№ 15 ПІКІР 01.11.2019 ж.


Ақмола облысы білім басқармасының КММ «Мектеп-интернат-колледж» оқытушысы  Б. Нұрсейіттің «Физика пәнінде жобалық-зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру студенттің шығармашылығын қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы әдістемелік мақаласына

ПІКІР

Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда, студенттің шығармашылығын дамыту үшін физика пәнінен зерттеу тәжірибесіне арналған арнайы лабораториялық кабинеттің керегі рас. Автор аталған жобасында студенттің пәнге деген құштарлығын тәжірибе жүзінде арттыру қажеттілігін нақты дәлелдермен көрсетеді. Білім сапасын жақсарту үшін қазіргі кезде ақпараттық технологиялармен таныстырып, коммуникациялық құралдармен жұмыс істеуді үйретеді.  Ресурстық орталық арқылы студенттің пәнге деген ынтасын арттырып, теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға бейімдейді. Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ақпаратты өз бетінше іздеп, білімдерін тәжірибеде іске асыруға зор мүмкіндік береді.

Оқытушы осы жобада «Үйкеліс күші» тақырыбын қалай түсіндіретінін, қандай зерттеулер жүргізетінін нақты мысалдармен көрсеткен. Үйкеліс күшінің себептері, оның қалай басқарылатыны туралы айта келе, бірнеше тәжірибелік тапсырмаларымен таныстырады. Мысалы: динамометрді, жүктер жиынтығын, ағаш тақтайша материалдарын қалай пайдаланатыны жөнінде ақпараттар береді. Физика ғылымы табиғатты, әлемді, жаһанды зерттейтің ғылым.  Табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашуда, себептерін анықтауда арнайы лабораторияның қажет ететіні рас. Осы тұрғыдан алғанда, студенттің  физикалық құбылыстарды зерттеуге құлшыныстарын арттыру үшін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білу керек.  Физикалық құбылыстар мен зандылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін физикалық ұғымдарды оқып үйрену де жобалық зерттеу жұмысының маңызы зор. Аталған мақаланы «Bilim-Teniz» журналына жариялауға болады.

Еуразия гуманитарлық институты,

Қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының меңгерушісі,            

ф.ғ.,к доцент                                                                  Л.Н. Дәуренбекова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *