Сценарий «Анаға не сыйлаймыз?»


Сағит Кенжегүл Жақияқызы

№64 НОМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Жүргізуші: Сүйікті аналар, апалар. Бүгін біз көктемнің алғашқы күні, осы әсем топқа «8 – Наурыз» мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

Мереке құтты болсын о, аналар

Бәріңіз де бақытты болыңыздар

Өмірдің мәні болып, сәні болып,

Балаларынызбен әрқашан болыңыздар!

Бүгін мерекелік  ертеңгілігіміз сайыс түрінде өтеді, сондықтан алдымен «Шөжелер» командасын шақырайық.

(Тауық балапандарымен билеп кіріп, орындарына отырады)

Енді «Түлкілер» командасын шақырайық.

(Түлкі балаларымен билеп кіріп, орындарына отырады)

Жүргізуші: Бүгін мен сіздерді әдейі мерекелік сайысқа шақырдым.

Түлкі мен Тауық: Неге?

Жүргізуші: Себебі, мына әп-әдемі сап-сары балапандарды мынандай қу түлкілер әрдайым жеп қойғысы келіп жүреді. Сондықтан баланың анаға қандай қымбат екенін көрсету үшін осы сайысты ұйымдастырып отырмын. Келешекте тауықтар мен түлкілер дос болып кетеді деп үміттенемін.

Түлкі: Жоқ біз бұндай сары шикілермен дос бола алмаймыз.

Тауық: Ко-ко-ко, бұлармен біз дос болсақ, олар бізді бәрібір алдап жеп қояды.

Жүргізуші: Шуламандар, сайысып көріндер сосын нәтижесін көреміз. Ондай болса өздерінді таныстырып өтіндер.

Тауық: Ко-ко-ко

             Ко-ко-ко

            Біз түлкіден қорықпаймыз

            Күшімізді сынаймыз.  

Түлкі: Балапандар, мақтанбандар

           Бері қарай жақындандар.

           Бізден сендер қорықпасандар

           Қулықтарынды асырындар.

Жүргізуші: Өте тамаша. Алдымен бүгін қандай мереке екенін білесіндер ме?

Түлкі: Қандай мереке?

Тауық: Аналар мерекесі ғой.

Жүргізуші:Онда осы отырған аналарды құттықтаймыз ба?

Түлкі мен Тауық:Құттықтаймыз.

Бала:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.

Бала:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін, әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!

Бала:

Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызын.

Бала:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір – бірден

Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: 1-ші сайыс – «Бірігіп ән айту»

Өлең: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

Жүргізуші: 2-ші сайыс – «Би билеу»

Бала:

Балалар – ау, балалар

Шақырады далалар

Көктем келді, гүл алып

Құстар келді, жыр алып.

Би: «Балапандар биі»

Бала:

Көктем гүлі –

Даланың,

Десек сәні – ажары.

Бүлдіршіндер –

Ананың

Қуанышы – базары.

Би: «Түлкілер биі»

Жүргізуші:Ойын жақсы көресіндер ме?

Түлкі мен Тауық: Иә

Жүргізуші: 3-ші сайыс – «Ойын ойнау»

Ойын: «Кім жылдам?»

Жүргізуші:Сендердің әжелерін бар ма? Әжелеріне не дайындадындар?

Бала:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Бала:

Өскенде мен ал, енді,

 Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

 «Әлди бөпешім» әні.

Қыздардың орындауында  «Анаға сыйлық» биі

Бала:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннін де.

Бала:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Бала:

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.

Өлең: «Жан анам»

Жүргізуші:Ендігі кезекті аналарымызға берейік. Ортаға төрт ананы шақырамыз.

Ойын: «Бұл кім?»

Ойын шарты: Әр ана үстелдің үстінен бір жабық тұрған суретті алып, әуен ойнаған кезде  суреттегі  бейненің қимылын салып билеу керек. Жеңімпазды сыйлық күтіп тұр.

Бала:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»- дейтін.

Бала:

Апам мені «Айым» – дейді

Мен мұнайсам уайым жейді

Апам мені «Күнім» – дейді

Мен қуансам, күлімдейді.

Бала:

Мен бәріне адалмын,

Маған жақын бар адам.

Барлығынан солардың,

Жақынырақ жан анам.

Жүргізуші: Сенің баланды аңшы ұстап алса не істейсің?

Түлкі: Қайғырамын

Жүргізуші: Сенің балапандарынды түлкі жеп қойса  не істейсің?

Тауық: Балапандарсыз өмір сүре алмаймын.

Жүргізуші: Көрдің бе, түлкі? Әр бала өз анасына қымбат. Сондықтан тауықтарды ренжітуді қой. Мына өмірде бәріміз тату – тәтті өмір сүрейік.

Түлкі: Жарайды, кел тауық дос болайық.

Би: «Достар биі»

Жүргізуші: Ал енді аналарына сыйлықтарынды беріндер.

Сыйлықтар тарату.

Жүргізуші: Сонымен «Ана біздің – күніміз,  Ананың біз – гүліміз!»