«Бүтін көрсеткішті дәреже»

Нысанқұлова Гүлнар Төреғалиқызы

№47 жалпы білім беретін орта мектебі математика пәні мұғалімі

 
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже Мектеп: №47жалпы білім беретін орта мектеп
Мерзімі:  24.09.19
Сыныбы: 7
Қатысқандар саны:                                           Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:   Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.1 Құрамында дәрежесі бар сандар тізбегінің заңдылығын және жетіспейтін мүшелерін анықтау  
Сабақ мақсаты 1.Құрамында дәрежесі бар сандар тізбегінің  заңдылығын анықтау; 2.Дәрежесі бар сандар тізбегіндегі жетіспейтін мүшелерді анықтау.
Бағалау критерийлері: Оқушы бүтін сандардан тұратын тізбектердің белгісіз мүшелерін табады және заңдылықтарын анықтайды;құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектердің заңдылықтарын анықтайды және жетіспейтін мүшелерін табады;заңдылықтарды жасайды және санды тізбектерді құрайды;
Құндылықтарды дарыту Тапсырмаларды жұпта (топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы  өмір бойы оқу  құндылығын қалыптастыру.
Бастапқы білім Бүтін  көрсеткішті дәреже.  Санды тізбектер.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   Ресурстар
Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут                  Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын жазғызу. Сабақтың жоспарын талқылау.  Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың мақсатына жетудегі бағалау критерийлерін анықтайды. Презентация
Сабақтың ортасы. Үй жұмысын тексеру 10-минут 1.Мұғалім үй жұмысының дайын шығарылу жолын ұсынады, оқушылар үй жұмыстарын тексеріп, қателерін немесе толықтыруларды жасыл пастамен түзетеді. Қиындық туғызған мәселелерді талқылаймыз. 2. Құрамында дәрежесі бар өрнектердің мәнін табу үшін амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттығу жұмысы жасалады. Амалдардың орындалу реті қандай?    
Жаңа сабақты меңгерту. 15-минут                                                                                               2 мин               Мұғалім сандар тізбегі ұғымын енгізуді  презентация арқылы көрсетеді. Тізбектер ретін нөмерлеп көрсетуге болатын элементтерден тұрады. Оқушылар мұғаліммен бірге қоршаған ортада кездесетін тізбектер мысалдарын келтіреді. Келесі кезекте презентация бойынша мысалдар қарастырылады. Мұғалім мысалдың берілгенін түсіндіреді. Осыдан n мүшелі тізбек ұғымын енгіземіз. Осыдан кейін тізбектің заңдылығын анықтауға мысалдар қарастырылады. Оқушылар тізбектің берілгенін талдайды. Тізбек мынандай заңдылықпен берілген:  1;  3;  6; 10; 15; 21… 1,   1+2=3, 1+2+3=6, 1+2+3+4=10, 1+2+3+4+5=15 , 1 +2+3+4+5+6=21 ……. Әрі қарай санды тізбектің n-ші мүшесін табуға мысалдар қарастырылады. Оқушылар тізбектің n-ші мүшесін анықтайды.   Келесі есеп құрамында дәрежесі бар сандар тізбегін анықтауға бағытталған. Оқушылар дәрежесі бар сандар тізбегін анықтап қана қоймай, олардың 𝑛-ші мүшесін тауып жауаптарын тұжырымдап айтып береді.   Осыдан кейін мұғалім оқушылардан құрамына дәреже кіретін сандар тізбегіне бірнеше мысал келтірулерін сұрайды. Физминутка Келесі тапсырмада оқушылар берілген бірнеше 𝑛-ші мүшенің формулалары арқылы тізбектердің мүшелерін тексеріп, сәйкес келетін сандар тізбегін табу ұсынылады.         Тапсырма. Тізбектің алғашқы алты мүшесін көрсетіңіз: Алдын ала мынандай мысал қарастырылады:       -1, 1, -1, 1, -1, 1,… Мұғалім түсіндіреді. Содан соң оқушыларға келесі тапсырманы орындау ұсынылады             Презентация                               Презентация                       Презентация                                       Презентация
Сабақты бекіту 8 минут Оқушылар төмендегі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтап, п-ші мүшесін табу арқылы алғашқы бірнеше мүшесін көрсету керек: 1) ;                        2) ; 3) ;                4) ; 5) ;                 Қосымша 1                    
Сабақтың соңы Қорытынды 5 мин   Рефлексия. Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды.
Үйге тапсырма: Тізбектердің заңдылығын анықтап, жетіспейтін мүшелерін табыңыз:  1) ; 2) ;                      3) ;   Өткен теориялық материалды қайталап, дәрежеден тұратын сандар тізбегіне 5-7 карточкалар жасаңыз.
Презентация                   Қосымша 2
Саралау Бағалау ҚТ және денсаулық
Оқушылар мүмкіндіктеріне қарай дәрежені қамтитын сандық тізбектерге әр түрлі  күрделілігі болатын мысалдарды келтіреді Оқушылардың ауызша жауаптары бағаланады. Орындаған тапсырмалары бағалау критерийлері бойынша бағаланады. Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасату.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?                                         Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?                                                                  Жеткізбесе, неліктен?                                      Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?                 Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?                                            Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.