«Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы».


Камзина Сандугаш Оралбекқызы

воспитатель № 71 «Мөлдір» г. Нур – Султан

«Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы».

                                                                          Камзина Сандугаш Оралбековна

                                                   № 71 «Мөлдір» б/б

                                   Тәрбиеші

             Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы,  ата-ана тәрбиесі болса, екінші – білім беру мекемесі.  Сондықтан да,  халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

           Мектепке дейінгі білім беруде ұлттық тәрбиені  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартының  бағдарламалары негізінде «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Әлеуметтік  орта» білім беру салалары арқылы жүргізіледі.Оқу бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың бойына ұлттық тәрбиенің тағылымдарын қалыптастыруда оның тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнімен игеріледі. Қазіргі  оқу- тәрбие  жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі-бала тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін,өнерін кеңінен қолдану . Ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойған тұста ой-пікірдің мөлдір бастауы саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірінші кезекте тұрады.          

         Ұлтымыздың мақтанышы болған ,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов ‘‘Ел боламын десең, бесігіңді түзе’’деген  екен.Өз халқының мәдениетін ,тарихын , өнерін сүйіп , одан нәр алып өскен бала өзіне ғана емес ,өзгегеде құрметпен қарайды. Сондықтан саналы ,салауатты ,халқымыздың барлық дәстүріне ,әлем мәдениетіне қанық,ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына одан кейін балабақша тәрбиешісіне жүктелетін міндет болып табылады.Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші –  тәрбиеші.

               Балабақша мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру балабақшадан бастау алады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздық пен күресу болса керек.Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттықсана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру.     

        Егемендіелдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

           Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға қалай ұлттық тәрбие бере аламыз деген мәселеге келер болсақ,біріншіден әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған  тәрбиешінің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Үлкенді сыйлау, өз ұлтының  тіл, дін, діл, салт-дәстүр, тарих негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін  бойына сіңіре білу[3].

          Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық.  

      Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен.Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

       Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру бала бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын        патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Ендеше еліміздің  ертеңі  балалардың болашағы үшін ұлттық тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден  жалықпайық. Өз ұлтмызға  патриотизмі жоғары ұрпақ тәрбиесін бойына қалыптастыру біздің яғни тәрбиешілердің міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                      

1.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, Санат, 2001.

2.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана, 2009.

3.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. – Алматы; ҚМОП баспасы, 2010.

 4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту  

   және тәрбиелеу стандарты.- Астана, 2010.