«Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс»


Жүніс Аяжан Ризақызы

ученица 6 класса Коммунальное государственное учреждение «Гуманитарно-технический лицей – школа» г.Кокшетау

Еліміз тәуелсіздік алғанына жиырма сегіз жыл болды. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанымыздың қанаты қатайып, шекарасын бекітіп, елордамыз жылдан-жылға көркейіп келе жатқан мемлекет болдық.

Осы күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны шындық. Елдің бірлігі мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де өмірлерін болашақ ұрпақ үшін қиған. Аға – апаларымыздың рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Еліміздің табиғаты бай,  мәдениетке, салт-дәстүрге берік, сан түрлі ұлттардан құралған халқы бар, ерекше екенін ұмытпаған жөн. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің жаңа буынның бағыты болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отан сүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.