Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарымен жүргізілетін тренинг жұмысының бағдарламасы


Есимбекова  Куралай  Тлеутаевна

«Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ педагог-психологы

Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі сенімділігін арттыру, балаға қолдау көрсету деңгейін жоғарылату.

Міндеті:

  • Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасын жақсарту;
  • Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
  • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: жаттығулар, ойын, пікір алмасу, сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидиктикалық ойын

Қолданылатын құрал-жабдықтар: А4 формат, қалам, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі-түсті бояулар,таратпа материалдар, карточка.

Өткізілу уақыты мен ұзақтығы:  айына 1рет 45-50 минуттан.

І. Танысайық!

Мақсаты: ата-аналарды бір бірлерімен жақынырақ таныстыру, топты біріктіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: жүрекше, ақ парақ, қалам.

Уақыты: 45 минут

Тренингтің өту жоспары:

Кіріспе

  1. Сәлемдесу
  2. Сізге хат келді

Негізгі бөлім

  • Қызықты сұрақтар
  • Жалпылау
  • Балаңызға деген сүйіспеншілік

Қорытынды

  • Ізгі тілекпен, шын жүректен…
  • Талдау

Тренинг барысы:

  1. Сәлемдесу

Уақыты: 5 минут

Ата-аналар шеңбер бойымен қатарласып отырады, бір бірлерімен әр ұлт өкілдерінің сәлемдесу салты бойынша қимылдарын келтіріп, кез келген сәлемдесу сөзін айтады.

  • Сізге хат келді

Уақыты: 7 минут

Аты-жөні жазылған хат иесі өзін таныстырады, кімнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өзінің жұмыс орны, қызығушылығын айтады.

         3. Қызықты сұрақтар

Уақыты: 10 минут

1. Балаңыздың туған күні?

2. Тәрбиешісінің толық аты-жөнін білесіз бе?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың жақын досы бар ма? Есімі  кім?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

8. Балаңыз балабақшаға неше жасында барды?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

4.Жалпылау

Уақыты: 5 минут

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

1) Балаңыз тынымсыз, өте ерке ме?

–         иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

–         жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

  • «иә» болса, қолдарыңызды екі рет шапалақтаңыздар.
  • «жоқ» болса, аяқтарыңызды тоқылдатыңыздар.
  • «кейде» болса, оң қолдарыңызды көтеріңіздер.

3)    Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай-ма?

–         егер  жанұя десеңіздер жымиыңыз.

–         Егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

4)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

–         егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.

–         Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

–         Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

5. Балаңызға деген сүйіспеншілік

  Уақыты: 10 минут

          Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорытынды: ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

6. Ізгі тілекпен, шын жүректен…

Уақыты: 5 минут

         Ата-аналар шеңбер бойынша кезекпен отырады. Жүргізуші  бір қатысушыға тілек айтып, жүрекшені береді. Осылайша кезекпен барлық қатысушылар бір бірлеріне тілектерін айтады.

7.Талдау

Уақыты: 5 минут

Тренинг  кезінде қандай әсер алдыңыз, қандай жаттығуларды өзіңізге пайдалы деп есептей аласыз?

ІІ. Махаббат үйі

Мақсаты: Ата-аналар арасындағы  қарым-қатынасты жақсарту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: парақ, қалам, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, желім.

Тренингтің өту жоспары:

Кіріспе

  1. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем»

Негізгі бөлім

  • Отбасылық махаббат үйі

Қорытынды

3. Жүректен жүрекке

1.«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем»

Уақыты 7 минут

1-нұсқау: Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.

2-нұсқау: Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

3-нұсқау: Оң жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

4-нұсқау: Шынтақтарын бір- бірлеріне тигізіп сәлемдесу.

  • «Отбасылық махаббат үйі»

Уақыты: 30 минут

         Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан, сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине, даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір-екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары:

1.  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата-аналардың оң және теріс жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.   «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.  «Махаббат» кірпіші

 Мимика, жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.

4.  «Тапқырлық» кірпіші

«Ата-ана», «балабақша», «мектеп» сөзінің біреуінің әрбір әріпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5.«Түсінушілік»

         Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

3.«Жүректен жүрекке».

Уақыты: 5 минут

 Бүгінгі көңіл-күйлерін сипаттап, бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтады.

ІІІ. Жақын адамға көмектесейік

Кіріспе

  1. Амандасу

Негізгі бөлім

  • Өзіңе қолайлы жағдай жаса
  • Жақыныңа көмектес
  • Ситуациядан шығу

Қорытынды бөлім

  • Жүрек жылуы

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру, балаларына қамқорлық көрсетуге, мейірімділік сезімдерін ояту.

  1. Амандасу

Уақыты: 5 минут

Мен қызыл түсті көрсеткенде-қолмен амандасамыз, жасыл түсте- құшақтасамыз, сары түсте – арқамен амандасамыз.

  •  «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Уақыты: 15 минут

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады. Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады. Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет. Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме, жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе, оны әр жұп өзі шешеді. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады. Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек. Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.

  • «Жақын адамға көмектесейік» Сіздің аяушылық қабілетіңіз.

Уақыты: 7 минут

 Мақсаты: Сіздің жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді анықтау.

   Нұсқау: Мына суретте бала бейнеленген. Оның көңіл күйін көтеру  үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Балалның  қасына барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.

  • Ситуациядан шығу

Уақыты: 10 минут

1. Балаңыз балабақшадан жылап келді, сыныптастары итеріп жіберіпті. Сіз қайтесіз?

2. Тәрбиеші сіздің балаңыздың тәртіпсіз және оған сіздің кінәлі екеніңізді айтты. Сіз не дер едіңіз?

3. Балаңыз балабақша табалдырығын аттағанына бір күн болды, келесі күні енді онда қайтып барғысы келмейтінін айтты. Сіз қайтесіз?

  • Жүрек жылуы.

Уақыты: 5-7 минут

Ата-аналар балаларына деген суйіспеншілікті, бала тарбиесіне баса назар аударатын мәселелерді қысқаша айтады.