Талантты Қазақстан 2019


Нурдаулет Манаргүл, Қалымтай Аружан Жасұланқыз, Рахат Дильяра Аяпбергенова Гүлнұр Заманбековна, Олжабаева Ақерке Табиғатқызы, Раимбекова Лаура Сағдатқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенттері

Жетекші: Секенова Балкүміс Байжанқызы

                                      Менің Қазақстаным 

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Олжабаева Ақерке

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

Қазақстан! Құлаққа қандай жағымды естілетін сөз! Тұла бойыңды шымырлатқан сезім, жүрегіңді жарып кетердей ыстық сезім! Еліңе, туған жеріңе деген патриоттық сезім! Иә, расында да, әркімнің туған, кіндік қаны тамған жері ыстық болады. Сенің балғын балалық шағыңа да, желкілдеген бойжеткен кезіңе де куә болатын – осы туып өскен жерің. Менің Отаным – менің Қазақстаным. Кішкентай, жұдырықтай жүрегімде әрқашан Отаныма деген махаббатым тұрады.

Осындай ұлан-ғайыр, қойнауы қазынаға толы жерімізге кімдер көз тікпеді десеңші?!  Қазақ жерін жаулап алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Бірақ біздің ата-бабаларымыз жерімізді аман сақтап, бізге аманат етіп тапсырды. Бірінші – Алла, екінші – сол бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, бақытты ғұмыр кешудеміз. Қазақстанымды яғни, аманатымызды көркейтіп, келесі ұрпаққа табыстау – үлкен міндеттеріміздің бірі.

   Отан – ол шалқыған шалқар шаттық, көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын да іргелі шаңырағымыз да – осы. Бар әлемді аузына қаратқан ғимараттар да, бейбітшілігіміздің де, махаббатымыздың да қасиетті ұясы – Қазақстан. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан аймағы кең, қойнауы отқа да түскен, суға да батқан, Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп асыл сөз қалдырған.Осындай елін сүйген және одан жігер алған жұрттың қорғаны болған азаматтардың алар асуы, жетер белестері алда деген ойдамын.

 Қазақстанның тәуелсіздік алып, өз алдына егеменді ел болғанына 29 жыл болуына санаулы күндер ғана қалды. Осы жиырма тоғыз жылда еліміз қуанышты да, қайғыны да бастан кешіре білді. Қазіргі уақытта дамушы елдердің қатарында тұрмыз! Елімізде жаңа технологиялар, сәулет өнері де тез арада даму үстінде.

Менің ойымша, Қазақстан ең дамыған елдердің алды болып, әлемді таңқалдырады. Отанымның бір бөлшегі болғандықтан, оны көркейтуге мен де үлесімді қосқым келеді! Барлығымыздың жүрегіміз Отанға деген патриоттық сезімге толы болса екен деймін!

Сол мақсатқа жету үшін қазіргі кезде оқып жатқан оқуымды ойдағыдай аяқтауға тырысып келемін. Менің оқып жатқан мамандығым – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Тәрбиеші болу- жүректің батырлығы, сананың ақылдығы деп айтсам, артық айтпаған болармын. Еліміздің болашағы – жас ұрпақ екені бізге мәлім. Ал сол жас ұрпақты патриот азамат етіп баулу тікелей мен таңдаған мамандыққа байланысты болар деп ойлаймын. Алла қаласа осы мамандығымды өз отбасымда, өз балаларымды тәрбиелеуге, бұйырса, өзгенің де балаларын ақылды, иманды, ел үмітін ақтар азамат етіп тәрбиелеуге үлесімді қоссам деймін!

                                           Тәрбие- тал бесіктен басталады

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Қалымтай Аружан

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

 Тәрбие – негізінен, бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі жасөспірім тәрбиесі, және де жастар тәрбиесі деп кеңінен бөлінеді.Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылатын мағынасы зор түсінік. Қай ғасырда мейлі қай елде болмасын тәрбие болашақ бастауы деп білеміз. Біздің қазақ халқымыз тәрбиеге өте қатты мән берген және де қазақ деген сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық. Қыздың тәрбиесіне «болашақ ана», «ұлт болашағы», «ұрпақ тәрбиешісі» деп қатты қараған.Тәрбиені әрбір бала ең алдымен отбасынан алады, кейіннен бала-бақша, мектеп және де қоршаған ортасынан алады десек артық айтпағанымыз.

Бала тәрбиесінің алтын бесігінің бірі – отбасы ошақ қасы. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие бере білу. Сол себепті де ата-ана балаға көп көңіл бөлуі тиіс, бос уақытын өз баласына бөліп, білгенін үйретіп, ақылын берген жөн деп санаймын. Қазақ халқының тарихы негізінен дәстүрге өте бай, қазақ халқы еңбек сүйгіш, үлкенді құрметтей білетін, ізгі халық. Қазақтың қыз келіншектері мейлі ер азаматтары болсын олардың бойында әсемдік пен әдептілік үйлесімділік тапқан. Өмір шындығына жүгінетін болсақ тәрбие бастауы, тәрбиенің қайнар көзі – ананың ақ сүтінен дариды, ал ана сүті ол киелі әрі таза қай жағынан алып қарасақта. Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген бұл жерде осы асыл сөздің түпкі мақсаты адам өзіне керекті тәрбиені, қандайда бір қасиеттерді өзінің қоршаған ортасынан алады деген. Негізінен ұрпақ, ұлт тәрбиелеу деген оңай әрі жеңіл іс емес. Ата-ана өз баласын қалай тәрбиелеседе мейлі бірақ, тәрбиеші болып бала тәрбиелеу ол оңай емес, біреудің ерке момақан баласын, қой аузынан шөп алмас баласын тәрбиелеу бұл бір ғанибет іс деп білемін. Тәрбиеші баланың тәрбиесі ол  сол баланың тағдыры екенін біле тұра, сондай жауапкершілікті  өз мойнына алудан қиынсынбайды. Себебі – балалар біздің болашағымыз, арқа сүйерлеріміз екенін біледі. Көп ата-ана бала тәрбиелеуді, балаға айғайлау, ұрысу, балағат сөйлеу деп ұғып баласын өте тұйық қылып тастағандарын білмей қалып жатады. Балаға жақсы сөйлеп те жанын семіртуге болады, көзін ашуға болады. Баланы қатал тәрбиелеп уақытша тыңдата аласың, бірақ ата-ана уысынан шыққан соң бала түбегейлі өзгереді өз қалағанын жасайды, ата анаға суып кетеді. Қазіргі 21-ғасырда бала тәрбиесіне көңіл бөлу қиынға соғып тұрған заман, баланың қалауы заман талабына сай өзгергеннен, үлкен жауапкершілік пен білімді талап еткеннен. Қазақ үшін отбасынан артық, киелі еш нәрсе жоқ, себебі отбасы – ол сыйластық, жарастық орнаған орта, әрқашанда арқау болар орта.Өмір есігін енді ашып жатқан нәрестеге ана махаббаты мен көңілі, назары ауадай қажет болады. Қазақта тәрбиеге қатысты көптеген мән мағынасы сай келетін мақал-мәтел, нақыл сөздер көп солардың бірі: «Қар қылаумен өседі, бала сылаумен өседі», «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын» міне, ата-анаға онай жол бала тәрбиесінде ең алдымен «тұңғышыңды дұрыс үйретсең соңғылары өзі үйренеді деген» сөз және бар.

Тәрбие жайында көптеген ғалымдар өз ойларын қалдырып кеткен мысал келтірсек «Тәрбие басы тіл. М.Қашқари.» «Әдеп – басы тіл. А.Иүгінеки» «Сыпайылық – даналықтың белгісі. Мұхамбат Пайғамбар» осындай ой пікірлер бар. Келер ұрпаққа тәрбиелі, әдепті, ибалы, үлгілі ұрпақ болып қалсақ деймін. Бізге ата-аналарымыз берген асыл тәрбиені біз болашақта өз ұрпағымызға дарыта білеміз деген ойдамын.Тәрбие деген – асыл сөз, терең мағына.

Мен таңдаған мамандықтың құзіретілігі

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Аяпбергенова Гүлнұр

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

        Мамандық таңдау өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау. Әрине мамандық таңдау өте қиын. Ең бастысы өзің таңдаған мамандығың біріншіден жүрегіңе  жақын  болу керек деген ойдамын. Мамандық таңдау деген – өзің болашақта айналысқың келетін жұмысты таңдау, сонымен қатар өзің араласқың келетін ортаны таңдау және сол таңдаған қызметіңнен ләззәт алу деген сөз және үлкен сезім.

        Жалпы менің мамандығым жауапкершілігі мол және де белгілі қойылған талаптарға сәйкес, еңбек қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қоса біз, яғни тәрбиеші баланың тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оның ең алғашқы білімнің іргетасын қалаймыз. Менің ойымша, мамандық таңдау дегеніміз – тағдырды таңдау деген ұғыммен пара пар. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам алдымен  өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Кейде менде «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтар туындайды. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Шынымды айтсам, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын терең ойға батып, жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Өйткені менің мамандығым сүйіспеншілік пен махаббатқа толы.

          Қорытындылай келе, ең қиын мамандық ол адам болып қалу. Сондықтан да адамға тән құндылықтарды сақтап, жұмысымызды адал атқарып, өмірге деген сүйіспеншілігімізді көрсете білейік.

                                              Менің туған өлкем – Қазақстан

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Раимбекова Лаура

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

       Мен Қазақстан азаматшасымын. Қазақстанда тұрғаныма және туылып – өскеніме қатты қуанамын. Ешқандай елге бағынбай, тәуелсіз ел екеніне қатты қуанамын. Бұл елді сақтап қалу ата – бабаларымыздың арманы еді, сол армандары орындалды, бірақ қазіргі таңда қауіп те бар. Бірақ ел басы мен халық жұмыла отырып, бұл қауіптен де жақсы өтеміз деп  үміттемін. Қазақстан жай ел емес, ол көп ұлтты мемлекетті ел болып табылады. Көп- теген ұлттар осы Қазақстанда бейбітшілікте өмір сүруде. Бұл дегеніміз біздің ел өзі ғана бейбітшілік алмай, басқа ұлттармен де қарым – қатынас жасап, қонақжайлығымызды көресете білген ел.

      Қазіргі кезде біздің Қазақстан жаңадан өсіп келе жатқан жас мемлекеттердің бірі. Бізде бәрі бар(су, электр, жер асты ресурстары т.б). Оларды кеңейту және басқа елдерге біздің байлықтарды көрсету біздің яғни жастардың колынан 100 пайыз келеді. Ол үшін де Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев жастар жылы атты форумын өткізіп те үлгерді. Тіпті мектеп балаларына да мүмкіндіктерді көп бөлді. «Айтыңыздаршы, осындай көп мүкіндік беретін мемлекеттер бар ма?» Яғни,  Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. Мүмкіндіктерді жақсы жаққа қолдана білу, тек біздің қолда деп ойлаймын. Сондықтан, біз үшін Қазақстан мүмкіндіктерге толы – мәңгілік ел.

Еліміздің болашағы – жастардың қолында!

« 2019 жыл – жастар жылы», – деп жәй аталған жоқ. Олай болса, барлық жастарды кіндік қанымыз тамған еліміздің нағыз патриоты болуға шақырамын.

                        Ел ертеңі- болашақ жастардың қолында

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Нұрдәулет Манаргүл

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

Адамның  жаныннан  сырлы адамның жаныннан жұмбақ не бар екен?  Үстіртін  қарасаң, ештеңе аңғарыла бермейді. Ал үңіле кетсең теңіздей терең бір жұмбақ. Тұңғиығына сүңги  түссең қызығына кенеле бересің, кейде асыл шылауыл тарғыл  тасына кезігесің, кейде ойламаған жерден керемет қазына табасың. Адам неткен кереметсің! Қазіргі  ойлаған ой арманың ол сенің болашағың. Бүгінгі ұрпақ болашақ біздің ғасырымыз десекте  болады, ал болашақ ғасырымыз мына біздердің қолымызда. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған  заман ағымы, кезеңі тынысы болады. 21 ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни, біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата бабаларымыз болашақ  ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың  қолында  деп, өлеңдетіп жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдеріннен көруге болады. Халық, ел   жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә  тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берді, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Кейде маған тура біз бір қоғамның  азғындауы жолында тұрған сияқтымыз.

Ойланып көрейкші, бізді қазіргі уақытта не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында 21 ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендеуі үшін білімді жастар керек, жақсы оқып жан – жақты білім  мен  ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың  қолында  деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейнгі ұрпаққа  жеткізу – біздің борышымыз деп білемін.  Пайғамбарымыз (c.а.с)хадистерінің бірінде: зұлымдықпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым деген ұлағатты сөзі бар.Ел боламын десең, бесігіңді түзе, – дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында, – деп үміт артып отырған еліміз үшін аянбайық, сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық, достар!

                                       Талантты Қазақстан

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-32 тобының студенті  Рахат Дильяра

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы

   Қазақстан! Бұл есім әркім естігенде бірлігі жарасқан, құты молайған ел ретінде ауызға алынады.

Ия бұл рас. Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда тәуелсіздігін кеш алса да жоғары қарқынмен дамып келе жатқан алпауыт мемлекеттер қатарында. Қазақстан дейтін керемет мекенді  одан әрі  көркейтіп, гүлдендіріп, оған азғантай болса да пайдасын тигізу, осы мемлекеттің әрбір азаматының міндеті әрі борышы. Әрбір адам баласы өз елінің ұлт жанашыры болуы тиіс. Қазіргі таңда келешек ұрпаққа  өз елін жерін сүйуге үйрететін көптеген іс-шаралар өткізуде және де өз елінің өркендеуіне үлес қосуға жол сілтейді.

Осындай ізгі шаралардың бірі – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 5-қазандағы Жолдауында – 2019жыл жастар жылы деп жариялаған болатын. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіруді барынша ілгері тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамының бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

     Қазақстанның гүлденіп, басқа елдермен терезесі тең болу үшін әрине жастардың орны ерекше. Бұл ретте білім саласының атқаратын рөлі өте маңызды. Біз, жастар Отанымыздың игілігі үшін күш біріктіруге тиіспіз. Сөзбен емес іспен дәлелдеу қажет. Білім беруде, оқытуда неге баса назар аудару қажет деген сұраққа жауап беруге болады. Оқытуда әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның ойымен, пікірімен  санасу керек. Мұғалім тарапынан қолдау көрсету – бұл басты міндет. Осы ретте,  айта кететін  бір     жайт  – инклюзивті оқытудың жаңа әдістемелерін қолданып, тәжірбиелі  түрде  жүзеге асыру оң нәтижесін береді. Яғни, инклюзивті оқыту-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

    Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту – адамдармен  қарым-қатынасына қажеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

    Егер оқытудың осы әдіс-тәсілін қолдансақ, қазақ елі білім саласында тағы бір биікке көтерілері анық. Гүлденген талантты Қазақстанның сапалы білім алған, саналы ұрпақтары болып өсейік! Сол үшін ерінбей еңбек етейік!