Физика пәнінде жобалық –зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру студенттің шығармашылығын қалыптастырудың негіз


Нурсейт Багдагул
Ақмола облысы Шортанды ауданы «Мектеп-интернат-колледж» КММ оқытушысы

Ізденсе,талаптанса, қолдан  жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш  уақытта  берекелі  болмақ емес.

                                                        Жүсіпбек Аймауытов

Педагогикалық тәжірибенің  пайда болуы және қалыптасуы  қазіргі қоғамдағы адамдар үшін жаңа міндеттер қойылады. Оларға заманауи  байланыс құралдарыын меңгеру,ақпараттық технологияларды қолдану  және желілік ақпараттардың терең меңгеру арқылы жетістікке қол жеткізу мүмкіндіктері пайда болуда.

 Ойлау мен шығармашылық қабілеттердің дамуы ,белсенділіктің  арттыру қоршаған әлемдегі сан қилы ақпаратты меңгеруге жағдай жасалынған.

Сондықтан жалпы білім беруде танымдық қабілетті дамытуда жобалық оқу-зерттеу жұмысының маңызы өте зор. Жобалық оқу-зерттеу жұмысы білімнің  түрлі  саласының  әдістерін , жаңашылдығын қамтып, жаңашылдыққа құштарлықты қалыптастырып,ізденушілік,зерттеушілік қасиетті қалыптастырады.


             Қазіргі уақытта оқытудың  оқу-тәрбиелеу бағытына , білім сапасын арттыруға үлкен мән беріледі.

 Студентті саналы тәрбиелі,сапалы білімммен қамтамасыз ету үшін түрлі сұрақтарға тап боламыз. Сол сұрақтарды шешу үшін сан түрлі жұмыстар атқарылуда.

 Солардың бірі студенттердің арасында  жобалық-зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру шығармашылық қабілеттерін дамыту,ақпаратты өз бетінше іздеу,ақпарат кеңістігін пайдалану,туындаған мәселелерді өз беттерінше шешуге,білімдерін тәжірибеде іске асыруға зор мүмкіндік береді.

       Сыныптан тыс уақытында студенттердің жобалық-оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бағытында біршама тәжірибем бар.   Осыған байланысты жобалық-оқу-зерттеу жұмысының студенттердің танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы  талдау қажеттігі туындады.


Тәжірибенің өзектілігі:

Білім беру жүйесінің қарқынды өзгерісіне сәйкес бүгінгі студенттердің шығармашылық ойлау қабілеті мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі туындауы.


     Қоғам дамуында жан-жақты дамыған шығармашылық қабілетті жеке-тұлға бағалануда. Сондықтан  жан-жақты дамыған білімді ұрпақты қалыптастыру талабы туындауда.

Бұл бағытта физика пәнінің қосатын үлесі зор. Бұл ғылым

заңдар мен табиғат ерекшеліктері, ғылыми-техникалық жетістіктері

туралы түбегейлі білім береді

   Өзгерістерге толы осы заманда стандартты емес жағдаяттарды шеше алатын,заман талабына сай өзгерістерге  тез бейімделетін,жаңашыл ,оқу білімге деген талпынысы бар , құзыреттілігі қалыптасқан  жастарды қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің  жеке тұлғаға бағдарланған тұжырымдамалары

жеке тұлғаның қалыптасуына,өзінің табиғи күшіне сүйене отырып дамуына жағдайлар жасауға бағытталған.

Егер  адамның ортасында үнемі  бәсекелестік болса,қалыптасуы табысты өтеді, Оқытушысы мен оқу өндірісі шебері студенттің мұқтаждықтарын, компьютерлерге ,ұялы телефонға тәуелділіктерін  білу қажет. Қазіргі студенттер желілік ойындар мен пайдасыз ақпараттарға назар аудару арқылы уақыттарын өткізіп жатқаны алаңдатуда.

Сондықтан оларды қызықтыру,танымдық  шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында  білім беру үрдісінде жобалық-оқу-зерттеу жұмысы белгілі нәтижесін беретінін тұжырымдадым.

  Мақсаттары мен бағыттары:

«Физика пәнінде жобалық –зерттеу жұмысын ұйымдастыру»тақырыбындағы тәжірибені жинақтау,теонияға негіздеу.

•Оқыту әдіснің  пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын, қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруін, жеке шығармашылық жұмысының қалыптасуына  тиімділігін талдау

 
• Өзін бағалау,өзі сезіну,өзі жасау сенімділігін қалыптастыру арқылы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастра тәрбиелеу

.
• Ынталандыру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру әдістерін қолдану.

Осы тәжірибеде шешілген қайшылықтар, қиындықтар:

Жобалық-зерттеу жұмыстарын пайдалану әдісі қиындықтар мен кездескен мәселелерді шешуге  мүмкіндік береді.

-Олар: оқуға деген төмен мотивация;

-төмен танымдық белсенділік;

-физикадағы білімінің  деңгейінің жеткіліксіздігі .


· жеке тұлғаның өзін дамыту жолдарын қалыптастыру (физика ғылымының маңызын түсіну);

Тәжірибенің педагогикалық негізі сабақта және сыныптан тыс уақытта жобалық-оқу-зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы студенттің шығармашылық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасауда оқытудың жобалық-оқу-жерттеу жолдарын көрсету.

Тәжірибенің жаңашылдығы:
Педагогикалық-ұйымдастыру жүйесі негізінде студенттердің білім,білік дағдыларын қалыптастыруда  жобалық-зерттеужұмысын ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, озық техникалар мен жаңашылдыққа құштарлықты қалыптастыру.



Тәжірибе ауқымы: Оқу үрдісінде физикадан сыныптан тыс курстар мен факультативтік жұмыстар ұйымдастыыру.

Тәжірибе жұмысының ұзақтығы:
Ιкезең- – алғашқы  (құрастырушы) – қыркүйек  2016 – қыркүйек 2017 года.
ΙΙ
кезең – негізгі (қалыптастыру) – қараша 2017 – наурыз 2018 жыл
ΙΙΙ
кезең – қорытынды (қолдану ) – наурыз-мамыр  2018 жылы

ІV.кезең-(тәжірибе алмасу) қараша 2018-мамыр 2019 жыл.
Теориялық негізі: Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық тұлғалық-қалыптастыру технология қолданылды. Себебі жобаларды құрастыру және зерттеу барысында студенттердің шығармашылық қабілеттерін танып біліп , ұйымдастыра білу аса маңызды.

Зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарының айырмашылығы неде?

Жоба- латынның projectusсөзінен шыққан «аға жобалау»

Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.

Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:

– жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;

– жобаны құжат түрінде анықтау.

Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс – нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:

-нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;

-белгілі ресурстар;

– басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.

Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.

Зерттеу  –  айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады. Оқытудағы индукция (лат. inductio — сілтеу) — оқу барысында ой тұжырымын пайдалануда ойдың өрбуінің жалқыдан жалпыға қарай ілгерілеуі.

Зерттеудің теориялық негізі:

Жоба дайындау шеберлігін арттыру, бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыру мүмкіндіктері;

Нәтижесінде уақытты тиімді  пайдаланады,ақпараттарды салыстырады;

Өз пікірін ашық айтады;

Жобалау — зерттеу қызметіне   үйретудің  өзіне тән ерекшеліктері болады.

Ғалымдар жобалау-зерттеуге талпыныстың  жүре пайда  болатын сипаты жөніндегі көзқарасты қуаттайды. Оқушылардың  рухани өсуі және   жан-жақты  жетілуі бойынша  жүргізілген  зерттеулер  дамытылмаған  дарындылықтың  жойылып кететіндігін көрсетеді. Кейде  балалар  ұяң, жасық болады. Бірақ белгіліден-белгісізге, қарапайымнан  күрделіге қарай жүргізілген жүйелі  қызметтерден  кейін  оқушының бойында белгілі  бір нәрсеге, іс — әрекетке деген қызығушылық пайда болып, ынтасы артады, қажетті дағдылар қалыптасып, кейін ол айқын қабілетке ұласады.

Жобалау — зерттеу қызметін  қалыптастырып, дамыту үшін  қоршаған ортада қызықты жайттардың болуы, білуге құмарлықты, ынтаны, қиялды дамытуы қажет, себебі: тек сонда ғана  оқушылардың қызығушылығының мәні артатын болады. Өзі қызыққан нәрселерге  ерекше мән беріп, түрлендіріп, оны дараландыруға мүмкіндік жасайды, нәтижесінде  оның өзіндік ерекшелігі пайда болады,яғни ізденісінің артуына септігі тиеді. Сонымен жобалап — зерттеу дарындылығы оқушылардың ақыл — ой, шығармашылық, әлеуметтік хабардарлық, көркемдік және психомоторлық мүмкіндіктерінің бірінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін дара,танымдық, мотивациялық  және әлеуметтік  күш-қуат  ретінде түсінеміз.

Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, оқушылардың жобалау-зерттеу  қызметтерін  қалыптастыру, байыту және дамыту моделін (үлгісін) жасадық.

Үлестік (порциальная) бағдарлама  орталық психологиялық жаңа құрылымды, шығармашылық тұрғыда жобалаудың бірлігі ретінде айқындалатын танымдық белсенділікті қалыптастырудың психологиялық  механизмі  негізінде құрастырылды. Шығармашылық тапсырмалар мен  түрлі ойындар жүйесі осы механизм негізінде жасалды.Бағдарлама  негізін  құрайтын  қабілеттер төмендегідей:

тапқырлық, қиял, таңдай білу, сынай білуі, мәселені қоя білуі және шеше білу, өзгерістерді қабылдап,тудыра білу.

Жобалау мен зерттеу обьектісіне не себеп болды?

Қызығушылық: қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту үшін өз қабілетін ұштау, бейімділігін байқау;

Қажеттілік: жинақтаған  материалдарды  сыныпта,сабақтан тыс уақыттарда пайдалану;

Құндылықтар: жергілікті жердің құпия сырлары туралы зерттеп білу,жоба жасау,бағалау;

Өз бетінше жобалау, зерттеу  қызметін  ұйымдастыру  үшін  неден  бастаған дұрыс?Өзіме сұрақ қойдым.

-Проблемалық тақырыпты айқындап алу;

-Сол негізде оқушыларға өзіндік жұмыстар  тапсыру;

-Өзіндік бағыт-бағдары  айқын жеке тұлға қалыптастыру;

Өзгерістер: затты, құбылысты  зерттеуге  қызығушылықтың артуы; өз бетінше  таңғажайып ой тудыруы; мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасауы;

Жобалық-зерттеу жұмысын іске асыру жолдары:  физикалық тәжірибе, зертханалық  практикумжаппай зертханалық жұмыстар,тәжірибелік тәжірибелік есептер шығару, құрастырылған есептер, жаңа білімді жобалау-зерттеу арқылы ұйымдастыру.

Жобалық-зерттеу жұмысы студенттердің шығармашылық, зерттеу міндеттерін бұрын танылмаған шешімдермен және ғылымда қабылданған дәстүрлерге негізделген, ғылыми салада зерттеуге тән негізгі кезеңдерді қамтитын шешімдерімен байланысты проблемалық мәселелер, осы мәселеге арналған теорияны зерттеу зерттеу әдістерін іріктеу және практикалық меңгеру, өз материалдарын жинау, талдау және синтездеу, өз қорытындыларын жасау әрекеттері қарастырылады.

  Студенттердің  физика сабағының  кез-келген зерттеуі ұқсас құрылымға ие. Мұндай тізбектің зерттеу жұмыстары білім беру саласындағы зерттеудің негізгі мақсаты ғылымнан ерекшеленеді.

    Егер ғылым саласында мақсатты түрде жаңа білім алуға бағытталған болса, онда білім беруде зерттеу мен дамытудың мақсаты – студенттің жеке басын зерттеумен айналысып, оларды дербес немесе оқытушының көмегімен анықталған жаңа білімдерді субъективті түрде алу. Олардың физикадағы қызығушылығын ояту, физика мен білімнің ғылыми-зерттеу жұмысындағы өмір туралы білімін және жаңа ойларын кеңейту мен тереңдету міндеттері әртүрлі жолмен шешілуі мүмкін. Көптеген жұмыстың арқасында студенттердің қызметі теориялық негізде – есептерді дайындау, эссе жазу, пмәселерді шешу немесе үлгілерді, құралдарды, көрнекі құралдарды немесе оқу-зерттеу жұмыстарын тәжірибелік өндіруге негізделген. Тәжірибе көрсеткендей, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі:

 – қызығушылықты дамыту және физиканың білімін өзектендіру;

– студенттердің зияткерлік бастамаларын дамыту;

– ғылыми ойлауды дамытудың алғышарттарын жасау;

– кез келген қызмет түріне шығармашылық көзқарасты игеру;

– ақпараттық технологияларда оқыту және коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу;

– дамушы ортаны  қалыптастыру;

– кәсіби шеберлікпен өзін-өзі анықтауы;

Менің тәжірибемде студенттердің жобалау- зерттеуді жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдер төмендегідей:

1. Зерттеу тақырыптарының тізімін жасау.

2. Колледжде ресурстық орталығын құру.

3. Студенттер мен оқытушылардың жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

4. Теориялық материалдардың көлемін және тақырыбын анықтау.

5. Жұмысты ұйымдастырудағы сілтемелер тізімін анықтау.

6. Зерттеу әдістерін анықтау.

7. Зерттеудің болжамды нәтижелерін анықтау.

8. Студенттердің өзара әрекеттесу схемасын анықтайтын рөлдерді таңдау

зерттеу.

9. Жұмыстың барысын және оның ауқымын жоспарлау.

10. Жобалық-зерттеу жұмыстарының презентациясын ұсыну жолдарын рәсімдерін жасау

Физика табиғатты зерттейтін ғылым ретінде бақылаулар мен тәжірибегеге негізделген, ал жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ғылымға деген физикалық қызығушылықты арттыратын қажетті жол болып табылады. Алғашқы кезең: Тәжірибеде  көрсеткендей, студенттердің табысты ғылыми-зерттеу жұмысы, сыныпта да, сыныптан тыс та жұмыстың дағдыларын дамыту, зерттеуге қызығушылықты арттыру қажет. Мысалы, сабақта «Үйкеліс күш» тақырыбында  студенттер келесі сұрақтарды қарастырады:

1. Үйкеліс күші пайда болғанда

2. Үйкеліс күшінің себебі не

3. Үйкеліс күші қалай басқарылады

4. Үйкеліс күші неге байланысты. Осы төрт сұраққа жауап беру үшін студенттер тәжірибелік жұмыстарды жүргізеді, динамометрді, жүктер жиынтығын, ағаш тақтайшаны, ағаш ұстамды, өрескел материалды пайдаланып зерттеу жүргізеді. Жұмыстардан кейін өздерінің қорытындыларын жасауға шақырылады.

Үйкеліс күші 1-ге байланысты. — 2 .— 3. — Үлкен қызығушылықпен келесі жобалық-зерттеу жұмыстарын орындайды:

      Менің ойымша, әрбір іздеуде жаңалықтың бір элементі бар. Содан кейін ғана әр студенттің шығармашылық белсенділігін дамытатын іздестіру іс-шаралары тәуелсіздікке ие болады. Шартты зерттеу жұмыстарын бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін екі түрге бөлуге болады. Біріншіден, Студенттер және  әрбір моқытушы  іздейді:

           – студенттерді мақсат қоюға үйрету;

           – зерттеу жоспарын жасау;

           – қажетті құралдар мен материалдарды таңдау;

           – қажетті қондырғыларды жинау;

           – зерттеу жүргізу және тұжырымдарды тұжырымдау;

     Екінші кезең: – студенттердің өздерінің зерттеу жұмыстары.

Қолданыстағы білімге негізделген «Өшпелі тербелістері зерттеу», «Түрлі амплитудада тербелуі», «Күрделіі жүйелердегі тербелістер».

    Жыл сайын колледжде және облыста ғылыми-зерттеу конференциялары өткізіледі. Студенттер осы тақырыпқа ғылыми қызығушылықтарын арттыратын ғылыми конференцияларға қатысу тәжірибесімен бөліседі. Студенттерндің жобалары соңғы жылдары «Облыстық «ХХІ ғасыр потенциыла» оқу-зерттеу жобасында ІІ орын иеленген

«Жарықтантыру жүйесіндегі жарықдиод шамдары» тақырыбындағы жұмыс. (2014ж.)

«Музыкалық дыбыс толқынының әсері»(2017)

 , «Ауаның ылғалдылығының адам ағзасына әсері» (2017)

« Алюминий ыдыстар туралы ақиқат пен аңыздар» (2018),

«  Құлаққаптың адамның есту мүшесіне әсері »  (2019)

Колледж тәжірибесі зерттеулердің өзінің артықшылықтары бар екенін көрсетеді.Олар:

           – рефлексиялық дағдылар;

           – іздеу (зерттеу дағдылары);

           – тәуелсіздікті бағалау дағдылары;

           – ынтымақтастықта жұмыс істеу қабілеті мен дағдысы;

           – қарым-қатынас дағдылары;

           – презентация дағдылары;

Зерттеу үрдісінің бірлескен және тәуелсіз ұйымдастырылуын нәтижеге қол жеткізу процесі ретінде қазіргі заманғы студенттің білім беру және танымдық құзыреттерін тұрақты түрде қалыптастырамыз. Жақында әлеуметтік қажеттіліктер тізімінде іс-әрекеттің әмбебап жолдарын, қарым-қатынас дағдыларын және ұжымдық жұмыс дағдыларын меңгеру сияқты жеке қасиеттер бар. Егер студент осы қасиеттерге ие болса, онда ол қазіргі заманғы қоғамда жүзеге асырылатын болады.

Зерттейтін тақырыпты таңдауға көмектесу;

-Студентке бағытталған жобаның құрылымын айқындау;

— Жоба құру,зерттеу қызметіне бағыттауда басты тұлға екенін сезінуі;

Жобалау — зерттеу қызметіне  үйрету жолдары:өз бетінше ойлану, кітаптарды қарап шығу, өзгелерден  сұрау, интернет жүйесіне шығу, тақырып бойынша телефильммен танысу, байқап көру, сынақ жүргізу.

Зерттеу – біркүндік жұмыс емес, өмір бойы зерттелетін процесс.

Өзін-өзі тану үшін жасалатын  алғашқы қадамдар: өзінің ісінің есебін білуі; бағамдап қарауы; деректер жинауы; көз жеткізуі; түйіндеуі.

Тәжірибенің нәтижесі:

-Оқу үрдісінде  жобалық – зерттеу жұмыстарында қолдану

студенттердің пассивтілігін жеңіп, пәнге деген қызығушылық арттырады.

-Жобалар бойынша жұмыс істеу барысында студенттер өз тәжірибелерінде өзге пәндерде алған білімін қолдануы пән аралық байланысты нығайтады.

-Жобалау-зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы танымдық құзіреттілігі артып,ізденісі.зерттеу қабілеттері дамып, білімге деген құштарлығы пайда болады. Жобалық-зерттеуді тиімді әрі тұрақты ұйымдастыру сапалы білім беруде өз үлесін қосады.


Жобалық-зерттеу жұмысы  шығармашылық пен  достық қарым-қатынасты қалыптастырып, зерттеушілік қабілеті ашылып, өзіне сенуі артып,күмәннан арылтады. Өзін білімін іске асыру арқылы шығармашылығы қалыптасады.

Қорытынды: Жобалық –зерттеу жұмысын жүргізу барысында студенттердің ізденпаздығы мен шығармашылығы қалыптасады. Қарапайым тәжірибелер  жасау,құалдарды ойлап табу арқылы білімді меңгеру құштарлығы оянады. Тұрақты нәтижелі жұмыс барысында олардың құзыреттілігі қалыптасады.

Студенттер өздерінің  жұмыстарының нәтижесін көргенде қуанып, өздерін мақтан тұтып,табысқа жете отырып, жұмысының пайдасы бар екенін түсінеді..

Егер студент оқытушымен бірге жоба және зерттеу жұмыстарымен айналысатын болса алған білімдері іс-әрекеттері, мамандықтарын терең меңгеруге сектігі тиеді.

Өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлауға, шығармашылық шабытқа кенеліп,

түрлі жағдайларда, түрлі адамдармен бірге жұмыс істей отырып, қоршаған  орта жағдайларына жылдамырақ бейімделеді.

Мақсатты тәжірибе:Студенттердің ой өрісінің дамуына көмектеседі.Оқу-зерттеу үрдісі студенттермен толықтай қарым-қатынас орнатуға көмектеседі,

студенттерге өздерінің  білімдерін дәлелдеуге  мүмкіндік береді.

Физика пәнінде жобалық –зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру студенттің шығармашылығын қалыптастырудың негізі бола алады.


ΙΙΙ .Қолданылған ақпарат көздері.:

1.W-икипедияhttp://yandex.kz/

2. miras.edu.kz

3. college.keu.kz