Оқушыларға патриоттық тәрбие беру


Укубасова  Анжелла Сагидоллаевна

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің  білім бөлімінің орта мектебі “Қостомар ауылы орта мектебі” ММ бастауыш сынып мұғалімі

Ата-бабадан қалған асыл мұра – батырлар жыры десек, батырлар жыры – ұлттық тәрбие бесігі. Онда Алпамыс батырдың елін-жерін қоғаудағы ерлігі, Қобыландының ел-жұртына, сүйген жарына деген махаббаты, т.б. үлгі аларлық қасиеттер. Осындай эпостық жырларыды оқыта отырып, мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды сезіне білу және әрбір жасөспірімнің бойына сіңіру, олардың көзқарасын ұлттық құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл құндылықтарға зат, құбылыстардың ықпалымен ғана емес, сөздің әсерімен де ықпал етуге болады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны –  туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, оның рәмәздері. Олардың адам көкірегінде жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де игі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. Өйткені қару-жарақты қанша меңгергенімен отаншылдық іс-әрекетіне ішкі жан дүниесі, сана-сезімі дайын болмаса, елі мен жері үшін жанкештілікке баруы екіталай. Мұны күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек деп қарауға болмайды. Бүгінгі қазақстан жағдайындағы патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың өз ана тілінде сөйлеуі, мемлекеттік тілге деген ерекше құрмет, ұлттық тәрбие, мінез, жүріс-тұрыс қалыптастыру, айырым, мейірім, т.б. сезімдерді қалыптастыру. Ел болу үшін ұлттық рух, Отанға деген ізгі қасиет, мемлекетке деген сенім болу қажет. Кімде-кім халыққа, мемлекетке, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанының жат шылауында кетуінен қауіптенеді. Ондай тұлға Отанының патриоты, батыры бола алмайды. Сондықтан отбасынан бастап, балабақша, мектеп, басқа да оқу орындары мен қоғамдық ортада мемлекетке, оның жарқын болашағына деген сенімді санасына нық орнатуға бала тәрбиесіне жауапты барлық тұлға мүдделі болу қажет.Сонымен, патриоттық тәрбие – өлшемдер ретінде таңдап алынған, бірнеше бөліктерден тұратын сабақтас сапа. Оған мыналар жатады:

  1. Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде санау;
  2. Мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді қастерлеу;
  3. Қазақ халқының тарихын бағалайтын қасиет.

Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуіріне өзінше үн қосып, соны соқпақ іздейді. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы