Тәрбие сағаты “Менің отаным – Қазақстан”


Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Исенова Жайнагуль Нурлановна

Т.Позолотин атындағы Явленка №1 орта мектебі

Мақсаты:
«Білім күні» мерекесіне орайластыра отыра, оқушылар мен ата-аналарға ҚР-ның саяси экономикалық,әлеуметтік жетістіктері жайында ой қозғап,ҚР Конституциясының маңыздылығын көрсету . Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу .

Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,маркер, плакаттар
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу. Литмонтаж.СТО
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

Сыныпты 4 топқа бөлу. Атаулы даталар бойынша бөлу.

 

Болжау стратегиясы бойынша суретер үсыну. Тақырыпты ашып алу. СЛАЙД

1-жүргізуші: Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен,

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Сылдырла,сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.

Қоңырау әсем саз әдемі,

Өзіңді күтем сағына.

 

2-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,оқушылар,қонақтар!Сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Құттықтай отыра,бүгінгі «Отаным менің-Қазақстан» тақырыбы аясында өтетін ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1-жүргізуші: Биыл 2015 жылы Қазақстан халқы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мерекелерді атап өтуде.

 

2-жүргізуші:Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құраушы бөлігіне айналды. Сондықтан дәл осы Ассамблея жылының басты идеясы- «Менің елім-Мәңгілік ел».

 

1-жүргізуші:Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

 

2-жүргізуші: Болашақ іргетасын құрайтын Мемлекет Басшысының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ», «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»жолдауларында және

«Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы»атты Ұлт Жоспарында көрсетілген басты құндылыққа негізделеді. (слайд)

 

Мұғалім : Біздің Отанымыз қалай аталады екен?
– Қазақстан.
Қазақстан жері қандай?
– Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд). Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР – ның физикалық картасынан көрсету)

2-жүргізуші: Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)

Хор: «Атамекен»
1-жүргізуші:Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой – пікірлерін тыңдау)

слайд көрсету
2-жүргізуші: Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1 – оқушы:
Менің елім-Қазақстан,жүрегім,
Тек өзіңсің Отан ана-тірегім.
Аман болсын,Отан ана тірегім,
Тәңірден осы менің тілерім.

2 – оқушы:
Мен қазақпын,ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерген.

 

3 – оқушы:

Сен неткен,Отан анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін

Жайнай бер,Ұлы Отан-Қазақ елім.

4 – оқушы:

Кең өлке,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан,елім менің!

5 – оқушы:
Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз.Осында туып,осында өсіп,білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де түсініп,ерекше мән береміз.Сондықтан біздің туған елге деген,Отанға деген,кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор.

1-жүргізуші:Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
– Келдімұрат ауылы.

2-жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар,біздің туған жеріміз-Келдімұрат ауылы. Біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ.

 

Мұғалім: «Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз.Әр топ Отан,туған жер туралы өзінің мақал-мәтелдерден дайындайды және жалғастырады.

1.Отан оттан да … (ыстық)

2.Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл)

3.Туған жердей жер болмас,

…. … … (Туған елдей ел болмас)

4.Туған жердің қадірін

… … … (Шетте жүрсең білерсің)

5.Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

6.Туған жердің күні де ыстық, … (түні де ыстық)

7.Кісі елінде сұлтан болғанша

… … …. (Өз еліңде ұлтан бол)

 

Әрбір топ бірін-бірі «бас бармақ әдісі» бойынша бағалайды.

 

1-жүргізуші:Ата-бабамыз бізге ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырды.Біздің Отанымыз- Қазақстан.Осындай керемет,еңселі,ұланғайыр жерді сақтап кеткені үшін ата-бабаларымызға рахмет!

 

2-жүргізуші:Қазақ халқы еркіндікке жетуі үшін қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді.1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды.9 бөлім,98 баптан тұрады.

 

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев: «Конституция-бұл да рәміздердің бірі,сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз,»-деген.

 

2-жүргізуші:Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы,өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата заңын,халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

 

 

6-оқушы: Ата заңым-

Шындығымның шырайы,

Бақытымның күн,айы.

Қамқор болып бөбекке,

Қолын созған ұдайы.

 

7-оқушы:Еркін елдің Ата заңы ардақты,

Әрбір сөзі,әрбір бабы салмақты.

Адам құқы,бостандығы,теңдігі-

Барлығын да қарастырған жан-жақты.

 

8-оқушы:Ата заңмен арайланған айналам,

Басшы орынға сайлаймын да,сайланам.

Білім алам,еңбек етем,демалам,

Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.

 

9-оқушы:Көк туым көтерілді,бағым жанып,

Елтаңба төрде,әлемге танылды анық.

Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,

Арманым-ата заңм қабылданып.

 

10-оқушы:Бұл заңда жеңіс,даңқымыз,

Салтанат құрған салтымыз.

Сүйеніш,қамқор,қорғаушы

Сүйеді заңын халқымыз.

1-жүргізуші: Ата заңда :«Әрбір азаматтың борышы-басқа азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу,көп ұлтты мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту,»-деп көрсетілген.

 

11-оқушы: Ынтымақ,достық,тыныштық,

Туыстық бізге тым ыстық.

Бейбіт-өмір белгісі-

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

 

2-жүргізуші: «Діні басқа,тілі басқа,тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт-ұлыс өкілдерінің ынтымағы-ырысы,байлығы-берекесі болып,татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім,көңілдерге қуаныш ұялатады.

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты постер қорғау.

Хормен: «Отан,Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»

Мұғалім: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.

Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!

 

РЕФЛЕКСИЯ. Тәрбие сағаты бойынша өз ойларын стикерге жазып ілу.

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *