«Конституция-кемелдік кепілі»


Билемхан Айнур

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №7 ясли -бақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, өз құқығын қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер.

Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әнұран, ойын.
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер – ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Жүргізуші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
– Арайлаған танды сүйетін кім?
– Алтын сәулені сүйетін кім?
– Жарқын даланы сүйетін кім?
– Туған жерді сүйетін кім?
– Ата – ананы сүйетін кім?
– Досын сүйетін кім?
– Еліміздің болашағы кімдер?

Жүргізуші: – Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 – тамызда 1995жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.

Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары – үлкендерде, балалар да – мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.

Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
– Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
– Қазақстанның елордасы қай қала?
– Елбасымыз кім?
– Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
– Балалар сендер рәміздер туралы білесіңдер ме?
Жүргізуші: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Балаларға әнұраны айтуды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Қимылды ойын «Киіз үй»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Cлайд көрсету.
Қыздардың орындауында «Қамажай» биі.

Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!

Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Ата заңым-айбыным» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.