміз ба? -Жақсы балалар біз Буратиноға жоғалған әліппесін табуға көмектестік.Енді өз балабақшамызға оралайық.Көзімізді жұмамыз беске шейін санаймыз.   -Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді? -Біз қандай тапсырмалар орындадық? -Ендеше балалар біз мектепке не апарамыз соны есте сақтайық.(Венн диаграммасымен жұмыс) -Жарайсындар балалар жақсы жұмыс жасадындар.Рахмет!

           
  -Ия,ол Буратино   -Балалар хатта жазылганмен келісіп Буратиноға көмектесуге келіседі. -Ия ,барамыз.   Балалар кемеге отырады.Саяхат басталады.   -Бір жылда төрт мезгіл бар -Балалар мезгілдерді атап береді. -Қазір көктем мезгілі. -Үш ай бар – Науырыз,сәуір және мамыр. – Қазір көктемнің мамыр айы.         -Ол дыбыстар.   -Дыбысты біз естиміз. -Дыбыстар екіге бөлінеді.Даыусты дыбыс.дауыссыз дыбыс. – Дауысты дыбыс әндетіп,созылып айтылады. – Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз. -Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырайды. -Дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.     -Балалар тіл ұстарту жаттығуды Тәрбиешімен бірге қайталайды.   -Балалар тапсырмаларды жасайды.                                     Сөздерді қайталайды   Сөздерді буындарға бөледі,бундардын жалғасын табады.               -Ия           -Әріпті біз көреміз,айтамыз,жазамыз.       Саусақ жаттығуын жасайды.                   Тапсырмаларды орындайды.       -Бір аптада жеті күн бар.   -Бүгін аптаның бесінші күні жұма. -Кеше бейсенбі күні болды.   -Ия дайынбыз.                     -Ия білеміз.         -Буратино келді. – Дыбыстарды талдадық,әріптерді жаздық т.б    

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                                                                                                                         

Қабылдайды: Берілген тапсырмаларды орындайды                                                                                                                                                   

Түсінеді: Балалар сөз бен дыбыс туралы түсінікті игерді.                                                                                                                                                     

Қолданады: Жыл бойы алған білімдерін көрсете алады.