«Берекелі Алтын күз»


Нуртаева Гүлмира Жетпісбайқызы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,№7 ясли -бақшасы тәрбиешісі

Мақсаты:Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру.Олардың әрқайсысы өз қызығымен ерекше.Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

            Музыка әуенімен ортаға «Балбөбек» тобы кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

«Балбөбек»  тобының«Берекелі Алтын күз»мерекесіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Алтын күзге арнаймыз

                     Әнімізді шырқаймыз.

Ән: Күзгі әуен (жарты шеңберде)

/Балаларды орындарына отырғызу./

Жүргізуші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Ал күз мезгілінде қар жауады ма? Жаңбыр жауады ма?Жапырақтардың түсі қандай болады? Дұрыс айтасыңдар балалар күз мезгілі өзінің ерекшеліктерімен әдемі екен.

Біздің балалардың күзге арнаған тақпақтары бар екен ортаға

Али,Амир,Медина,Рэймонд,Нұрасыл,Муслима,Адия

Жүргізуші:Балалар сендер күзгі орманды көргілірің келедіме?  Онда

Орнымыздан тұрайық

Сиқырлы жапырақтарды алайық

Биімізді билеп

Саяхатқа шығайық

Сергіту сәті:/ Музыка әуенімен балалар іс-қимыл көрсетеді//Жап-н жинап алу/

Жүргізуші:Балалар жан-жағымызға қарайықшы қандай әдемі орманға келгенбіз,орманда ағаштар мен саңырауқұлақтар өте көп екен.Олай болса орнымызға отырып ормандағы кішкентай саңырауқұлақтардың биін тамашалайық.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Балалар рахмет сендерге жарайсыңдар!Орындарыңа отыра қойыңдар.Балалар орманның өзінің күз ханшайымы болады екен,сендердің  Күз ханшайымын көргілерің келедіме? Олай болса орнымыздан тұрып қошеметпен қарсы алайық.

Музыка әуенімен Күз ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы: Береке   бақ    дарыған

                                 Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Күз ханшайымы мен болам

Сәл нәрсеге ренжіп, қабағымды түйіп қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды төгіп-төгіп аламын. Әйтседе менін жомарттығым мен ақ көнілдігім үшін мені барлығы да ұнатады

Жүргізуші: Иә біз сізді байлық пен молщылықтың белгісі «Алтын күз» деп білеміз. Білесізбе күз ханшайымы біздін балалардың сізге арнаған тамаша әндері мен тақпақтары бар.Соны қабыл алыңыз

Ортаға Нұрбақыт, Шыңғыс, Нұрали, Жанали,Данеля

Ән: «Листик желтый»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Сендердін өнерлеріне ризамын.Меніңде сендерге бір дайындаған ойыным бар,ойнайсыңдарма?

Ойын: «Көгөністер мен жемістер»

Шарты: Себетке жемістерді бір бөлек, көгөністерді бір бөлек жинатқызу.

Күз ханш:Рахмет балалар сендер маған көмектестіңдер,жарайсыңдар.

/Музыка әуенімен қорқып  кірпі кіреді./

Кірпі:Орманда  тұрамын

 Боламын мен кірпі

Түлкіден мен қорқамын

            Кім қорғайды мені ? /аянышты айту/

Осы кезде музыка әуенімен Түлкі кіреді.

Түлкі: Мен түлкімін орманда

Қулығымды асырған

Қорқып тұрған кірпіні

Қазір оны жеп қоям

Тойғызамын қарнымды.

Кірпі: Енді не істесем екен,не істесем екен ой,ой ,ой мына түлкіден мені құтқарыңдаршы балалар?

Жүргізуші: Қане балалар, кірпіге біз көмектесейік, түлкі сен кірпіні қорқытпашы оданда біз сіздің көңіліңізді көтеріп бір ән айтып берсек

Ән: «Кап-кап»

Түлкі: Жоқ менің көңілім көтерілген жоқ

Жүргізуші: онда біздің  тамаша биімізді  қабыл алыңыз

Би: «Бұлттар»

Жүргізуші: Біздің қыздарда шетінен өнерлі

Би: «Қолшатыр»

Түлкі: Әндеріңде тамаша, билеріңде керемет,бірақ менің ішім пысып кетті.

Жүргізуші: Бізбен бірге ойын ойнаңыз

Ойын: «Шалшықтан секіру»

Түлкі: Балалар сендерге көп рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен енді кірпімен дос боламын, олай болса біз басқа достарымызға барайық.

/Екеуі шығып кетеді/

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздіңде балабақшамызға оралатын уақытымыз кеп қалыпты,рұқсат берсеңіз біз қайтайық.

Күз/хан: Балалар сендерге көп рахмет, түлкі мен кірпіні татуластырдыңдар өз өнерлеріңді көрсетіп орманымды гүлдендіріп жібердіңдер.енді меніңде сендерге  сыйым бар. Алма ағашынан сыйқырлы сөзді айтып себет толы алма алады