«Достық деген осы»


Калидолдина Жаннұр Ерболовна

«Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі

Мақсаты:

а)  Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптатыру

ә)  Достық пен бірлікті нығайту

б)  Күш-қуат пен секіргіштікті  дамыту

в)  Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу

Жүргізуші: Құрметті балалар, ұстаздар, қонақтар! Біздің балаларымыздың  арасында ұлттық эстафеталық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай балаларға сәт сапар тілейміз!

Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін:

1.Сайысқа қатысушылар өздерін таныстыру

2. « Теңге алу»

3. «Биологиялық пән мен байланыс

4. «Оқжатарды шашып жинау

5.  « Мергендер»

6. « Арқан тарту»

Алғашқы сайысқа шақырымыз

1.Өздерін таныстыру.

2«Теңге алу қиын эстафетада» ойыны

Описание: http://img1.liveinternet.ru/images/attach/c/0/118/872/118872333_alu.jpg

Әр топтан ойыншы шығып жүгіріп келіп гимнастикалық матыдан  1- бір рет домалап түсіп, 2- ағаш атқа секіріп мініп теңгені іліп алады. Ағаш аттан секіріп түсіп әрі қарай жүгіріп келіп 3- секіртпемен  бес рет секіріп, 4- кеглиді айнала жүгіреді де орнына келеді. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Бірінші болып келген топ жеңімпаз болып саналады.

3. «Биология  және  біз» ойыны

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/0c/BauchOrgane_wn.png

Әр топтың  ойышылары  жүгіріп келіп суреттегі адамның тұлғасына жеке конвертте жатқан дене бөліктерін орналастыру .

4. «Оқжатарды шашып жинау»

Әр топтағы қатысушылар жүгіріп келіп алда жатқан оқжатарды шашадыда, жүгіріп келіп орнына тұрады.  Келесі ойыншы жүгіріп келіп сол шашылған оқжатарды жинайды. Қай топ бұрын жинап бітсе сол топ жеңімпаз болып саналады

5. «Мергендер» ойыны

Описание: https://fsd.multiurok.ru/html/2018/02/07/s_5a7b4db13cd86/825768_11.jpeg

Команданың бірінші ойыншысы жүгіріп келіп себеттегі  шариктердің біреуін алып, 5 метр жердегі себетке лақтырады да, жүгіріп орнына тұрады, келесі ойыншы ары қарай жалғастырады. Сөйтіп ақ жолақтан соңғы ойыншысы бірінші болып өткен және себетке көп доп түсірген топ жеңімпаз болып саналады.

6. «Арқан тарту» ойыны

Описание: https://cf2.ppt-online.org/files2/slide/l/lAVBKbJ5kiI1m7423aSTfWtNpDUQewjErgCZxh0YG/slide-24.jpg

Айналмалы жүйеде өтеді.

1-4;  2-3;  4-2;  3-1;  2-1;  3-4;