«Алтын күз,әсем айналам»


Утеулиева Айгерим Муханкызы

Алматы облысы,Талдықорған қаласы, №7 ясли -бақшасы тәрбиешісі

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп

Армысыздар құрметті ата-аналар “Алтын күз,әсем айналам” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ортаға “Балдырған” тобының балаларын шақырамын,қарсы алыңыздар

Би: Флешмоб

Жүргізуші: Ал,енді ата-аналар балалардың күз мерекесіне арналған әнін қабыл алыңыздар.

1.Ән: ” Алтын сары күз”

Жүргізіуші: Жарайсыңдар орындарыңа отыра қойыңдар.

Балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, мұқият тыңдаңдар.

-Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін?

Бұл қай мезгіл?

Балалар: Күз мезгілі

Жүргізуші:Жарайсыңдар. Балалар күз мезгілінің ерешелігін айтып беріңдерші?

Балалар: Күн суытады,жаңбыр жауады,құстар ұшып кетеді. Адамдар бау-бақшада піскен көкөніс пен жемістерді жинап алады.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Көкөністерді жинап ,олардан неше түрлі тәтті тағамдар пісіреді. \трактордың дауысы естіледі/

 Бұл ненің дауысы? \таңырқау/ Қай жақта келе жатыр? ары-бері балалармен бірге қарайды.

\ортаға тракторшы ағай келеді\

Тракторшы ағай: Сәлеметсіңдерме балалар. Бұнда күз мерекесі болып жатыр деп естідім. Маған жігіттердің көмегі керек?

Жүргізуші: Сәлеметсізбе. тракторшы ағай. ол қандай көмек?

Тракторшы ағай: Күзде білесіңдер бау-бақшаны жинаймыз. Мынау менің бау-бақшам,қандай көкөністерді көріп тұрсыңдар? Бұл көкөністер мен жемістерде көп дәрумендер бар. Бұл көмекті мен ойын арқылы ойнатсам, және тек жігіттермен.

Ойын:”кім жылдам?”

Тракторшы ағай:Жарайсыңдар,жылдам,епті қимылдайтын жігіттер екенсіңдер.Бәрін жинап бердіңдер.Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: Ағай біздің жігіттердің дайындаған билері бар соны тамашалаңыз.

Би: “тракторшылар”

Жүргізуші: мұнымен жіггіттердің өнері біткен жоқ,тақпақтары да бар.Соны да тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Тракторшы ағай: Қандай керемет билерің де,тақпақтарыңда. Мен жұмыстарымды бітірген соң осы билеріңді міндетті түрде билеймін. Енді мен қайтайын.

Жүргізуші: Балалар сендерде өскенде осылай көмектесіп жүресіңдер ме?

алтын күзге арнаған

әнімізді шырқаймыз

2.Ән: “Осень,осень наступила”

Жүргізуші: Рахмет,орындарыңа отыра қойыңдар. \желдің дауысы естіледі\

Балалар желмен бірге бізге бір кісі келе жатқан сияқты. Қараңдаршы сендер танисыңдарма?

Бақ қорғаушы: Сәлеметсіңдерме балалар. Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?

Жүргізуші: Сәлеметсізбе бақ қорғаушы. Біз бақшадағы дәнді- дақылдармен танысып жүрміз

Бақ қорғаушы: Олай болса мына менің қорғап жүргенім бидай деп аталады. Бидайдың түсі қандай екен? Одан не жасайтынын білесіңдер ме? Бұл бидайдан ұн жасап, ұннан көп тәтті нандар,тоқаштар,бауырсақтар пісіреді.

Жүргізуші: Балалар міне біз бидаймен де таныстық. Ұнның қалай пайда болатынын білдік. Бақ қорғаушы біздің сұлу қыздарымыздың тамаша биі мен тақпақтры бар соны қабыл алыңыз. Көңіліңіз көтеріліп қалсын.

Күздің тойын тойлайық

Би,билейік ойнайық

Би: “Бидай”

Тақпақтар:

Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар.

Бақ қорғаушы: Менде құр келгенім жоқ өзіммен бірге жақсы көретін ойынымды ала келдім. Ойнайсыңдар ма?

Ойын: ” Тосап дайындау”

Бақ қорғаушы: Балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:

Күзгі тойды тойлайық

Әннен шашу шашайық

3.ән: “Алақай күз келді”

Жүргізуші: Күз меркесі қандай керемет.

-Балалар осы көкөніс,жемістер,дәнді дақылдар қайда өседі?

-Олар нені қажет етеді?\жауабы: суды\

-Дұрыс олар су мен күннің көзінмен өседі.

-Ал ,жаңбыр жауғаны осыларға көмектесе ме?

Жүргізуші: Олай болса,бүгінгі мерекеге біздің қыздар осы кемпірқосақ биін және тақпақтарын дайындапты. Бәріміз сол биді бірге тамашалайық.

Би: “Кемпірқосақ”

Тақпақтар:

Жүргізуші:

-Балалар осы кемпірқосақ қайдан шығады ,жерден бе әлде аспаннан ба?

Балалардың жауабы: Аспаннан

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі мерекеде жақсы өлең айтып, билегендерің үшін сендерге кемпірқосақ өзінің сыйлығын беріп жіберіпті

Тосын сый: Кемпірқосақтан сыйлық шығады

Жүргізуші: Міне біздің ертеңгілігімз де аяқталды. Балалар сендерге үлкен рахмет.