«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»


Омарова Асемгуль Бакировна

«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет.

  Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа

синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін

сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан «Мен қазақпын» деп бас көтергеннен бастап, арада жиырма сегіз жылға жетер уақыт өтті. Осы азды көп у еліміз көптеген жетістікке, биіктерге жете білді.      Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, заң, өнеркәсіп, ғылым, экономика, денсаулық сақтау салалары өз алдына даму үстінде. Алайда, «Жаман айтпай жақсы жоқ», дегендей бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі – тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді.

     Елбасы қазақ тілінің ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін « …әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт

ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған оның ғажайып тілі.», мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы әлеуметтік мәртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз… қазақтың қазақтығының басты белгісіқ- қазақша сөйлеуі»,

«..өз тілімізбен өмір сүрейік!»–бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», қазақ тілінің айқын келешегі мен алар орнын «… Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады» деп көрсетіп, нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сәуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды.

   Халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз.