Асыл сөздің иесі – Абай ата


Екібастұз қаласы білім бөлімінің
№7 «Ботақан» бөбектер бақшасы КМҚК-нің тәрбиешісі

Кулимбетова Оразгул Камалиевна

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адалдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге!

С.Торайғыров

Ұлы Абай атамыздың әр сөзін терең ойға сіңіріп, сезіну – көкірегі ояу әр азаматтың парызы. Абай – ұлы данышпан, ойшыл ақын. Егер азғантай шолу жасап көрсек: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Қалың елім қазағым – қайран жұртым» т.б.

Өлеңдерден басқа 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар екен. Абайдың қара сөдерін саралай отырсақ, оның кім екенің айта аламыз. Абай – ойшыл, Отан сүйгіш ақын. Өзінің туған жерінің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп оның ақындығына ықпал етті.

Абайдың әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі де «болмасаңда – ұқсап бақ» деген. Мен өз тобымда жасы беске толған балаларға осы үлкен тұлға Абай атамыздың көптеген мақал-мәтелдері, қара сөздері арқылы тәрбиелік жұмыстар атқарып келемін. Ұлы ақын балаларды еңбекшілікке бауылиды, жағымсыз, пайдасыз мінез – құлықтан арылуға шақырады. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін Абай атамыздың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен сусындатып, терең біліктіліктерін арттыруға үлкен ықпал тигізетіні жайлы айтқым келеді. Ата – аналарымызға да әрдайым тек Абай атамыздың қара сөздерімен өз балаларын тәрбиелеуге кеңес береміз.

Абай өз елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреліп, тебіренсе, бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан сарқылмайды. Абай данамыздың қалдырған ізі ешқашан өшпек емес.