Ашық сабақ “Елін сүйген ел басы”


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының  

№2 “Жанар” балабақшасының

педагог-психологы

Ермекова Нағияш Реймбаевна

Мақсаты: Балалардың білімдерін сұрақ – жауап, ойын арқылы кеңейту.

Көркем сөз, ән, әңгімелер арқылы олардың бойында патриоттық сезім  қалыптастыруға, музыка тәрбиесі арқылы  Отанға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық белсенділігін арттыру.

 

Сабақ барысы:  

Балалар  ӘНҰРАН  әуенімен залға кіріп, екі топқа бөлініп тұрады.

Жүргізуші: Бибіт таңдар арайланып  атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елім- Ұлы Қазақстаным,

Ең бақытты балалар- Отаны.

Балалар кезекпе-кезек тақпақ айтуға кіріседі.

1.Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен

Отаным- Қазақстаным!

2.Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Апрдақты ата-мекенім,

Отаным- Қазақстаным!

3.Ән-ұраным- жан ұраным,

Салар әнім, айтар сөзім.

Бақыт, бірлік- ел үміті,

Тоқтамайды бақыт әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика  Ән- ұраны.

Балалар «Балабақшам-ай» әнін шырқайды.

Жүргізуші:    Қош келіпсіз мерекеге баршаңыз,

Балалардан сәлем алып келдік біз.

Мерекеміз құтты болсын бүгінгі,

Бақытты өмір халқыма біз тілейміз.

Бүгінгі мерекелік ойын сабағымызда, балалар,өздерінің білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете аласыңдар. Ол үшін, балалар, «Тұлпар» мен «Қыран» деп аталатын екі топқа бөлініп өзара жарысасыңдар.

Жүргізуші:     Бала деген бақытты Елімнен,

Құдіретті қолында әлем деген.

Бүгінгі жиналған қонақтарға,

Басталсын  байқауымыз сәлемменен.

«Тұлпар» тобының ұраны- «Хас жүректе мін болмас»

Жиналған бұл жарысқа көпшілік,

«Тұлпар» тобы иіліп сәлем бердік.

«Қыран» тобының  ұраны- «Қанатымен су сепкен»

Құрметтеп тапқырларды ой саналы,

«Қыран» тобы сәлемімен жар салады.

Жүргізуші: Көп азабыңды шеккен Ел,

Тозағыңнан өткен ел.

Батысыңда  қар жатса,

Шығысында көктем ел.

Ол шетімен, бұл шеті,

Көз жетпейтін байтақ

Барлығы:   Қазақстан Елі.

Үлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан жарқын Күніміздің сіздерге  арнағантапсырма сұрақтары бар екен.  Сол сұрақтарға берген жауаптарыңыз

Дұрыс болса, бүкіл әлемге сәулесін шашпақ. Ал ойынымызды бастайық, тапсырманы орындауға тырысайық.

Алтын табақтан тараған жарқын Күннің  сұрақтарына екі топ кезекпен жауап береді.

1.Қазақстанның елі қандай ел? /тәуелсіз, егемен ел/

2.Қазақстан Республикасының Елбасы кім? /Н.Ә. Назарбаев/

Шыққан тарап ой-данадан,

Бұрылды бізге тарих беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар  Президенті.

3. Қай күні, қай жылы тәуелсіздік жарияланды?/16 желтоқсан 1991 жылы/

Жайдарлы жерім бар,

Өрісті елім бар.

Ерлікке баулитын,

Егемен елім бар.

4. Республика күні қай күн? /25 қазан/

Сәулесі-күн, шатыры- аспан,

Кең дала төсі толған егін.

Көгілдір көкке күмістер шашқан,

Қазақстан Республикам менің.

5.Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіздер ме?

 

Жүргізуші: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Әнұран-салтанатты ән. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.

Мемлекеттік Әнұран- егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Елдің елдігі, Ердің  ерлігі -Әнұран.

Ән  асылы, Ұранымыздың басымы- Әнұран

Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырық, қос пырақ ат бар, жоғары жағында елдің аты жазылған.

Ат- адамның қанаты. Шаңырақ- үлкен ортақ үй дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.

Екі қанатты, қос сәйгүлік тыпыршып,

Қазағымның өр мінезін танытқан.

Ел таңба тұр, ортасында шаңырақ,

Көңіл қалай, шалқымасын шабыттан.

Ел таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Халқымыздың бірлігі.

 

Шаңырықтың шаттығы,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елімнің,

Елдің тыныш тірегі.

Барлығы қосылып «Елтаңбасы елімнің» әнің орындайды.

Қазақстан мемлекетінің Туы көк түсті.

Тудағы дала бүркіт еркіндіктің белгісі.

Күн- байлықпен берекенің белгісі.

Шуағынан  сәле шашқан күні бар.

Екпіндеген ақ қыранның үні бар.

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар.

Елдігіңді, ерлігіңді паш етер,

Ту ұстайтынжеикіншектің бірімін.

Татулық пен бірлікпенен ірімін,

Кең даламның қауыз жарған гүлімін.

 

Туымызға көгілдір,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.

«Қазақстан жалауы» ән орындалады.

 

6. Қазақстан Республикасының мемлекттік тілі?

Қазақ тілім- саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім- ана тілім ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірде.

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Ана-тілім біліп қой,

Еркіндігім теңдігім.

Ана тілім біліп қой,

Мақтанышым елдігім.

Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таңдантып,

Ана-тілін білмеуге беген қасірет.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілін жасау керек мәңгілік.

Барлығы. «Ана тілін сүйеміз» әнін орындайды.

7.Қазақстан Республикасының АСтанасы?

Ей, Астана, жас қалам,

Болашаққа бас қадам.

Қайта туып жаңғыпған,

Ей, бас қала, Астана.

8. Ата Заңымыз? /30 тамыз/

Болашаққа жол сілтейтінзаңымыз,

Содан біз бағыт аламыз.

Сол заңменен өсіп, ер жетіп,

Мектепке дайын болмыз.

Балалар тобы «Солдат болам мен ертең» әнін айтады.

9. Қазақстан Республикасының қазіргі ұлттық ақшасы?

Белгісі егемендік ұлттық теңге,

Нәр беріп тұр ол біздің туған жерге.

Құлдырамай теңгеміз көтерілсін,

Татитындай маңдайдан аққан терге.

10. Қазақстан Республикасының қандай облыс орталықтарын білесіңдер?

/қаланаң жазылған аттарын әр бала көтереді/

11.Біздің туған жеріміз?

Туған жерім оттай ыстық мекенім,

Ақжайығым гүл жайнаған өз елім.

Туған жерде өскен қандай бақытты,

Туған жерде сүрем өмір шаттығын.

 

Туған жерде өскен қандай бақытты,

Туған  жерде сүрем өмір  шаттықты

Сұлу көркің жүрегімді жырлатты

Маңғыстауым менің,бар асылдан қымбатты.

12.Біздің облысымыздың әкімі кім?

Нұр толсын қаламыздың қадамына,

Бүлдіршіндер жиналсын алаңына.

Гүлденсін бүгінгі салтанатың!

Ризамыз біз Әкім ағамызға.

«Қазақ» биі.

 

13.Қазқтың қасиетті үш бабасын атап бер?

Ойдың қозғап жасығын,

Қайта туған ғасырым.

Төле би мен Қазыбек.

Әйтеке би-асылым.

 

Елдік туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған.

Қалың қазақ  пір тұтқан,

Қасиетті үш бабам.

Төле би-ақылды , болған.

Қаз дауысты Қазыбек – тапқыр, батыл, шешен атанған.

Әйтеке би – шешендігіне қоса ел басқарған. /Үш баба ортаға кіреді/

 

Жүргізуші : Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз,

Атаның өсиетін – балаға,

Бабаның қасиетін – балаға,

Айтып тарата білген елміз.

 

Төле би : Жаңбыр жаумаса –жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

 

Қазыбек би : Өркенім өссін десең – кекшіл болма,

Кесапатың тиер еліңе,

Елім өссің десең ез болам,

Өскеніңді өшірсең.

 

Әйтеке би : Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

 

Балалар сұрақтар қояды :

–         Ата, алты алаш деген кім ?

–         Алты алаш, Алаша ханның балалары : қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен.

–         Үш жүз деген кім ?

–         Үш жүз  қазақтың ағайынды үш баласы.

–         Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды ?

–         Сағынысып, көрісумен тарқайды .

–         Рахмет, аталар./барлығы шығып кетеді/

14. Қазақстан Республикасында қандай өзге ұлттар бар ?

/балалар ұлттарды атайды/

Егеменді елімнің

Президенті бастаған

Отанымда барлық ұлт,

Татулықты қостаған.

 

Біз тілейміз бар бөбек,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін.

Ойын : «Достық»

15. Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл болады ? /18 жыл/

Гүлмен келсін келер күн,

Бала-бағы бар елдің,

Балалардың күлкісі, –

Көркі, сәні әлемнің !

Ар-намысы бір, үні бір,

Аға-ардақты, іні-гүл.

Бақыт туын көтерсін,

Тәуелсіздік күні бұл.

Алтын адам кіреді.

Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы 18 жыл міне,

Отаным жылдан жылға көркеюде.

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімде бейбіт,тыныш заман болсын.

 

Ән «Астана -менің Астанам» топ балалардың орындалуында.

 

Біз жасұлан-Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы ертеңі,

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені.

Балалар, 4 мамыр Қазақстан Республикасының рәміздер күні.

Бұл күнді біздер мәңгілік есте сақтап жүруіміз қажет.

 

Ән-«Отан» топ балалардың орындалуында.

 

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің жарқын болашақ жұлдыздары- Сіздер,сіздер!!!

Осымен,мерекеміз аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *