«Тоқтар Әубәкіров-тұңғыш қазақ ғарышкері»


Абишева Алима Имангалиевна

 учитель казахского языка и литературы ГУ «Карабалыкская СШ имени Абая Кунанбаева отдела образования акимата Карабалыкского района»

Мұғалімнің аты-жөні: Мектеп: Сынып:      11                                   Қатысқандар:                                 Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы Тоқтар Әубәкіров-тұңғыш қазақ ғарышкері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау; Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;
Сабақ мақсаты 1. Иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжау; 2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру; 3. Пікірталасқа қатысып, тақырып бойынша пікірлерін дәілелдеу;
Бағалау критерийі иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды;сұрақтарға жауап береді;пікірталаста өз пікірін дәлелдейді;
Тілдік мақсаттар Сөздік қор: ұшқыш, бос уақыт, батырлық, сынақ, ғарыш, рекордтар кітабы, әскери ұшқыш,арман Талқылауға арналған сұрақтар:“Ғарыш” деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Құндылықтарға баулу Сабақ мазмұны оқушыларды Отан тарихы мен батыр ағаларымызды үлгі тұтып, құрметке шақырады. Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер мен жұмыс формалары арқылы оқушылар бойына: еңбек пен шығармашылық;сын тұрғысынан ойлау;өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіреді
Пәнаралық байланыс Сабақ мазмұны тарих, елтану салаларымен байланысады
Алдыңғы білім Оқушылар 5,6, 7-сыныптан мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы – 5мин.     Ширату жаттығуы «Қара жәшік» әдісі «Ғ»әрпінен басталатын қандай сөз?12-сәуірде тойланатын күн?Алғаш рет итті қайда ұшырды?Скафандр киімін не үшін киеді? Қара жәшік пен таратпа қағаз
Сабақтың ортасы 30 мин             Топтастыру: оқушыларды аспан, күн, ғарыш таратпа қағаздарын таңдауына байланысты3 топқа бөлу. 1-топ.«Аспан» 2-топ. «Күн» 3-топ. «Ғарыш   Тыңдалымалды тапсырмасы ТЖ. «Бір сурет, бес сөйлем»» әдісі Тоқтар Әубәкіров туралы ақпарат беріңіз. Бағалау критерийі:иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды; Дескриптор: тұлға туралы 5 факті келтіреді;сабаққа тақырып ұсынады; ҚБ. Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі   Тыңдалым тапсырмасы С. Т.Әубәкіров туралы аудионы тыңда. Қажет сөздер: ұшқыш- лётчик бос уақыт – свободное время батырлық –героизм сынақ-испытание ғарыш-космос рекордтар кітабы-книга рекордов әскери ұшқыш-военный лётчик арман-мечта   Мәтін: Жас кезінен  қалай да ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының «Бірінші Мамыр» ауылында туған.Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді.Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды.Ол,ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып,парашюттен секіруге әуестенді.Осылай асыл арман аясында жүріп,ол орта мектепті бітірген соң,Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр шығыста жұмыс істеп жүріп 1-дәрежелі әскери ұшқыш атағын иеленді.Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол  аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды:түрлі маркадағы бірнеше әскері ұшақты сынақтан өткізді.Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді,ақыры ол өз арманына жетті.1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып,сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты.Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақты сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ержүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығына осылай дәлелдеді. Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады. Елбасының ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров –техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры(1995).  Тоқтар Әубәкіров-Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.   Тыңдалымнан кейін ЖЖ. «Блум түймедағы» әдісі Тыңдалым мәтіні бойынша 6 сұрақ құрастыр. 1.Тоқтар Әубәкіров-кім? 2.Мен мәтінді дұрыс түсіндім бе? 3.Жас кезінде неге әуестенді? 4.Не жақсы? Не жаман? 5.Сен ұшқыш болсаң не болар еді? 6. Ғарыш саласы қай жерде қолданылады?   Нәтиже арқылы саралау: А. Бұл оқушылардың сұрақтары көбінесе білу/түсіну деңгейінде болып келеді. В. Бұл оқушылар қолдану, ішінара талдау деңгейінде сұрақатар құрастырады. С. Бұл оқушылар барлық ойлау деңгейлеріне сұрақ құрсатыра алады.   Бағалау критерийі:сұрақтарға жауап береді; Дескриптор: сұрақтар құрастырады;сұрақтар мазмұнды ашады ҚБ. Өзара бағалау. Стикер арқылы түсініктеме. Стикермен бағалау: Қызыл – жұмыс толығымен орындалған, ескертулер жоқ; Сары – толықтыруды қажет етеді;   С.«Пікірлер сызығы» әдісі Ұсынылған көзқарас бойынша пікіріңді дәлелде. Оқушыларды көзқарастарына қарай екіге бөліп, пікрлестіру. 1-топ: Т.Әубәкіровты тұңғыш ғарышкер деп санайтындар. 2-топ: Т.Әубәкіровты тұңғыш ғарышкер деп санамайтындар   Сөйлеу құрылымы: «Попс формуласы»: Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …»   Бағалау критерийі:пікірталаста өз пікірін дәлелдейді; Дескриптор: формулаға сүйеніп сөйлейді;көзқарасын дәлелді жеткізеді; ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. Түзету Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар                               https://www.youtube.com/watch?v=xCRI5g6EKyg                                                                                                             Стикерлер
Сабақтың соңы 5 мин             Рефлексия «Шығу билеті» Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша жазбаша немесе ауызша ой салу. Түйінді ойларды бекіту. Сабақ барысында ұсынылған ақпарат бойынша бар білгенімен бөлісу. Cіз не білесіз?Сіз бүгін не үйрендіңіз?Сіз тағы не білгіңіз келеді?  
Қосымша ақпарат
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сыныптағы саралау жұмысы нәтиже арқылы саралау жолымен жүзеге асырылады. Айталық, «Блум түймедағы» әдісі арқылы сұрақ құрастыруда барынша қолдауіды қажет ететін оқушылардың оқушылардың сұрақтары көбінесе білу/түсіну деңгейінде болып келеді.Орташа қолдау қажет оқушылар ішінара талдау деңгейінде сұрақтар құрастырады. Қолдауды қажет етпейтін  оқушылар барлық ойлау деңгейлеріне сұрақ құрастыра алады. Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына  обьективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Сабақта ҚБ өзара бағалау түрі, бағдаршам, стикерлермен бағалау әдістері қолданылады. Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «Қара жәшік», «Пікірлер сызығы»,«Бір сурет, бес сөйлем», сияқты оқытудың әдістеріне негізделіп құрылады. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады