Ашық тәрбие сағатының жоспары «Тәуелсіз елім- тірегім»


Ақмола  облысының Бурабай ауданының

Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 

қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

Тулегенова  Бибигуль Мухановна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы, 20 жыл ішінде жеткен үлкен табыстарымен таныстыру, білімдерін молайта түсіру.

Дамытушылық мақсаты: Отанын, жерін, тілін сүюге, болашақтан Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін  қосатындығын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсат:  Тіл байлығы  мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Еліміздің рәміздері, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың фота суреті, қанатты сөздер, слайд;

Сабақтың түрі: Іскерлік  сайыс

Сабақта қолданатын әдіс – тәсіл: Әңгімелеусұрақ – жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

  1.             I.      Ұйымдастыру кезеңі:

–         Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың аты «Тәуелсіз елім-  тірегім».

  1.          II.      Жаңа сабаққа кіріспе:

–         Оқушылар, тәуелсіздік деген не екенің кім айтады? (тәуелсіздік дегеніміз- бұл бір мемлекеттің бостандығы, еш бір елге бағынбауы, жеке мемлекет құруы).

–         Нешінші жылы біз тәуелсіздігімізді алдық? (1991 жылы 25 қазан)

–         Сендердің осы тәуелсіз елге қосып жатқан үлестерін қандай? (Оқушы өз ойын айтады).

     ІІІ. Жаңа тақырып:

–         Біз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің өзіміздің рәміздеріміз бар. Олар: Әнұран, ту және елтаңба.

Тәуелсіз елдің шуағы-

Әруақтардың шырағы.

Мәңгі өшпей жалындап,

Шапағын төгіп тұрады.

Әнұраным – біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Оның қалықтай көтерілген   әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан мемлекетінің әнұранын орындайық.

Әнін жазғандар: Шәмші Қалдайақов ал, сөзін жазған Н.А.Назарбаев

–         Енді оқушылар біздің ту жайлы кім айтып береді? (Оқушының өз ойы айтылады)

Ту – көгілдір түсті. Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны. ҚР – ның мемлекеттік туы 1996 жылы 24 қаңтардағы ҚР – ның Президентінің Констетуциялық Заң күші бар ҚР-ның Мемлекеттік нышандары туралы Жарлығымен белгіленген.  Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді, ортасында сәулесін шашқан күн тыныштық пен байлықтың белгісі.Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Жарасқан байрақтың мәні бар:

Көк аспан, күн, қыран – сәні бар.

Көк байрақ – ашық көк кеңіс,

Алтын күн – белгісі жемістің.

Көк байрақ туымыз халқымыздың қасиетті киелі белгісі.Туымыздың көк теңбілі – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді.  Ту ортасындағы алтын күн –халқымыздың азаттық күні. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге ұшып бара жатқан ақиық қыран құс ерлік белгісі.

–         Ал, енді елтаңба жайлы не біледі екенсіндер? (Оқушылардың өз ойлары айтылады)

Елтаңба – деген термин немістің “Erbe”-мұра деген сөзінен шыққан. Дәл осы ұғымымызды өз тіліміздегі таңба сөзі анық жеткізеді, яғни мұралық ерекшелік белгі. Көгілдір түсті бояудың үстінде салынған шаңырақ бейнесімен тұрады. Одан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Осы шаңырақ пен уық біздің Отанымыздың көптеген ұлттарға деген бірлігін көрсетеді. Қанатты тұлпар көшпенділердің бүкіл өмірі атпен байланысты екендігін білдіреді. Елтаңбанын авторы: Жаңдарбек Мәлібеков, Шота – Аман Уалиханов. Елтаңбанын суреті1992 жылы 4 маусымда белгіленді.

 

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар –

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал.

–          Міне біз елтаңба, ту және әнұран жайлы бізбілеміз. Әр адамның өзінің бір бақыты бар. Ол қандай бақыт. Бақыт сөзінің моделіне назар аударайық  балалар.

«Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тілімнен тілім дедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем,» -деп

Мұқағали Мақатаев  өзінің үш бақыты жайлы айтқан, ал сендердің оқушылар бақыттарын не соның моделін көрелік. Біздің сайыс   III кезеңнен тұрады.

I кезең «Жүзден  жүйрік»  викториналық  сұрақтар

Сіздердің білімдеріңізді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қоямын:

  1. Қазақстан ең бірінші астанасы қай қала? (Орынбор)
  2. Конституция күні нешесі? (31 тамыз)
  3. Тудың авторы кім?
  4. Елтаңбанын ше?
  5. Біздің әнұранның сөзін жазған кімдер? Сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және
  6. Отан туралы жер туралы қандай мақалдар білесіндер. (Бірнеше мақалдар айтылады)
  7. Елтаңба мен ту нешінші жылы қабылданды?

II кезең «Сөз көркі-  мақал» жалғасын  тап

  1. Ойнап  сөйлесең  де, ….    ….
  2. Жері  байдың  …     …
  3. Не ексең …  …..
  4. Отан  оттан   да  …. ….
  5. Отансыз   адам- ормансыз  …   …
  6. Оқу- инемен  құдық  …  ….
  7. Еңбек   етсең   ерінбей  …    …   …

III  кезең  «Ойнайық  та,  ойлайық» ойыны

Балалар   бір-біріне    деген  ыстық   лебіздерін   тілек   айту арқылы білдіреді.

Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылайық балалар. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалаң» – деп еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

Сабақ аяқталды балалар! Сау  болыңыздар!

Авторлық  шығарма

Тәуелсіздік  таңы

Түркілер  биік ұстап  тектілікті

Күресіп қорғап қалған  еркіндікті .

Әл- Фараби, Шоқан, Абайларым ,

Ғылым  мен өнердің нұрын  шашты.

Әр ғасырда тарих талай өзгерді ,

Қысымшылық, бұрмалауды көз көрді.

Қасіретін, ашаршылық соғыстың

Қазақ жері қарт анадай көтерді.

Ақындары ұлтын ойлап  қамықты,

Талайлары абақтыда тарықты.

Әділетсіздік қамытынан  арылып

Бүгін міне еліменен қауышты.

Шоқ боп жанып үміт гүлі бақтағы ,

Атты бүгін тәуелсіздік ақ  таңы.

Жұмыр  жердің жарқыраған  шолпаны,

Арқадағы Астанасы мақтаны.

Тәуелсіздік- елімнің  ар- намысы,

Жолбарыстай екпінмен  шабыс  алды.

Европа  төрінен орын  алып,

ЕЫҚҰ ұйымына басшы болды.

Қонақжай халқым бар көргенді

Барлық ұлт жақсылықты сезгенді

Қысқы Азияда өнеге , үлгі боп

Көк жалауым биікке  желбіреді.

Қазақ елі жасай бер  биігіңде ,

Тектілік орын алсың төрінде

Гүннен туған, күннен туған қазақтар

Рухы мықты ұлтқа айналсың еліңде.

 

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *