«Ертегілер әлеміне саяхат»

Атыгаева Гульжанат Ермековна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №7″Ботақан”бөбектер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

Мақсаты:Ертегілер туралы білімдерін толықтыру. Таныс заттарды көлеміне қарай   салыстыруды  қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Балаларды ертегі тыңдауға,байланыстырып сөйлеуге және  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету.

2.Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Ертегі арқылы  балаларды  қайсарлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

4. Геометриялық пішіндерді ажырата білуді үлкен –кіші ұғымдарын бекіту.  Ой қабылеттерін    дамыту, мұқияттылықты тәрбиелеу.

Билингвальді компонент:Ертегі-сказка.Шалқан-Репка.Бауырсақ-Колобок,Үйшік-теремок

Сөздік жұмыс:Үйшік,ертегілер әлемі,сиқырлы таяқ.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар,атрибуттар,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,қорапша ,хат,сиқырлы таяқша.                                

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
   +    –
Кіріспе бөлім   Балабақшам, армысың, Сені қатты сүйемін! Достарым, аман бармысың, Сендерді қатты сүйемін!     Шаттық шеңберде балалар салемдеседі.                             
                      Негізгі бөлім Тәрбиеші: – Балалар мен  таңертең жұмысқа келгенде топта бір әдемі қораптың тұрғанын көрдім. -Бұл  қорапта біздің топтың аты жазылған,яғни бізге арналған екен. – Ал енді сол қорапты  ашайық. Қорапты ашып ,хатты  және сиқырлы таяқшаны  алады.   Тәрбиеші хатты ашып оқиды. « – Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерді ертегілер әлеміне қонаққа шақырамын. Ертегілер әлеміне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін табуларың керек .Содан кейін  мен сендерді күтіп аламын.Менің сиқырлы таяғымды дұрыс қолдана біліңдер. .Сәлеммен Мақта қыз» – деп жазыпты. Тәрбиеші: -Балалар,ертегілер еліне барғыларың келе ме? Олай болса,Мақта қыздың  бірінші жұмбағын тыңдаңдар. 1-ші:  Далада ол пайда болды Ол тұраққа айналды Тышқанменен аюға, Түлкі,қасқыр,қоянға. Бұл қай ертегі? 2-ші: Атай өзі салғанын, Көрді өсіп қалғанын. Ары тартты,бері тартты, Тарта аламады. Бұл қай ертегі? 3-ші: Апасынан қашып кетті, Атасынан қашып кетті. Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі?   -Жарайсыңдар балалар. -Ертегіні орысша қалай айтамыз?   -Дұрыс айтасыңдар балалар!Ал енді балалар .Дидактикалық ойын ойнайық. «Ертегілерді құрастыр» Ол үшін біз үш топқа бөлінеміз. 1.Топ «Үйшік» ертегісін геометриялық пішіндердің  қиындыларынан  үлкен және кішкентай үй  құрастыру. 2.Топ «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретпен орналастыр. 3.Топ «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерерін  толық құрастыру. -Тамаша балалар жарайсыңдар барлықтарың тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.   Сергіту сәті. (музыка қойылады)     -Ал, енді балалар сиқырлы таяқшаның көмегімен Мақта қыздың Ертегілер еліне барайық.Ол үшін бір сәтке көзімізді жұмып орнымызда айналайық. -Ой,балалар қараңдаршы біз ертегілер еліне келген сияқтымыз.     Ертегілер елінде балаларды Мақта қыз амандасып қарсы алады. -Салеметсіңдер ме балалар! Тәрбиеші:Мақта қыз,бізді қарсы алғаныңа рахмет. -Мақта қыз неге сенің көңіл күйің жоқ? Мақта қыз : -Мен мына«Үйшік»ертегісінің кейіпкерлерін  ретпен орналастыра алмай шатасып отырмын. -Уайымда ма,Мақта қыз,біздің балалар қазір саған көмектеседі және ертегіні сахналап есіңе түсіреді. -Балалар көмектесеміз бе Мақта қызға? «Үйшік» ертегісін сахналау. -Рахмет сендерге балалар.Ал енді біз сиқырлы таяғымыздың көмегімен бақшамызға оралайық. -Ол үшін бір сәтке көзімізді жұмып орнымызда айналайық. -Міне балалар біз ертегілер елінен балабақшамызға оралдық.             Мақтақыздың жазған хатын мұқият тыңдайды.     Иә.                               .               Үйшік ертегісі         Шалқан ертегісі.         Бауырсақ ертегісі.   Сказка           Ойынға қызығушылықпен қатысады.                     Қимылмен жасап көрсетеді.       Музыкамен айналады     Салеметсіз бе.                 -Иә                                              
Қорытынды бөлім   Қорытындылау: Тәрбиеші:Балалар,қалай ойлайсыңдар біз қайда бардық? Бізді онда кім шақырды? Біз Мақта қыз қандай ертегіні дұрыс құрастыруға көмектестік? -Жарайсыңдар,балалар.Бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет.   . Ертегілер еліне саяхатқа бардық. Мақта қыз шақырды. «Үйшік» ертегісін.  

Күтілетін нәтиже:

Қабылдай алады: Ертегі кейіпкерлерін тани біледі.Геометриялық фигураны құрастыра алады.

Түсінеді: Сахналау арқылы мазмұнын игереді және кейіпкерлерді ретімен орналастыруды.

Қолдана алады: Ертегіні зейін қойып тыңдауды,кейіпкерлердің рөлдерін келтіріп ойнауды ,пішіндерді ретімен орналастыруды.