Ағаш өндеу өнері «Тостаған дайындау»


Сыздыков Аман Каиржанович

Новосел орта мектебінің

Еңбек пәнінің мұғалімі

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, СҚО

Алғы сөз

Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен,тұрмысымен бірге дамып,ұрпақтан  ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларыңың иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарына жиі қолданған.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің,әр халықтын тарихи дамыуына, тұрмысына,тарихи ерекшелігіне және эстетиқалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.Сол қолөнердің бір түрі – Ағаш өндеу өнері .Ағаш бұйымдары ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. “Алтынмен аптап, күміспен қаптап” дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Қысқаша мазмұны

Халқымыздың салт –дәстүрі мен, мәдениеті мен өнерін қоры сарқылмас мол. Қазіргі заманымыздың жастары мен жеткіншектерінің осы мол қазынадан қол үзіп бара жатқанын жасыра алмаймыз .Халқымыздың тұрмыстың заттарынің бірі ол  «Тостаған»  Сабақта  Тостаған  тарихы мен жасау жолдары.Ағашты таңдау,ағаш өңдейтін сайман құралдарды іріктеп алу. Жұмыс барысында ТҚ сақтау . Еңбек  сабақтарымда қазақ халқының көне қол өнері мен онын ерекшеліктері, кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық бұйымдарды , қазақтың қол өнеріндегі керектенетін көне сайман, аспаптардың түрлері мен атаулары, оларды қолдану тәсілдері жайында мектеп оқушыларына  ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз  жайлы мағлумат берумен бірге, оларды арықарай  еңбек сабағымда кеңейтіп, дамытуға қолдап жүрмін. Сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіріп , дамыға оқыту идеясын іске асыруға, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздерінің жұмыс атқару көмегін артырады.Microsoft Power Point, Paint  бағдарламаларды пайдаланған кезде:

1.сабақтың көрнекілік дәрежесін көтереді.

2.сабақ үрдісін дамытады.

3.Жаңа сабақта уақытты үнемдеуге жол ашады.

 

Сабақтың тақырыбы:  Ағаш өндеу өнері «Тостағанды дайындау»

 Сабақтың мақсаты: Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау. Power Point арқылы оқушыларды ағаш өндеу тарихымен таныстыру .

Дамытушылық:

Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушыларының ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту,кеңістіктік ойлауын дамыту. Алған білімін, дағдасын өмірде қолдана білуге үйрету.

 Білімділік:- Алынған теориалық білімдерін практикада   игеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.Технология пәніне деген оң көзқарас пен оған қызығушылыққа тәрбиелеу.Оқушыларды ұжымдық жұмысқа  үйрету сарамандық жұмыстар орындау барысында оқушыларды еңбек сүйгіштікке, техникалық  қауіпсіздікті сақтау білуге, өзіне бақылау жасай білуге қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын игеру, пән бойынша дағдыларын қалыптастыру. Теорияны практикамен ұштастыру сабағы.ИКТ арқылы сабақта оң нәтижеге жету,әртүрлі әдебиеттерден жаңа ақпарат алуға жағдай туғызу  (дәстүрлі және жаңа қалыптасқан).

Керекті  құрал жабдықтар:Қолданылған  материалдар:  интерактивтік тақта,жұмыс жасау кесте, қажетті құрал саймандар(сүргі, балта, құмқағаз,қол ара,әр түрлі қашаулар,ағаш өндеу станогы)Дидактиқалық материалдар, технологиялық карталар мен үлгілері.  

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысының тапсырмасын тексеру

Сабақ мақсатын айқындау

Жаңа материалды баяндау,түсіндіру

Сарамандық  тапсырмаларды орындау

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Ағымдағы нұсқама:

а)жұмыс орынын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-сақталуын тексеру;
в) қосымша көмек, бағыт-бағдар беру.

Сабақтын жүрісі:                                                                                                       

Ағаштан –бедерлі, әшекейлі мүсіндер,оюлар жасау, яғни ағаштан «түйін түю» де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Ағаштан ою оятын шеберлерді халық «ағаш ұстасы» дейді. Ағаш адамның жасыл досы, сондықтан  ата бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруы да, отыны да, бас панасы да осы ағаш болған. Содан бері ағаштың атқарған міндеті шаруашылықтың барлық саласында үнемі артып келеді.  Ағашты өңдеу процесі бірнеше сатыдан өтеді.

1.дайындау –бұл ағашты тазалау,ажарлау,кедір-бұдырын тегістеп жөндеу.

2.бояу,бұйымға қосымша өң береді. Өңдеудің соңғы сатысы-бұйым айнадай жарқыратылады,өңдеу технологиясы үздіксіз ысқылау, үйкеу арқылы жүргізіледі.Қолмен ағаш өңдеу көп еңбек сіңіруді, үлкен тәжірибе, шеберлекті қажет етеді,талғампаздық пен шыдамдылықты шыңдайды.

Ағашты өңдеу саймандарына келсек сүргі, шаппа шот,атылғы шот,моғал ыңғыру,қырғыш,инек ынғыру және ойыс жүзді қашаулар жатады.Ысқылайтың  материалдар киіз,мата, ұсақ, кесек, қышырлы қайрақ қағаздарды орнымен пайдалана білген.

Осы саймандармен халық шеберлері әртүрлі ағаштан ойып, ыдыстар (көбінде терек,самырсын,қарағайдың  ұрысы, сексеуіл,арашаның түбірі, қайың) жасайды.

1

Астау ,саптыаяқ,тостаған ,ожау,қымыз құятын шарааяқты  т.б түрлерін жасай берген. Күнделікті тұрмысқа қолданылатын  ағаш ыдыстарды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі.

Ағашқа көркем ою,өрнек салуда қазақтар өсімдік ою –өрнектерінен (ағаш ою,гүл ою) геометриялық және аз болса зооморфтфқ ою өрнектерін қолданған. Әсіресе, ағашқа көркем сурет салуда зооморфтық элемент кеңінен тараған. Қымыз сабаның піспегенің сабын, ожау сабын әшекелеуге баса көңіл бөлген. Бұларды оюлап өрнектеумен бірге сүйекпен, күміспен әшекелейген.  9слайд:  Ожау жасауда шеберлер өздерінің тамаша өнертапқыштығы мен асқан шеберлегін көрсеткен. Біртұтас ағаштан ожаудың жеке де, қос басты да түрін қызық етіп шығырлықты тізбектерден жасаған. Кейбір ожауларды қымызды ыдысқа салғанда бетінде аққу сияқты жүзіп кететіні де болған.Осы бұйымдарды қүрделі де қарапайым қол саймандар арқылы жасаған.                          

6 

Тостаған дегеніміз Тостаған Ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс осылай аталады. Көне дәуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары тапшы болғаны тарихтан белгілі. Дегенмен, алғаш ағашты кесіп, одан ойып ыдыс жасамаса да бір лажын тапқан болу керек. Ол лаж — ағаш қабығы. Онда да кез келген ағаш емес, қайыңның қабығы. Қайыңның қабығы қазіргі тілімізде «тоз» болып аталатыны баршамызға аян. Осы мағынадағы бұл атау ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен қазіргі күнге дейін сақталған. Мысалы, якуттарда «туос», өзбек тілінде «түс», туваларда «тос». Ал хакас тілінде «түүс» сөзі — тоздан жасалған ыдыс мағынасын білдіреді. Мұның өзі біздің жорамалымыздың шындықтан алшақ еместігінің айғағы. Хакас тіліндегі тұлғаға қазақ тіліне тән жұрнақтар қосыла отырып (тос + та + ған), «тостаған» қалпына дейін жеткен. Егер бұны ерте кездегі дәстүрмен түсіндірсек, «тоздан жасалған ыдыс» болмақ.Жақсы шебердің қолынан шыққан тостағаны нағыз өнер туындысына айналады.                                                                     

Тостағанды малшылар мал баға шыққанда қоржынына салып,қанжығысына байлап жүреді. Шөлдегенде торсықтағы сусынын тостағанға  кұйып ішеді.

Сарамандық жұмыс:  Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр оқушы өздерінің эскиздері бойынша сызылған технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , сарамандық жұмыстарына кіріседі.Ағашты таңдап алғаннан кейін, керекті шамада өлшеп, арамен кесіп аламыз.Сонан соң оны қабығынан  аршып, кірлерінен тазалап, сүргімен сүргілеп, өңдейміз.  Тостағанның сызбасын нақты өлшемдермен белгілеу. Дайындаманын ортасын анықтау. Дайындаманы ағаш станогына бекітіп түзету. Кескішпен алғашқы бетін жонып түзету.Кескіштер мен ағаш өндеу станогы саптыаяқтың пішімдерін кесіп келтіру. Құмқағаз арқылы кесілген дайындаманың бетін өндеу. Қол ара,қысқыш пен өнделген дайындаманы  2-ге бөлу. Кескіштер мен дайындаманын ішкі жағын ойып алу. Құмқағаз,әр түрлі егеулер ойылған дайындаманы өңдеу. Дайындаманын артық түбін кесіп алу және өңдеу. Бұдан соң тостағанның сыртқы бүйірлеріне оюлар салып, оларды күйдіргіш аппаратпен күйдіреміз.Күйдіріп болған соң, тостағаның түссіз лакпен кептіре отыра, бірнеше қайтара лактаймыз.Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын үнемі басты назарда ұстап отырамын және жұмыс барысында еңбек тәсілдерін орындау барысын қадағалап отырамын.

Қорытыңды: Жаңа тақырыпты бекіту

Үй тапсырмасы

Керекті материал таңдау, (ақ қайың),бояулар,

қатырқа қағаз, лак,түсіргіш,сызғыш,қарындаш,циркуль,

Paint бағдарламасында ою-өрнектің үлгісін сызып әкелу.

Қолданған әдебиет: Технология кітабы 7-8 сынып

(Қазақтың ұлттық қол өнері)

1991жылы Баян-Оглий аймақтық Баспа өндірісінде басылды

http://koshpendi.kz/index.php/koloner/agash/

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *