« Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау мүмкіндіктері»

Қоспаева Алия  Жандосовна

Ақмола  облысы Атбасар  ауданы Бастау №2 орта мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі

                                              «Білім алу – батылдық, оны толықтыру     даналық,                                             Ал шебер қолдана білу – өнер».           Моцей Танась [Слайд]                Қазіргі   таңда  республикамызда  12  жылдық  білім  беруге  көшуге  дайындық  жұмыстары   жан-  жақты  талқылануда.Мұндағы  біздің басты ұстанымымыз- тұлғаның  жеке  дамуына  негізделген, жан – жақты  зерттеліп,  сараланған  білім беру  үлгісінің  басым  бағыттарын айқындау, нәтижесінде  еліміздің  әлемдік   өркениетке  негізделген  білім саясатындағы  стратегиялық  мақсаттарын   жүзеге асыру.               Ертеңгі келер  күннің  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп, адамзат қоғамын   алға  апаратын  құдіретті  күш  тек білімге  ғана  тән.  Қай  елдің  болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы, оның  ұлттық білім  жүйесінің  деңгейіне, даму  бағытына  тікелей  байланысты.         Қазіргі кезде  қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық  саласында  түбірлі өзгерістердің  болуына   байланысты  білім  жүйесінде де,  оның  мазмұны  мен  оқыту  әдістемесінде  де  біршама  жаңалықтар  болып  жатыр.  Инновациялық    үрдісте  ғылымдар  мен  практик –  ұстаздар  арасында   кең  өріс  алуда.            ХХ ғасырдың  басында  Ж.Аймауытов  «Сабақ  беру үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын   өнер»-  деген.  Сондықтан   қазіргі  мектептің  басты  мақсаты  – баланың  табиғи  күштері  мен   мүмкіншіліктерінің  ашылуына  жағдай  жасау.  Ал  сол  мүмкіншіліктерді  ашу  барысында  жаңа  технологияны  тиімді  пайдалана  білу  керек.  Біз  нені  үйрете аламыз?  [Слайд] -өз бетімен  білім алуға; -өз бетімен  ойлауға; -жаңа  шешімдер  табуға; – ұжымда  өмір сүруге, шыдамды  болуға, өзгелердің көзқарас,  пікірлерін  тыңдай  білуге  үйрете алдамыз. [Слайд : Блум  таксономиясы «Танымдық  бағыттары»]               

        Ұстаздың   ең  басты  міндеті –   оқушыларға    кез- келген   білім   саласын   меңгертудің    тиімді   жеңіл   жолдарын   қарастырып,  шығармашылық    жұмыс   істеуге    дағдыландыру.Білімді  дайын   қалпында    қабылдамай, өздігімен   құрастырылған  білімнің     ұзақ   есте   сақталатындығы  бүгінгі  күні   дәлелденіп   отырғаны   белгілі.

             Жеке   тұлғаның    тек   қана   білімді   болуы   жеткіліксіз  болуы  қақ  нәрсе.Білім   беру  мен   алу  жүйесіндегі  басты   қағида- өз-өзіне   есеп  беру,  ой- әрекеттерін   саралай  білу, өзін-өзімен   өзгені  бағалай  білетін,  өз  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін жүзеге   асыратын,өз   өмірін,іс-әрекеттерін нақтылай  отырып  жоғары  жауапкершілігі  бар   жеке  тұлға     қалыптасуына     мүмкіндігінше      тиімді  жағдай  жасау.

[Слайд]

        Заман   ағымына  сәйкес    сабақ   өткізуді   жетілдіру     әдістері  мен  жолдары   жаңарып  өзгеруде. Мектеп     өмірінің   өзгеріске   ұшырауы   жағдайында   оның  ішінде  оқыту  үрдісінің   негіздері     оқушылардың   танымдық   әрекеттеріне  сәйкес   білімді  қажетсінуіне  қарай    әдістер  мен   құралдар   қарастырылуда.

         Мектептегі   оқыту   үрдісінің  жаңаша   дамуы  оқушының білімінің, дағдысының   көтеру  қажеттілігімен  ғана  емес,оқушының  танымдық  әрекетінің  көтерілуіне  байланысты.Оқушылардың  өз  бетінше   білім  алып,өз  білімін  бағалауға, өзіндік  әрекетке  бейімдеу  болып    саналады.

          Танымдық   әрекет  өзіндік  әрекеттің    бір    құрамы  ретінде  ерекшеленеді.Өзіндік   әрекетті жүзеге  асыруға  қажетті тәсіл – әдістерді таныстыру  және   оны   игеру  үшін   дербес  тапсырмаларды   орындату   қажет.Бұл  міндетті   мұғалім   жүзеге  асырады.Ол үшін    мұғалім   оқушыда  өзіндік    әрекеттердің  нақты   мақсаттарын  қалыптастыруы  қажет.Сондықтан  оқу  тәрбие  үрдісінде  саналы  түрде    ретімен     қолдануға  болатындай    мақсаттар    жүйесінің    негіздемесі   қажет    болады.

          Мұндай   мәселелерді    шешуде    мұғалім    өте   жоғары  дәрежелі  психологиялық – педагогикалық  құзырлы   дайындықпен  келуі  қажет.

Білім саласының алдына қойып отырған басты және негізгі сұрақ – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Осыған орай заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару қажет. «Оқушы – үнемі біліммен толтыра беретін ыдыс емес, «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» – деген  ұстанымды   ескеру   қажет. Тек білімді меңгеріп қана қоймай, оны терең түсініп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ендеше оқу мен оқытудағы әдістерді өзгертудің қажеттілігі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту туралы мәселелердің мемелекеттік деңгейде күн тәртібіне қойылуы – уақыт күттірмейтін заман талабы болды.

Оқушыларға   білім   беруде    әлемдік  білім  алу  деңгейіне жету үшін   заманауи   талапқа    сәйкес    білім  беру үрдісін   жақсартудың бір  жолы  бар. Сабаққа  ғылыми ізденіс   элементтерін    енгізу   мұғалімнің   оқыту үрдісіне жаңаша  көзқараспен   қарауына және  әрекеттерді оқушылармен   күнделікті  іске   асыру     қажеттілігі туындайды.

Ендігі жерде өз тәжірибемізді толықтыра отырып мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдарын жүргізу деп ойлаймын. Cондықтан да өзіндік педагогикалық таңдаған тақырып бойынша зерттеу      жүргізуді; педагогикалық   және    оқыту  үрдісінің  тиімді   әдістерін игеру,  кәсіби  педагогикалық   құзіреттілік    деңгейін    арттыру, оқушылардың    функционалдық    сауаттылығын дамыту, оқыту   методикасымен   мазмұнына    тың   идеялар    енгізу, білім    берудегі   Кембридж  тәсілінің яғни,  деңгейлік теориялық   негіздерімен   таныстыру,  оқушының  жеке тұлғалық    келешегіне   негізделген    оқушы   мұғалім арасындағы  қарым –қатынастың  озық    үлгілерін  таратуды       мақсат     етіп    алдым.

Бұл  бағларламаның  оқыту    жүйесінің   негізгі  жеті   бағыты    бойынша  балаларды   жаңа  әдіс  тәсілдерді қолдану  негізінде    дамыта  оқытуға   үлкен   мән   берілуде.

Бұндай үлкен жауапкершілікті оқушы мұғалімнің сабақ беру барысында жасайтын ортадағы   іс-әрекеттерінен  қабылдайды. Жеке  тұлғаның     жан –жақты   дамуы  үшін  әрдайым  мұғалім  ретінде  өз  шеберлігімді     шыңдап  дамытып   отыру   қажеттілігін   ұғындым.

Қазіргі  заманауи оқыту жүйесінде сыни тұрғыдан ойлау мұғалімге арналған нұсқаулықта «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады.

[Слайд:  «Әдіс-тәсілдері»]

Өз   тәжірибиемде   ойлау   дағдысын   қолдану   себебім    осы   уақытқа  дейін   балаларға    тек   дайын   күйінде   білім   беріп   ойлануына    жағдай   жасамағандықтан.  Ол ойлау дағдыларын қалыптастыру тек оқушы үшін ғана емес, демократиялық қоғамдық құрылыс үшін де тиімді жолын бағыттау екенін сендірді.  

Сыни ойлау оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік пікірін қалыптастыру деп  ойлаймын.

Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету.

Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету болып   табылады.

 Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру.Білім беру  мен  білім  алудағы  жаңаша  тәсілдермен  білім   беру  бүгінгі  күн   талабына    сәйкес    бәсекеге  қабілетті  жеке   тұлғаларды   қалыптастыру  болып  табылады. 

Сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологияларын пайдалану үнемі табысқа жетелейтіні анық.

[Слайд:  нәтиже]

 Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры  кеңейіп арта түседі. Ең бастысы – біз осы мақсатты оқушының қажеттілігі мен қабілетіне сәйкестендіріп шеше алдық па? Сабақта оқушылар   арасында   ынтымақтастық   атмосферасы  орнайды.

 Оқушылар  бірін – бірі  тыңдауға, өзіндік    пікірін    ашық  айтып,  өз-өздерін   бағалай  білуге  дағдыланады. Топтық   жұмыста  оқушылар  бір-бірімен  сыйластықта  болып  жауапкершіліктері   артады. Балалардың бір –бірін күту шыдамдылығы, сөйлеу  дағдылары  қалыптасады.Топта   барлық   мүшелерінің   бір-бірін  тыңдауы және   мұғалім мен  оқушының  топ  ішінде  сөйлеу    еркіндігі  бірдей  дәрежеде  болды

Терең  түсінік  пен  ойлаудың  дамуы  арқылы   оқушының  сөйлеу  дағдылары    дамыды.Жұмыс  жасау  кезінде   топ  мүшелерінің  қабілетіне, олардың  бір-біріне  дұрыс    көзқараспен  қарап,  ойларын  құрметтеуге  машықтанды. Бір-біріне   көмектесіп,  ойларын  ортаға   салып,  өздерінің   пікірін   көтермелейді.

Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс  қалыптасады.  Сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне өздеріне  беріп, үлкен жауапкершілікті cезінтеді.Бір   сынып   ішіндегі  әр   жылдардағы   оқушылардың   бірыңғай  оқытылуы  жас  ерекшеліктеріне  сай   оқыту    деп  түсіндім.

Бір сыныпта оқығасын  олардың жас ерекшеліктері бойынша айырмашылығы байқалмайтын сияқты. Меніңше, бастауышта жас ерекшелігі айқын көрініп тұрады, яғни  алты жастағы бала мен алты жарым  жастағы баланың қабылдауы мен дамуында айырмашылық болады деп ойлаймын.

       Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сөйлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада жүзеге асатыны белгілі. Білім   беруде  ақпараттық – коммуникациялық   технологияларды  пайдаланудың   мүмкіншілігі  зор. Оқушының  өз  бетімен  жұмысы аз  уақытта  көп  білім алып  уақытты   үнемдеуі   жүзеге   асады.

Оқушының   ой-өрісін   дүние  танымын   кеңейтуге  де   ықпалы  зор  деп   есептеймін. Мұғалімнің   мақсаты   әрбір  оқушының    дарындылығын   табиғи    саласын   анықтап,  оның  өсіп  жетілуіне   қолайлы   жағдай    жасау.

Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор.

Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек деп есептеймін.

Әр адам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек. Қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе деймін. Курстың да мақсаты да осы емес пе? Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмыту керек.

      Кембридж тәсілдің оқушыларға да, маған да  болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Білім беру үдерісінде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім беруді  негіздеу арқылы  өзім жақсы әсерде қалдым.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот  азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», –  деп атап айтты.Ендеше жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне біз, ұстаздар, тікелей жауаптымыз.

         Сондықтан да, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс.

[Слайд:  қорытынды]