Кулмырзаева Фарида Смагуловна


Кулмырзаева Фарида Смагуловна

№13 «Ертөстік» бөбекжайы әдіскері

Құлмырзаева Фарида Смағұлқызы 1987 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Педагогика және психология» (мектепке дейінгі) мамандығы ,квалификациясы мектепке дейінгі мекеменің әдіскері  бойынша бітірген. Фарида Смағұлқызы өз еңбек жолын жас маман ретінде Қарсақбай №2 балабақшасында тәрбиеші болып бастаған.Ол мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, қазақ тілі мұғалімі, әдіскер ретінде  білімді,тәжірибелі маман болып еңбек етуде. 2010жылдан осы «Ертөстік»бөбекжайында әдіскер қызметін жетістікпен атқаруда.

       Фарида Смағұлқызы 2015жылы Жезқазған қала әкімінің сыйақысын «Мектепке дейінгі мекеменің үздік педагогы» номинациясын жеңіп алды. 2019жылы қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Ең үздік әдіскер-2019» байқауының Гран-при номинациясын иеленді.

       2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кемел келешек кепілі-білім мен ғылымды игерген өскелең өрендер» облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясында баяндама жасап ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016жылы мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің ІV облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағына мақаласы жарияланды. 2017жылы тамыз конференциясының секциялық отырысында әдіскерлерге «Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері» туралы өз ойын ортаға салып тәжірибесімен бөлісті.

      2016жылы Республикалық шығармашылық байқауында «Үздік әдістемелік әзірлеме» І дәрежелі Дипломмен марапатталды. (тіркеу №1529) .Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналда«Отбасы және балабақша»2016 №5 ) өз тәжірибесін жариялады.

       2019жылы мектепке дейінгі білім қызметкерлерінің  VІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына мақаласы енгізілді.