«Менің мұғалімім»


Спанәлі Серік

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Филология мамандығының 4 курс студенті

Жетекші: Елубаева Рахат Сайлаубекқызы

Ұлықтап ұстаздардың ұлылығын,

Ұстаз жайлы жырламақ ұлың бүгін.

Таратып тамырынан тәрбиені,

Себетін сөздерімен жылулығын.

Жоғалтпаған қазақы қайсарлығын,

Сабырлы, өнегелі, байсалды шын.

Барлығын баласындай бөлектемей,

Көзіне қарап тұрып айтар сырын.

Түссе де тағдырдың сан салмақ күші,

Ұстаздар ұлы және ғажап кісі.

Тәрбиесі теңізден құнды болған,

Аталған бар әлемнің ардақтысы.

Тұлғалыққа балаймын жеке кейпін,

Білімнің нұрлы нәрін себелейтін.

Ұстаздар ұлылықтың жаршысындай,

Балалықтан даналыққа жетелейтін.

«Білімсіз болашағың болар сағым»

Білемін, кемел күнге жол ашарын.

Әрбір ұстаз мен үшін ұлы тұлға

Нұрлы ететін қазақтың болашағын.