«Ғажайып математика».
Шонова Айжан Айтбековна
№11 Қарлығаш бөбектер бақшасы тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші: Шонова А.А.
Топ: «Күншуақ»
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау.
Міндеттері:
Білімділік: Тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту;
Дамытушылық: Балалардың әлемнің тұтас бейнесін түсініп, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;
Тәрбиелік: Сыйластықты қалыптастыру.
Үлестірмелі материал: Заттық суреттер, санау материалдары,сандар карточкасы, цифрлар карточкасы, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар.
Көрнекіліктер: Текшелер,таяқшалар,суреттер
Әдіс-тәсіл:Түсіндіру,сұрақ-жауап,демонстрациялық,практикалық.
Үш тілдік: Бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четыре-four, бес-пять-five.
Билингвалды компонент: Көп және аз -много и мало
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс –әрекеті | Балалардың іс -әрекеті | Есеп + | Есеп – |
Ой қозғайтың себептер | Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайықшы. Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтып қимылмен көрсетеді. | Сәлеметсіңдер ме Здраствуйте Hello Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң достарым, Қайырлы таң апайлар. | ||
Ізденіс – ұжымдық-негізі | Балалар біз сендермен «Ғажайып математика» әлеміне саяхатына барамыз. Үстел басына барайық. Математика сабағында біз не үйренеміз? Не өтеміз? -Дұрыс, айтасыңдар!Сендер сандарды білесіңдер ме?Ендеше, қазір меннің бағымда күнбағыстар өсіп тұр. Бірақ, оларды рет-ретімен қойып көрейікші? Біздің балалар сандарға байланысты санамақтарда біледі. Кәнекей Мәдиді тыңдайықшы. -Менің қолымда сыйқырлы кубик бар, ол жайғана емес.Оның сандары бар екен. Ойынның шарты: Мен сендерге лақтырамын, түскен санды маған атап бересіңдер. -Бәріміз, кәнекей тақтаға қарайықшы, бұл не балалар? -Геометриялық пішіндер дегенім не? Осы пішіндер туралы бізге Расул,Надина,Жомарт тақпақтарынды айтып беріңдерші. Сергіту сәті Тақтаға назар аударамыз, кеңістікті бағдарлауға Келесі ойын: «түрлі-түсті баспалдақ» деп аталады.Алдарында тұрған үйлестірмелі карточкаларды алып, жұмыс жасаймыз. -Қандай түстер бар баспалдақта? | Балалар: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.Балалардың жауаптары тыңдалады: уақыт,пішіндер,кеңістік, сандар -Нариман, күнбағыстарды рет-ретімен қояды.Балалар үш тілде санап береді. -Геометриляқ пішіндер Бір дегенім-бірлік, Онсыз болмас-тірлік. Екі дегенімін-еңбек, Еңбек бәрін –жеңбек. Үш дегенім-үлес. Үлес үшін-күрес, Төрт дегенім-терме. Тұрған жақсы-ерте, Бес дегенім-белең. Сан үйреніп келем. Домалақпын, домалақпын, Дөңгелек боп домаладым. Ай сияқты,күн сияқты Шар сияқты домалақпын. Ж:Төртбұрышпын,төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаңда, Төрт қабырғам тең бұрышпын. Р:Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төртбұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын. Балалардың жауаптары тыңдалады. Баспалдақтың түрлі-түстерін көлем бойынша қойыфп шығады. | ||
Рефлексиялық түзету | -Бүгінгі оқу іс – әрекетінде немен таныстыңдар? | Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Сандарды тура және кері санауды;
Түсінеді: 1- 5 ке дейін санауды, заттар санын цифрмен сәйкестендіруді, заттарды топтастыруды;
Қолданады: 5 цифры мен санын.