Тәуелсіздік күніне арналған сабақтың тақырыбы “Менің Отаным – Қазақстан”


Дюсебаева Самал Кузтаевна,

№3 «Иван-Царевич» балабақшасының

қазақ тілі мұғалімі,

Акмола облысы, Степногорск қаласы


Сабақтың мақсаты: ел болашағы болып табылатын келер ұрпақ, жас өскін балаларға өз елі, отаны, рәміздері, тарихы туралы түсінік бере отырып, оларды өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой- өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

Құрал- жабдықтары:  мультемедие, презентация, суреттер.

Әдіс –тәсілдер: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, көрсету.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім:  Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады ?

Балалар:  Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Мұғалім:  Балалар, біздің  « Мен қазақпын»  деп еркін айтуға қол жеткізген, Тәуелсіздігімізді алғанымызға қанша жыл болды?

Балалар:  19 жыл болды.

Мұғалім:  Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді.

Мұғалім: « Тәуелсіздік » деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар:   Өзіміздің еліміз, жеріміз теңдігіміз бар.

Мұғалім:  Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:  Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Мұғалім:  Осындай үлкен елімізді, жерімізді  басқарып отырған кім? ( слайдтан көрсету)

Балалар:  Қазақстан Республикасының Елбасы –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім:  Қазақстан Республикасының елбасы  қай қалада отырады?

 Балалар:  Астана қаласында  ( слайдтан көрсету)

Мұғалім:  Астана – қандай қала?

Балалар: Астана –  бас қала, әдемі, үлкен қала.

Мұғалім:  Тәуелсіз Республика екенімізді дәлелдейтін рәміздеріміз бар. Қ. Р. Рәміздерін атаңдар. (слайдтан көрсету)

Балалар:   Қ. Р. Туы,  Қ. Р Елтаңбасы ,   Қ. Р  Әнұраны.

Мұғалім:   Рәміздерімізді сипаттайық.  Қ. Р. Туын қалай сипаттайсыңдар?

Бала:        Қазақстан Мемлекетінің  Туы  көк түсті. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Күн – байлық пен берекенің белгісі.

Туымызға көгілдір

Бір қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз , көктейміз.

Мүғалім:Ал, енді елтаңбамыз туралы не айтасыңдар?

Бала:  Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат- адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен ортақ үй дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.

Шаңырақтың шаттығы

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елімнің

Елдің тыныш тірегі.

Қазақстан Республикасының  Әнұранын тыңдау.

Мұғалім:  Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны туралы не айтасыңдар? (слайдтан көрсету)

Бала:   Әнұран- салтанатты ән.  Мемлекеттік Әнұран – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбаның сазды баламасы.

Елдің елдігі, Ердің ерлігі – Әнұран.

Ән асылы, Ұранымыздың басымы- Әнұран!

Сергіту сәті :

Туған өлке – кең далам,

Мәңгілік бақыт орнаған.

Сайраңдаймыз саяңда,

Ерікті ұлан- біз балаң.

Мұғалім: Шалқы қазақ,шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ, бабаларың-  демекші міне, сонау заманнан халқымыздың бірлігін ұстап, қазақ халқының хандары, билері, батырлары, өздерінің жерін, елін сүйіп, оның тәуелсіздігі туралы армандаған.  Солардың қатарына қазақтың қасиетті үш бабасын да кіргізуге болады. Балалар экранға назар аударыңдар. Олар кімдер,  үш бабамыз туралы не айтып бере аласыңдар? ( слайдтан үш бабаның суреті көрсетіледі)

Балалар:   Ойдың қозғап жасынан,

Қайта туған ғасырым,

Төле би мен Қазыбек.

Әйтеке би – асылым.

Мұғалім: Қазақтың үш бабасы туралы не айтасыңдар? ( слайдтан көрсету)

Бала: Төле би- ақылды, әділ адам болған.

Қаз дауысты Қазбек – тапқыр, батыл, шешен атанған.

          Әйтек би–  шешен, ел басқарған.

Ал, енді балалар қазағымның қасиетті үш бабасы тәуелсіздік мерекесіне бізге қонаққа келіпті.

( үш баба ортаға келеді)

Балалар: Қош келдіңіздер, қасиетті аталар.

Мұғалім: Құрметті аталар ! Адалдықты жасырмаған елміз, Атаның өсиетін – балаға қалдырған халықпыз. Мына бүлдіршіндерге қандай ақыл, кеңестеріңіз бар?!

Төле би: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Қазбек би:   Өркенің өссін десең- кекшіл болма,

Кесапатың тиер еліңе,

Елім өссін десең ез болма,

Өскеніңді өшіресің.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Аталар, өсиеттеріңізге көптен- көп рахмет. Ал енді біздің балалардың сіздерге қоятын сұрақтары бар екен.

Балалар сұрақтар қояды:

–          Ата, алты алаш деген кім?

–          Алты алаш, Алаша ханның балалары: қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түркімен.

–          Үш жүз деген кім?

–          Үш жүз қазақтың ағайынды үш баласы.

–          Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?

–          Сағынысып, көрісумен тарқайды.

–          Рахмет, аталар.

–          Құрметті аталар, мерекемізде қалып біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Қазақстан республикасы достығы жарасқан көп ұлтты мемлекет. Балалар біздің елімізде қандай ұлттар тұрады?    ( слайдан көрсету)

Балалар: Неміс, орыс, татар, украин, өзбек, беларус т.б ұлттар тұрады.

Мұғалім: Достығымыз, татулығымызды  білдіретін, дәлелдейтін қандай өлең білесіңдер?

Бала: Егеменді елімнің                Біз тілейміз бар бөбек

Президенті бастаған                     Бақытты өмір сүргенін

Отанымда барлық ұлт                   Туған елге еркелеп

Татулықты қостаған                      Қуанғанын, күлгенін!

Ән  «Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім: Құрметті аталар! Ұрпақтарыңыздың тату – тәтті өмірлеріне ризасыздар ма?

Төле би: Әрине, ризамыз. Тәуелсіз елдің болашағы сендерсіңдер!

Қазбек би: Өркендерің өссін, балалар!

Әйтеке би: Мерекелеріңіз құтты болсын! Біз сіздерге сыйлық әкелдік.

Мұғалім: Осымен « Менің Отаным- Қазақстан» атты сабағымыз аяқталды.  Отанымыз Қазақстан жайлы өте көп біледі екенсіңдер. Сау болыңдар.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *