«Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы»


Омарова Асемгуль Бакировна

«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 САБАҚ: Қазақ тілі Мектеп: «Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ
  Күні:   Мұғалімнің аты-жөні: Омарова А.Б.
Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: 14 Қатыспағандар:0
Бөлім атауы Денсаулық – зор байлық
Сабақтың тақырыбы Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы
Жүзеге асатын оқу мақсаттары Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала ,нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: мәліметтерді жинақтайды, оқиғаларды сипаттайды, ойларын жеткізе алады. Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі мәліметтерді қолдана алады, өз ойларын әсерлі жеткізеді, бағалайды Кейбір оқушылар: Қабілеті оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсетеді.
Бағалау критерийлері – Мәтіннің мазмұнын түсіне алады; -Ауызша сөйлеуде орфоэпиялық норманы сақтайды. -Мәліметтерді орынды қолдана алады -Мәтін құрай алады.
Дескрипторлар – Мәтіннің мазмұнын түсінеді – Сөйлеуде логикалық екпінді дұрыс қолданады. -Мәтін құрайды. – Топ мүшелері толық қатысады
Тілдік мақсаттар Тәні саудың – жаны сау, шұғылдану, жаттығу, күн тәртібі, баға жетпес мұра, бірінші байлық – денсаулық.
Осыған дейінгі меңгерілген білім Денсаулыққа пайдалы тағамдар
Құндылықтар Адами қасиет, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәнаралық байланыс Биология , әдебиет
АКТ дағдыларын дамыту Сабақ таныстырылымы
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс – әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы 3 минут                     3минут Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық орта қалыптастырып алайық: бәріміз ортаға шығып, бірлесіп, 1стақан суды төкпей, бірге көтеріп, жәймен түсіру керекпіз. Жақсы топтық жұмыспен айналысуға дайын екенсіздер. Сіздерге сәттілік тілеймін. Ал бүгінгі сабақта сіздер Білімдеріңізді жинақтайсыздар, сипаттайсыздар, ойларыңызбен бөлісіп, бір-бірлеріңізді бағалайсыздар. Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз. Олай болса,  топтарға мына қима қағаздары арқылы бөлінеміз. Топқа бөлу (Оқушыларға кеспе қағаздар ұсынылады. Бірінде жедел жәрдем машинасы, екіншісінде көмек көрсету сөмкесі. Оқушылар жасырылған заттар не үшін кере екендігін айтады: жедел жәрдем машинасы – алғашқы көмек көрсету үшін, Сөмке – алғашқы көмек көрсету құралдар жиынтығы). Топтардың аттарын анықтау үшін келесі жұмбақтарды шешу қажет. 1-топқа жұмбақ Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз-мята-міnt) 2-топқа Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген-земляника- strawberry ) Үй тапсырмасын сұрау: Мақал-мәтелдерді қатыстырып, «Ас-адамның арқауы» тақырыбында таныстырылым жасау.
Киіз үй элементтері     Кеспе қағаздар